ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы
Т. Аубакиров атындағы ЖОМ-нің
Бастауыш сынып мұғалімі
Улзада Адилхановна Караматдинова
Сабақтың мақсаты: Қыз балалрдың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ қыздарының тәрбиесінің аса маңызды дәстүрге сай әдепті, инабатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, гүлдер, шарлар, суреттер.
Мұғалім сөзі: Құрметті аналар, ұстаз аналар, қыздар, әжелер сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8-наурыз халықаралық әйел-қыздар мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, қыздарымызға көктемнің қыр гүліндей құлпыра беруіне отбасындағы күн шуағы болып жүрулерін тілеймін! Бүгінгі «Көктем аруы» атты қыздар арасындағы өткелі жатқан қыздар сайысына қош келдіңіздер дегім келеді. Олай болса бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныс болайық.
1-ші шарт: «Сәлем сөздің атасы» - деп аталады.
2-ші шарт: «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
3-ші шарт: «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. (әр ару өз өнерін көрсетеді)
4-ші шарт: «Мәнерлеп жатқа айту» (Бұл жерде арулар Отан, Ана туралы өлеңді ақындық тілмен мәнерлеп жатқа айтады)
5-ші шарт: «Кім жылдам?» (Әр ару түйме қадау арқылы өз икемдігін шеберлігін көрсетеді)
6-шы шарт: «Мақал- сөздің анасы» деп аталады. (Әр ару 10 мақалданкем емес мақал айту керек.)
7-ші шарт: «Ас мәзірі» (Ана –әпкелердің көмегімен дайындаған астарын қалай жасағанын, жасау ретін айтады)
Осы шарттарды орындау аруларда болса, сол аруларды бағалап, сынға алып, баға беретін әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болсада, қашпайық біз.
Ал, енді халқым рұсат етсеңіздер
«Көктем аруы» сайысын бастайық біз.
Олай болса ортаға бірінші аруымыз
1 ару : Сабағында меңгерген
Жақсылықты жөн көрген.
Ата-анасы Аружанды
Әдемі есімге тең көрген.
2 ару: Ай секілді өзі де
Сыңғыр-сыңғыр сөзі де
Зарина деген арудың
Әдемі ғой көзі де
3 ару: Сабағынан қалмайды,
Жалқаулыққа бармайды.
Аружан бүгінгі сайыста,
Ән-мен жырын арнайды.
4 ару. Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Келесі біздің Ұлбосын,
Көрінген күштің басынан.
5 ару: Үздік оқып сабағын,
Жақсылықты жөн көрген.
Айман деген арудың,
Кезі келді сахнаға шығатын.
6 ару: Құлпырған дала гүліндей,
Жүресің әркез күлімдеп.
Арманыңа аңсаған Айжан ару,
Ақ ниетпен сүрінбей жеткін бүгін.
7 ару:Айида біздің өнерлі,
Көңілді өмір сүреді.
Бүгінгі біздің сайысқа,
Алып келді өнерін.
8 ару: Қуантады білімімен бізді Жансая,
Қол соғып қарсы алайық оны біз,
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
1-кезең: - Ал олай болса, «Сәлем сөздің атасы» бөлімімен танысайық! Өз-өздерін таныстырады.
(Арулар таныстырып болған соң әділқазы алқасы бағаларын береді)
2 кезең: - Қыз сұлу көрінеді тіліменен «Білімді мыңды жығар» бөлімінде (Берілген сұрақтарға жауап береді)
(Әділқазылар алқасы бағаларын береді)
3 кезең: «Өнерлі өрге жүзер» бөлімінде аруларымыз өз ән, би өнерлерін көрсетеді.
Қыздарымыз келесі сайысқа дайын болғанша Айтимов Санжардың орындауында
Ән: «Ана туралы»
4 кезең: «Мәнерлеп жатқа айту»
1 ару: Бадувалова Аружан: Ф.Оңғарсынова «Ақ мамам»
2 ару: Сембек Зарина: М.Мақатаев «Үш бақытым»
3 ару: Насурылла Аружан: Ф.Оңғарсынова «Қанат туралы хикая»
4 ару. Турганбай Ұлбосын: Дихан Әбілев «Туған тілім»
5 ару: Рахман Айман: С.Торайғыров «Ана тілі»
6 ару: Маденбай Айжан: М.Мақатаев «Отан туралы»
7 ару : Аллияр Айда: М.Мақатаев «Уақыт»
8 ару: Асан Жансая: Ғали Орманов «Ана»
(Әділқазылар алқасы бағаларын береді)
5 кезең: «Кім жылдам?» (Түйме қадау. Сапалы, ұқыпты орындау керек)
(Әділқазылар алқасы бағаларын береді)
6 кезең: «Мақал-сөздің анасы» (Мақал-мәтел айтады)
(Әділқазылар алқасы бағаларын береді)
7 кезең: «Ас мәзірі» (Аналарының көмегімен дайындаған түрлі тағамдарын көрсетеді)
Аналарға сөз
Жүргізуші: Аналар қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен сайысымызды аяқтайық,
Гүл бітсін қадамдарға - деп «Көктем аруы» сайысын аяқтайық!
Жанна Молдабекова
Мен де көктем аруын өткізбекші едім Сізге үлкен рахмет!