Тақырыбы: «Рахмет саған, Әліппе!»
Мұғалім: Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн-«Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - «Әліппемен қоштасу». Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отырмыз.
Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Қош келдіңіздер!
Мұғалім:
Ойын қуып жүрген думан бұл кімдер.
Сылдыраған балаң тілмен естіледі бір үндер.
Жарқын:
Апам айтқан күзде мектепке барасың деп,
Көп-көп оқу құралдарын аласың деп.
Аяулым:
Онда – мына машинаңды неге тастамайсың?
Сен әлі ешнәрсені түсінбейтін кішкентайсың.
Мадина:
Жоқ, Аяулым, ол жетіге толды,
Үлкен бала болды.
Мына қуыршақ пен машинаны
Інісіне сыйлайтын болды.
Осы арада 5-сынып оқушысы Айнұр мектепке бара жатып, ортаға келіп қосылады.
Айнұр: Балалар мектепке бармайсыңдар ма?
Жарқын: Мектеп, мектеп деген ол не өзі? Оның бар ма мұрны, аузы, көзі
Аяулым: Онда не береді? Менің де барғым келеді.
Айнұр:
7-ге толсаң, ойын қумай бос текке
Оқисың әрине сен де мектепте
Мадина: Мектепте үйрендің сен нені? Көппе оның сендерге бергені.
Айнұр:
Мектепте бәріміз білім аламыз,
Жан-жақтыдамып өседі санамыз.
Біз секілді ағылшын тілін меңгересің
Үйірмеде билегенде бірғажайып күйге енесің
Ән сабағына қатысып ән айтасың
Спорттың неше түрімен шынығасың,
Қарның ашса, асханада сусын ішіп тынығасың.
Міне, өмірдегі барлық қажеттілікті мектептен игересің.
Мұғалім:
Өсті, міне, бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың! Алдарыңызда 1 «А» сынып оқушылары
Құттықтау сөзді мектеп директоры Канторбаева Ш.Р. беріледі.
Дильда:
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Басқа оқулық достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Аяжан:
Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.
Дінмұхаммед:
Оқу оқып, теп тегін,
Тамыр жайып көктегін.
Дегендей-ақ мейіріммен,
Қарсы алды мектебім.
Сумайя:
Мектеп кеме, білім теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Әліппе берген білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз.
Азамат:
Жасқана ашып есігін,
Сыныпқа әрең еніп ек,
Қанша сәби болсақ та,
Ұстазға тек сеніп ек.
Данияр:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін.
Құрметтейік мәпелеп,
Ұстаздардың есімін.
Нұрсұлтан:
Алдыма келіп ұстазым,
Алғаш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен,
Мейірімді сезінгем.
Алуа:
Еркесі едім еркелеген әр үйдің,
Отын жаққан кеудедегі жалынның.
Адам бол деп маңдайымнеан сипаған,
Ұстазымды ұлы адам деп танимын.
Ән: «Ақылшы мұғалім»
Мұғалім:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Барлығы: Ол- сүйікті Әліппе.(қолдарындағы жазу көрсетіледі «Әліппе»)
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.
Барлығы: Әліппе, Әліппе, Әліппе.
Әліппе:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата- аналар!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Мұғалім: Төрлетіңіз, қасиетті Әліппе!
Мадина:
Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені»,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Ақжол:
Әліппем, менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Али:
Ашыла берді алдымнан,
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдап алтыннан,
Әліппе - білім бесігі.
Айқын:
Мынау менің Әліппем,
Көгілдір тудың түсіндей.
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатты маған кісімдей.
Алихан:
Білімге жолды бастаған,
Әліппем, саған мың алғыс.
Оқы деп ұран тастаған,
Әліппем, саған мың алғыс.
Арлан:
Біз енді әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүл мен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағына сусындаған
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Мұғалім: Әліппе, балалар, сізден не үйренді, кімдермен танысты, сіз білесізбе?
Әліппе: Балалар, сендер мені оқыдыңдар, сонда менен не үйрендіңдер, не білдіңдер? Қане ортаға салайықшы. Ата-аналарың да естісін.
Ермұхан: Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш қазақ мұғалімі. Ол алғаш мектеп ашқан.
Бір аллаға сиынып, Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық!
Жанияр Ж: Абай- қазақ халқының ұлы ақыны.
Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан.
Тимур: Енді біз оқи аламыз, Әріпті қосып әріпке.
Риза боп соған жүреміз, Сүйікті біздің Әліппе.
Ақнұр: «А-ны айтқанда дауысым дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып, буынды енді.
Мұғалім: «Сөз оқимын айырып, буынды енді» деп айтып жатырсыңдар. Тағы да өнерлеріңді ортаға салыңдар.
Аяжан: Мақал: Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны іледі.
Әмина: Нақыл сөз: Ең тәтті де – тіл, Ең ащы да – тіл. Ең қатты да – тіл, Ең жұмсақ та - тіл.
Дінмұхаммед: Тыйым сөз: Малды теппе, Ақты төкпе.
Бекназар: Қош бол, құтты Әліппем, Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеттің.
Ән: «Рахмет, саған, Әліппе!»
Әліппе: Ал, балалар, сау болыңдар!
Бәрі: Рахмет, саған, Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз,
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне, балаңыз.
Ендігі сендердің достарың - Ана тілін қарсы алайық! ...
Ана тілі (Жансая):
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
Ана тіліне тақпай арнайық.
Сұлтан:
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
Ән: «Анамның тілі- аяулы үні»
Мұғалім: Ал, енді Әліппені ерінбей, жалықпай жанымызда отырып үйреткен жандарға жыр жолдап, сол кісілерге рахметімізді, ризашылығымызды білдіріп, еңбектерін ақтайық. Дымбілмес болмай, Білгішбек болыңдар!
Көрініс: (сахнаға кір-қожалақ Дымбілмес жүгіріп шығады)
Ана тілі: Дымбілмес! Дымбілмес!
Дымбілмес: Мыналар неге жиналған, әй! Менің Дымбілмес деп атымды атаған қайсысың?
Ана тілі: -Сәлеметсіз бе, Дымбілмес! Бүгін «Әліппемен қоштасу» мерекесі. Сен туралы айтқан мен.
Дымбілмес: -Әліппемен қош-та-су! Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой, мен кетейін! Чао! (кетіп бара жатып, бір баланың басындағы әріпті көріп қалады да, жұлып алмақшы болады.)
Бала: Тиіспе, менің басымдағыға! Мұнда әріп жазылған.
Дымбілмес: Әріп дейді ғой. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті ғой. Ал бала, мәссаған рогатканың суретін салып алыпты. Бұлардың бәрін мен «Әліппені» оқымай-ақ білемін.
Ана тілі: Ол не дегенің, Дымбілмес! Бұлар О, Ү әріптері ғой. Дегенмен, балалар, Дымбілместің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас. Қане, ендеше әріптерге байланысты жұмбақтарын шешіп көрейікші.
1. Қос бүйірін тіреніп, Тұрады ылғи шіреніп. ( Ф )
2. Үш шырпыдан бір есік, Құрастырып көр шешіп. ( П )
3. Сақинаға қарайық, Ұқсайды оған қай әріп? ( С ) (жұмбақ айтылады, Дымбілмес 1-2 рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді
Ана тілі: -Міне, Дымбілмес, көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі?
Дымбілмес: -Ой, менен басқа білмейтіндер де бар шығар–ау іштеріңде!
Ана тілі: -Жоқ, Дымбілмес, барлық бала жақсы оқиды.
Дымбілмес: -Онда мен кітап оқығым келеді. Мен де мына балалар сияқты әріп танығым келеді. Енді қайтсем екен.........
Ана тілі: -Өте дұрыс. Тек алдымен үсті-басыңды жөнге сал! «Әліппені» таза, әдепті бала ғана ұстайды.
Дымбілмес: - Жарайды онда!(жүгіріп шығып кетеді) Сау болып тұрыңдар!
Ән: Біз тәртіпті баламыз.
Би: Қуыршақтар биі.
Қорытынды:
Мұғалім:
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар – дей отырып, сөз кезегін қонақтарға береміз, оқушыларды мадақтау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі