Павлодар облысы
Баянауыл ауданы
Майқайың кенті
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Адабекова Рысты Амантауовна
Бастауы сыныптарда қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады.Басты мақсат- ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекеттеріне жетелеу.
Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой- өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы үлгермейтін оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.
Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттері арқылы оқып үйренуге деген сенімін қалыптастырады.
Тақырыптық тапсырмаларды ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Анаграмма», «Тауып ал», «Логикалық ойындар» т.б. ойындар. Ал математика сабағында баланың логикалық ойлауында дамытатын ойындар «Құрастыру», «Бөлігін тап», «Көршісін тап», «Ойлан тап» т.б. «Математикалық жарыс», «Математикалық шытырман», « Математикалық пойыз» т.б.ойындарын ойнауға болады. «Математикалық жарыс» – екі команданың немесе оқушыларының бір-бірімен өзара жарысы түрінде өтеді.
Белгілі педагог А.С. Макаренко баланың ойын үстінде түрлі таным түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын атап көрсеткен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі