Текелі қаласы №5 ОМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Жанакулова Р.С.
Бағалау тек қана техникалық тәсіл емес мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Баланың дамуы, оқуы және ынтасы сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік, күш жігер деген құндылықтар жатады. Бағалау оқудың нәтижелерін жүйелі жиынтықтауға бағытталған термин. Бағалау мақсаты баға қою, немесе оқытудың алға жылжуын жиынтығы болып табылады, кейде оны оқуды бағалау деп те атайды. Бағалау өте жауапты маңызды мәселе. Оқушының алдағы сабаққа белсенділігі білім алуға құлшынысы мұғалімнің бағалауымен тікелей байланысты. Оқушы білімін бағалауда мұғалім үнемі сақ болуы керек. Оқушыларды жетістікке жетуге білімге деген құштарлық, ата анаға деген қолдау жетелейді. Оқу барысында оқушыларға өз бетімен жұмыс істеген ұнайды, бос отырған оқушылар болмайды. Оқушының еңбегін бағалау жөніндегі мұғалімнің пікірі маңызды болып табылады. Түптеп келгенде әзірлеген қандай да бір бағалаудың әдістеріне қарағанда мұғалімнің оқушылар жүмысын айтарлықтай мұқият бағалау қабілеттілігімен түсіндіріледі. Бұл бағалау сенімділігін, бағалаудың дұрыстылығын да қамтамасыз етеді. Оқытудың әр сатысындағы дайындық жүйесінің дейгейін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалімге оқушымен коррекция жұмысын жасауға мүмкіндік береді, оқушы өз жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Көптеген мұғалімдер бұрынғы тәжірибесі бойынша оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деп айтқан ойды қабылдау үшін біздің түсінігімізді едәуір өзгерту қажет болады. Бағалау латын тілінен «жақын отыру» дегенді білдіреді. Бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін, өзін не айтып, өзін өзі бақылау жайында ойын, түсінігін, тәртібін мұқият бақылау болып табылады. Сыныптағы оқушылардың өзара әігімесін тыңдап, тапсырманы орындай отырып оқушылардың қадағалау, олардың сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтай білуі қажет. Интерпритация қызығушылық ерекше дағдылар, көзқарастар оқыту түрлеріне қатысты жүргізеді. Көбінесе критерий деп атайды бұл оқу мақсаттарына, міндеттеріне жатқызады. Интерпретацияны логикалық қорытынды деп атайды. Мәліметтерді интерпретациялау қорытынды жасайды. Әрбір мұғалім бағалау әдістемесін білуге тиіс, тек емтихан өткізуді емес, емтихан неге және кім үшін өткізелетіндігін білуге тиіс.
Бағалаудың тізбесі:
1. Оқудағы қиындықтарды анықтау орта мектептерде сауаптылықты анықтауда тестілер өткізілуі мүмкін, өзіндік түзету , тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.
2. Кері байланыс:
Негізгі мақсаты оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму мысалы, білім,түсіну дағды туралы түсінік беру.
3. Уәж:
Кері байланыс уәж мұқият бақылау жүргізіледі.
4. Болжау және сұрыптау:
Оқушының білімін бағалау арқылы олардың мінез құлқы дамуын болжайды.
5. Стандарттарды бақылау және орындау, біліктілігі бар тұлғаларда стандарттарға сәйкес екендігіне кепілдіктер болуы қажет.
Бағалаудың міндетті түрде оқушыларды ынталандырады алға қарай жетелейді, өзін-өзі реттейді, өзін-өзі бақылауда, түсінуге мүмкіндік береді, ойлауға, түсінуге, тәртіпке үйретеді, пікір алмасуға, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа, өз деңгейін анықтауға алдыға мақсат қоюға, мұғалімнің бағасы лайық болу керек, оқытуға деген қарым қатынасты критерийге сәйкес жиынтық бағасын қоямыз. Бағалау білім өлшеуі.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі