Өмір, қымбатсың маған!
Өмір тану сағаты
8-сынып
Мақсаты: Оқушылардың өмір құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
Өмірдің мәні мен мағынасын түсіне отырып,өмірді сүюге
тәрбиелеу,өмірге деген құштарлықтарын арттыру;өмірден өз
орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету;
Мұғалім: Құрметті кеш қонақтары! Қадірлі әріптестер! Қымбатты менің шәкірттерім! «Өмір , қымбатсың маған!» тақырыбымен өткелі отырған тәрбие сағатына қош келдініздер!
Не деген керемет күн!
Жаныңа бәрі даяр не керектің.
Көрінеді гүлдердің гүл жарғаны
Естіледі ұшқаны көбелектің
Не деген керемет күн!
Естіледі бал ара нәр сорғаны
Бармақтай балапан құс ән салғаны
Бәрін де кеудесіне қондырып ап
Дала бір рахатта
Дел-сал жаны
ӘН «Ертегілер әлемі». Орындайтын: Серікқалиева Айжанат (Оқушылар ән әуенінде билейді, кішкене періштелер қосыла билеп жүреді, сахна соған сай безендіріледі.)
Мұғалім: Құрметті менің шәкірттерім! Жаңа ғана қиял әлемінде қалықтап, адам баласының ең бір әсем, қимас та қымбат кезеңі балалық – жасөспірім шақтың бақшасымен қимай қоштасқан сіздерді жалынды жастық шақтың жарық күні күлімдеп қарсы алады! (қол соғылып, жоғарға жылжып күн шығады).
Мұғалім: Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдар бірақта шыдатады,
Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу.
Олай болса алғашқы баспалдақ – МЕН КІМ? деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Мына сөйлемдерді кезекпен оқып, ары қарай толық сөйлем құрайық
Барлығы: Ғажайып деген – Біз.
Бәрі де бізге байланысты.
Бәрі біздің қолымызда
Поэзия минуты.
Мұғалім: Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай.
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып
Достықтарың жарасып дәл осылай.
Рахмет шәкірттерім! Енді орындарыңызға жайғасу сұралады.
Өмір мен үшін бәрінен де қымбат, махаббат өмірден де қымбат. Бірақ елімнің еркіндігі мен азаттығы үшін қажет болса, екеуін де құрбан етуге бармын. Ш.Педефи
Сіздердің де осындай азамат болатындарыңызға мен сенемін.
МЕН АДАММЫН!
Алдарыңыздағы АДАМ деген сөзжұмбақтың шешуін табуларыңыз сұралады.
А – адалдық А – адамгершілік
Д – даналық Д – достық
А – ақыл А – абырой
М – махаббат М – махаббат
Мұғалім: Заманымыздың заңғар жазушысы Ғ.Мұстафин естелігінде былай деген екен: «Кейде көшеде, аялдамада, автобус ішінде нақ бір басқа жер таппағандай көптің көзінше құшақтасып тұрған жастарды көресің. Махаббат неғұрлым ұятты, әдепті келсе соғұрлым қадірлі болмай ма? Бұл сезімнің жалаңаштанып, әдеп пердесінің сырылуы емес пе? Сабыр, нысап, ар-ұят, әдеп – бірінсіз бірінің күні жоқ. Бәрі жиналып махаббатты құрайды», - деген екен. Махаббат ұғымының мағынасы кең. Отанға, туған елге, ата-анаға, сүйген жарға, өмірге деген махаббат. Махаббаттың ұясы – мейірімді жүрек. Жүректеріңіз мейірімге толы болсын.
ТҰЛҒА |
АДАМ – ӨМІР ТҰТҚАСЫ
Тұлғаға лайықты адами қасиеттерді топтастырайық.
Поэзия минуты (Әр топтан оқушылар өлең оқиды)
ӨМІРДІҢ МӘНІ НЕДЕ?
1-топқа тапсырма
Тәмсіл
Екі қасқыр
«Бұрынырақта қарт үндіс немересіне ақыл айтып отырады.
- Әр адамның ішінде соғыс болып жатады.Олар екі қасқыр сияқты. Оның бірі-жамандық,
арамдық, менмендік сияқты жаман қасиеттер болса, екінші қасқыр қарапайымдылы, жақсылық, бейбітшілік, үміт, шындық секілді жақсы қасиеттер.
< >Ал соңында қай қасқыр жеңеді?- дейді ойлы кейіппен немересі».Оқушылар, сіздер қалай ойлайсыңдар, қария не деп жауап береді? (Оқушылар пікірлерін білдіреді)Сонда қария:
< >Қай қасқырды көбірек тамақтандырсаң, сол жеңбек ,-деген екен.
МЕН ҚАНДАЙМЫН?
Мұғалім: Бұл сұраққа жауап алғыларыңыз келсе іштей мына фигуралардың біреуін таңдаңыздар. (слайдтан түр түрлі фигуралар көрінеді)
И.Панарин тестісінің жауаптары:
- Шаршы таңдағандар өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
- Таңдағандар лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар.
- Жаңа идеяға жақын, білімге құмар ізденгіш жандар.
- Өте мейірімді, басқаның қайғысы мен қуанышын бөлісуге даяр тұратын жандар.
-
Мұғалім: Рахмет сіздерге, бойларыңыздағы осы бір асыл қасиеттерді одан әрі дамыта түсіп, сегіз қырлы, бір сырлы азамат болу ол - өз қолдарыңызда! дегім келеді.
МЕНІҢ ТАҢБАМ! (коллаж)
Мұғалім: Әр мемлекеттің өз елтаңбасы болады. Онда сол мемлекеттің құндылықтары мен ерекшеліктері бейнеленеді. Қазір біз де өз таңбамызды жасаймыз. Таңбамыз – қалқан пішіндес. Қалқан – қиын кезде қорғаныш, көмекші. Ол бес бөліктен тұрады.
Менің ұстанымым: 1. 2. 3. |
Мен сенетін адамдар: 1. 2. 3. |
Мен бағындыратын биіктер: 1. 2. 3. |
Өзім жақсы сезінетін орта: 1. 2. 3. |
Өзім туралы естігім келетін жақсы сөз |
Ән шашу– «Өмір - өзен» орындайтын Балтабек Дастан.
ҚУАНЫШ СЫЙЛАЙЫҚ!
Құрметті ұстаздар! «Өзім туралы естігім келетін жақсы сөз» бөлімін сіздерге жолдаймын. Өз жүректеріңізден шыққан ақ тілектеріңізді шәкірттерге жолдаңыздар.
Мұғалім: Менің сүйікті шәкірттерім! Сіздердің Таңбаларыңыз дайын болды. Бұл қалқандарды өздеріңіз күнде қаранатын, сәнденіп таранатын айналарыңыздың оң жақ төбесіне жапсырып қойыңыздар.
- Егер бойыңды еріншектік билеп, босаңси бастасаң, өмірлік ұстанымыңды есіңе түсір;
- егер өмірде қиыншылыққа тап болсаң, өзің сенетін үш адаммен кеңес;
- күн сайын таңертең тұрғанда бағындырар биігіңді межелеп ал;
- дем алып, жаңа идеялармен қаруланғың келсе, өзің жақсы көретін ортаңа бар;
- өзіңді нашар сезініп, бойыңды жалғыздық билегенде мына отырған ұстаздардың, ұстаздардың ұстаздары жазған өзің туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап оқы;
Бәріңізге рахмет.
Өмір - сенің жарқылдайтын аспаның,
Өмір – сенің сарқылмайтын дастаның.
Қиыншылық түскен кезде басыңа,
Дәл бүгінгі қорған болсын қалқаның.
ДАНАЛЫҚ АҒАШЫ (көрініс)
Мұғалім: Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда
Үлкен болып қалу үшін ғаламда
Үлкен арман керек екен адамға.
ӘР ЖҮРЕКТЕ – БІР АРМАН
Мұғалім: Оқушылар алдарыңыздағы ақ қағазға армандарыңызды жазып ұсынайық. Құрметті ұстаздар, әріптестер бүгінгі кештен алған әсерлеріңізді мына балақайлар арқылы білдірулеріңізді сұраймын.
Поэзия минуты: Жұмалиева Назерке. «Жақсылық дәні»
Мұғалім: Адам армансыз болмайды. Арман адамды алға жетелейді. Арманның орындалуы жақсы ниетті, табандылықты, қайырымдылықты, еңбекқорлықты, білім алуды, уақытты талап етеді. Армандарың биікке самғай берсін. Сөз кезегін аудандық пәндік олимпиада жеңімпазы, сынып ұйымдастырушысы Арайға береміз. (Арай сөйлеп, армандарын шарға байлап, терезеден ұшырып жібереді).
Мұғалім: Арманның орындалғаны қандай жақсы! Сіздердің АРМАНДАРЫҢЫЗ көк аспанда шарықтап, БАҚЫТ қақпасына қарай Себебі сол шақта үлкен бақытқа кенелесің.
МЕН БАҚЫТТЫМЫН.
(Оқушылар орындарынан тұрып жүректі бір-біріне бере отырып «Мен бақыттымын, себебі...» деп ойларын жалғастырады. Слайдтан сынып туралы деректер көрсетіліп жатады).
Мұғалім: Мен бақыттымын, себебі, менің осындай шәкірттерім бар.
Таусылмасын осындай тәтті күн
Ұстап тұрған өмірді!
Барша жанға сыйласын ол шаттығын
Көтеретін көңілді.
Жетелейтін сенімді!
Біз сіздермен қоштасамыз, құрметті ұстаздар,қадірлі кеш қонақтары!
Рефлексия.
-Сіздер бұл шарадан нені ұқтыңыздар?
Нені білдіңіздер?
Неге таң қалдыңыздыр?
Не қызықты болды?
Ғұмарова Ағзия Зұлхарнайқызы
Атырау облысы
Исатай ауданы
Исатай ауылы
Исатай орта мектебінің қазақтілі мен әдебиеті
пәнінің жоғары санатты мұғалімі
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі