Өлең, жыр, ақындар

Түлкі мен қоян

Алматы облысы Қарасай ауданы

Бекболат ауылы

"Балауса" балабақшасы

"Балдырған" тобының тәрбиешісі: Курышбаева Айгерим

Мақсаты:  ертегінің мазмұнын айтуға, дыбыстық талдау жасауға үйрету; ауызекі сөйлеулерін дамыту; сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту; балаларды батырлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі қима құралдары, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: айлакер
Билингвальды компонент: түлкі – лиса, қоян – заяц, қасқыр – волк.      

Жұмбақ
1. Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлаңдап,
Қандай аң ол алдайтын?
2. Көзі тостақ, өзі қорқақ.
Балалар жұмбақты тыңдап, жауабын айтады.
– Түлкі.
– Қоян.

– Балалар, түлкіні жыртқыш аң десек,ал қоян жыртқыш аң емес. Қоян – өте қорқақ аң, қоянды үйде де асырауға болады.Қазір осы қоян мен түлкі туралы орыс халқының ертегісімен танысамыз.
Түлкі мен Қоян.
Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Қасқырмен тату тұрмаған соң үнемі қашып жүреді екен. Жүрген ізін жасыра алмай қиналыпты. Сол үшін қасқыр түлкінің артынан еріп, аңдып жүріп, оның ініне түсіпті. Түлкі інінің екінші тесігінен шығып кетіпті. Шығып кетпесе, қасқыр түлкіні өлтіріп тастар еді. Түлкі орманда келе жатып ағаш түбінде отырған қоянды көреді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын, жүгірулеріне кедергі келтіреді екен. Сол жерде қоян өзін ұстап алған түлкіге:
-«Мені өлтірме, құйрығымды сыйға берейін», – деп жалыныпты. Міне, содан бері түлкінің құйрығы ұзын болыпты, ал қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.
Сұрақ қою арқылы ертегі мазмұнын сұрау.

- Ертегі сендерге ұнады ма?
 - Иә, ұнады.
- Ертегіде нелер туралы айтылған?
- Түлкі, қасқыр, қоян туралы.
- Ерте заманда түлкінің құйрығы қандай болыпты?
- Құйрығы кішкентай болыпты.
- Түлкі қасқырмен тату тұрмаған соң не істеген?
- Қасқырдан қашып жүреді екен.


– Бір күні не болыпты?
 - Қасқыр түлкінің ізіне түсіп, ініне кіріпті.
- Түлкі қалай құтылып кетіпті?
- Іннің екінші тесігінен шығып кетіпті.
- Әлден соң ағаш арасына кірген түлкі нені көреді?
- Ағаш түбінде отырған қоянды көреді.
- Сол жерде қоян өзін ұстап алған түлкіге не депті?
- «Мені өлтірме, құйрығымды сыйға берейін», – деп жалыныпты.
- Иә, балалар, содан бері түлкінің құйрығы ұзын болыпты, ал қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.

Сергіту сәті:

Т.Бердияровтың «Сұр қоян»
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

Дәптердегі № 5 тапсырманы орындату.

«Түлкі мен қоян» ертегісін сахналау.

- Енді ертегідегі «Түлкі» сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
- «Түлкі» сөзі неше буыннан тұрады?
- Түл-кі, екі буыннан тұрады.
- Неше дауысты дыбыс бар?
- Екі дауысты дыбыс бар.
- Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
- Дауысты дыбысты қызыл түспен белгілейміз
- Ал дауыссыз дыбысты көк түспен белгілейміз.
Түл-кі, қо-ян, қас-қыр, кө-жек, мыр-шай, жол-ба-рыс.
Тапсырманы орындайды.
- Міне, балалар, біз «Түлкі» сөзіне дыбыстық талдау жасадық.
Балалар жаңа сөздерді қайталайды.
– Балалар, біз бүгін қандай ертегімен таныстық?
– «Қоян мен түлкі» ертегісімен.
–  Қандай сөзге дыбыстық талдау жасадық?
– Түлкі сөзіне.

Орындайды: сөзге дыбыстық талдау жасауға, буынды жалғастырып сөз құрауға, сұрақтарға жауап беріп, ертегі мазмұнын айтуға берілген тапсырмаларды.
Түсінеді:  ертегі мазмұнын.
Қолданады: түлкінің құйрығын тауып, үзік сызықтарды қоса білу дағдыларын.


Пікірлер (5)

lazzatjum

Өте керемет

Алуа

Маган ертеги унады, ведиосы бар ма

Айжан Кумыскалиева

Оте керемет маган комектести

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз