Өлең, жыр, ақындар

Алтын күз ертеңгілік сценарий

Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, ұстаздар және балалар. Біздің «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Бүгін «Балапан» тобының балалары күзгі баққа саяхатқа келіп отыр.
Балалар бүгін бізге қонаққа күз патшайымы келіпті. Бәріміз қарсы алайық.
(күз патшайымымен амандасу)
Күз патшайымы:
Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен күз патшайымы боламын. Сендерге алыс жерден келдім. Мені күз патшасы жіберді. Бұған дейін көп ормандар мен жерлерге бардым, ол жақтан сендер сияқты балаларды кездестірдім. Олар өте ақылды балалар екен менің тапсырмаларымды орындаған соң сыйлыққа жеміс- жидектер бердім. Сендер менің тапысрамаларымды орындауға дайынсыңдар ма?

-Олай болса бастайық.
Тәрбиеші: Балалар біз күз ханшасын төрге отырығызайық.
Күз ханшасы ең алдымен сендердің өнерлеріңді тамашалағысы келеді. Қане дайындаған көрінісімізді қойып берейік.
Көрініс: «Көкөністер айтысы»
Санжар мен Ақжүніс бақшаларына барып, көкөністер теруге сыртқа шықты. Кенет күбірлеген дыбыстар естілді, бұл ненің дыбысы екен десе, көкөністер адамға мен пайдалымын деп айтысып жатыр екен. Ең алдымен сөзді қияр бастады:
Аида (қияр):
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күймде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.

Рауан (картоп):
Мен ұялшық картоппын,
Мен емесепін мақтанар,
Мені жақсы көреді,
Үлкендермен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.

Рашида: (Ас бұршағы):
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын және бәріне,
Дәмді салаттарыммен ,
Сый жасаймын бәріңе.

Айзере (пияз):
Боламын мен демеуіш,
Барлық- барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.

Айрайлым (сәбіз):
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де.

Балнұр: (шалқан)
Кім білмейді шалқанды,
Дәмімді татып таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауып көр менен дарқанды.

Мәди (қырыққабат):
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда.
Мені қосса самсаға.
Жейді бәрі тамсана.
Бекзат (қызанақ):
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Барма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген.

Бекзада: (Қызылша)
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелге.

Бегімай (Асқабақ)
Іші сары, сырты қатты,
Дәні-дәрі, дәмі-тәтті.
Пісіріп жесең ас тамақ,
Мұның аты асқабақ.

Санжар:
Көкөністер бәрі де ,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.

Ақжүніс:
Барлығың да дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметтер,
Дастарханның сәнісіңдер.
Ән: Ана тілі

 

«Дәмін тат та, атын айт» ойыны.
Тәрбиеші: Балалар күз патшайымының әкелген екінші тапсырамасы ойын екен,
яғни ойын шарты: көздерің байланады, дәмін және иісін сезу арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табасыңдар.

Темірлан:
Алма пісіп, алмұрт түсіп,
Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып, қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды.

Інжу:
Ой балалалар балалар,
Қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.

Жанель:
Жапырқтар сылдырлай,
Алтын күз міне келіпті.
Туған жерін қия алмай,
Ұшып бар құстар кетіпті.

Жұмбақ шешу ойыны.
(Табиғатқа байланысты жұмбақтар)
Махамбет:
Алтын сары қызыл көк,
Алуан- алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалтырап.

Ақнұр:
Күзде жайнап ашыла,
Күннің нұры көшкендей.
Алма ағаштың басына ,
Қызыл қарбыз өскендей.

Мансұр:
Алтынға бояп өңірді,
Күзде келді көңілді.
Бау- бақшада , орманда,
Сары жапырақ төгілді.

Диана:
Қыркүйек қазан,қараша,
Күздің бұлар айлары.
Үлкендер қуанып балаша,
Егіндерін жинайды.

Ән:«Алтын күз»

Орындайтын: хор
«Дыбысты тап» ойыны
Балалар сендерге табиғаттың әртүрлі құбылыстарын дауыстарынан танып ажыратайық.
Би: «Жаңбыр»
Орындайтын: Балнұр мен Аида.
Балалар сендерге күз патшайымы рахметін айтып өз сыйлықтарын үлестіреді.
Ән орындау.
Осымен біздің күзгі баққа саяхатымыз аяқталды. Күз патшайымына алғыс айтайық, бізге тағы да келіп тұр.
Құрметті қонақтар бүгінгі біздің «Алтын күз» атты ертегілігіміз өз соңына жетті. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет. Көріскенше сау болыңыздар.

 


Пікірлер (2)

Cілтемеші

Сілтеме: http://bilim-all.kz/article/2056-Bir-staqan-sut
Әңгімелер / Мақалалар: http://bilim-all.kz/article/list/14
Сайт: http://bilim-all.kz/
Ұлағатты сөздер:http://bilim-all.kz/quote/thoughts
Ұстаздарға: http://bilim-all.kz/jospar/list/46
Қазақша есімдер: http://bilim-all.kz/esimder
Мақал-мәтелдер: http://bilim-all.kz/quote/proverb
Жұмбақтар: http://bilim-all.kz/puzzle

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз