Өлең, жыр, ақындар

Көңілді информатиктер

Сабақтың тақырыбы:  Көңілді информатиктер сайысы.

Сабақтың мақсаты:

1. Информатика  пәніне деген қызығушылықты арттыру.

2 Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, шығармашылық  қабілетін дамыту.

 3. Оқушыларды алғырлыққа, табандылыққа, ауызбіршілікке  тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Әдісі: топ бойынша жұмыс.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру

Оқушыларды топтар (сыныптары) бойынша отырғызу.

    Бүгін 5 және 6 сынып оқушылары арасында информатика пәнінен «Көңілді информатиктер» атты сайыс болып өтеді.Бұл сайыста оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылау, бағалау.

Әділ қазылар сайлап алу.

Сайыс 7 бөлімнен тұрады:

1-бөлім.Сәлемдесу (таныстыру, эмблема, команда аты)

2-бөлім..Көңілді тапқыштар ( 3 әзілден құру)

3-бөлім.. Бәйге

4-бөлім.. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

5-бөлім.. «Кім епті, еркін ойлы»  (үнсіз қимыл)

6-бөлім. «Мақал-сөз мәйегі»

7-бөлім.. Үй тапсырмасы (ребус құрап келу)

Сайыс соңында әділ қазылар ұпайларын есептеп жеңімпаз топты айтады.

 

1-бөлім.Сәлемдесу . Топ басшылары командаларын таныстырып, команда атын, ұранын айту.

2-бөлім..Көңілді тапқыштар ( 3 әзілден құру)

Әр топ 3 әзілден көрсету.

3-бөлім.. Бәйге  Интерактивті тақтада төрт бөлімнен сұрақтар болады. соларды таңдап  жауап беру.

Сары белгіше сұрақтары.

 1-сұрақ. Баспа құрылғысы(принтер)

2-сұрақ. Компьютер теледидары(монитор)

3-сұрақ. Зиянкес бағдарлама(вирус)

4-сұрақ. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)

Көк белгіше сұрақтары.

 1-сұрақ. Сурет салуға арналған бағдарлама(Paint)

 2-сұрақ. Дыбыс естілетін құрылғы(колонка)

3-сұрақ. Бүкіл әлемдік желі(интернет немесе ғаламтор)

4-сұрақ. Жойылған файлдар қайда барады.(корзина немесе себетке)

Жасыл белгіше сұрақтары.

1-сұрақКомпьютер маманы(програмист)

2-сұрақ. Құжаттарды көшірмесін жасайтын құрылғы(ксерокопия)

3-сұрақ. Ақпарат енгізу құрылғысы(клавиатура немесе пернетақта)

4-сұрақ. Мәтін жазуға арналған бағдарлама(Word)

 

 

Қызыл белгіше сұрақтары.

1-сұрақ. Жануар атымен аталатын құрылғы(тышқан немесе маус)

2-сұрақ. Компьютердің негізгі құрылғысы(жүйелік блок )

3-сұрақ. Ақпаратты өлшеудегі  ең кішісі(бит)

4-сұрақ. Компьютермен интернетті байланыстыратын құрылғы(модем)

4-бөлім.. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Оқушыларға «информатика» сөзінен  сөз құрау.

5-бөлім.. «Кім епті, еркін ойлы»  (үнсіз қимыл)

Оқушыларға тақтада компьютерге байланысты суреттер көрсетіледі. Бір оқушы теріс қарап тұрады, қалған оқушылар үнсіз қимыл көрсетіп табулары керек.

6-бөлім. «Мақал-сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6. Білмесең, «анықтама»- дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
 

7-бөлім.. Үй тапсырмасы (ребус құрап келу).

Үйден құрап келген ребустарын бір-біріне беріп, жауаптарын табады.

 

Қорытынды

 

 

 

 

 


Пікірлер (3)

Niana

óte keremet !

Айсана

қатты ұнады керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз