Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
Жалпы білім беретін №9 орта
мектебінің, I санатты,
бастауыш сынып мұғалімі
Рахимбаева Гульсара Силановна
Тақырыбы: Қамбар батыр. ( жырдан үзінді)
Мақсаты: Халық ауыз әдебиетіндегі Қамбар батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу; берілген тапсырманы тез, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.
Сабақтың ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тұжырымдау, тиянақтау сезімін дамыту.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Ер Тарғын» жырында қандай оқиға баяндалады? «Ер Тарғын» тұлпары қалай аталады? Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың? Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Осы «Ер Тарғын» жырынан өзіңе қандай әсер алдың?
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Бүгінгі сабақтан қазақтың қас батыры аты аңызға айналған Қамбар батыр туралы білеміз. Кітаптағы суретке қарап не айтар едіңдер?
Мазар – зират, мола.
Пешене – бақ, маңдай, тағдыр.
Шері – жолбарыс
Даусы жерді көшірді – даусы айналаны жаңғыртты.
Ү.Жаңа сабақты пысықтау: 1. Сұрақ – жауап:
Қамбар батыр нені айтып уайымдады? Батыр өзінің қара қасқа атын жақсы көретінін оның қай сөзінен аңғаруға болады? Қамбар сияқты тағы қандай батырларды білесің?
Түгінің бәрін жатқызып, Құлағын жымып жапырды.
Көріктей ашып ауызын, Ырылдап жаман ақырды.
Даусы жерді көшіріп, Нар маядай бақырды.
Бүркіттей жазып тырнағын, Тұлпарға барып асылды.
(Мойның алтын табақтай,
Қамыстай екі құлағың. Төрт аяғың қазықтай,
Төңкерген кесе – тұяғың. Сұлулығың сүмбідей,
Жылқыға бітпес жануар, Сымбатың мен сияғың.)
ҮІ. Қорыту: 1. Жырдағы көркем сөздерді, әсірелеп айтылған сөздерді тауып, сызбаны толтыр.
Қара қасқа ат |
әсірелеу |
мойны |
алтын табақтай |
құлағы |
қамыстай |
Төрт аяғы |
қазықтай |
тұяғы |
төңкерген кеседей |
сұлулығы |
сүмбідей |
2. Әсірелеу – бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп, үлкейтіп айту дегенді білдіреді.
ҮІІ.Үйге тапсырма: 6 – 8 бет, оқу, түсінігін айту, суретін салу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі