Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымыз

Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы, Лайбұлақ ауылы

«Лайбұлақ орта мектеп-бақша» КММ-сінің

«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі: Омарова Айгул Асенгазиновна

                 

Ертеңгіліктің мақсаты:

Егеменді еліміздің болашағы – жас ұрпақтар. Осы болашағымызды жалғастырушы ұрпақтың бойына Отанға, халқына, ұлтына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ояту. Туған жері мен елін сүюге, елінің болашағына үлес қосып, еліне, жеріне деген ұлтжандылық сезімді қалыптастыру, танымдылық қабілетін арттыра отырып өнерге баулу. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі туралы түсінік беру.

Тәрбиеші: Біздің туған еліміздің, туған жеріміздің егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанына 24 жыл толыпты. Құрметті қонақтар, қымбатты балалар тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!          

           Тәуелсіздік күні дедік бұл күнді,

           Атын атап ақын оны жыр қылды.

           Сол күнменен қатар туған сәбилер,

           Кішілерге аға болып үлгерді. 

 

           Болашағы жайнаған бақ тұғыры.

           Бұл да болса қазақтың мықтылығы.

           Еркіндік, тәуелсіздік аңсаған ел,

           Жирма жылға қыр асып шықты міне.

Олай болса ортамызға өз өнерлерін көрсеткелі отырған «Балауса» тобының бүлдіршіндерін қошеметпен ортаға шақырайық. (Ән – әуеннің ырғағымен балалар қолдарына жалаушалар алып топқа кіреді)

Елдің елдігі, ердің ерлігі, ол – Әнұран

Сезім биігі, төзім шыңы, ол – Әнұран

Әннің асылы, ұранның басымы, ол – Әнұран

Олай болса балалар Тәуелсіздігіміздің  24 жылдығына  арналған салтанатты мерекемізді еліміздің әнұранымен бастайық.

«Әнұран орындалады»

Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?

(Қазақстан)

ҚР президенті кім?

(Н.Ә. Назарбаев)

Қазақстан қандай мемлекет?

(Тәуелсіз мемлекет)

Қазақстанның астанасы қай қала?

(Астана қаласы)

Біз қай ауылда тұрамыз?

(Лайбұлақ ауылында)

Біздің топ қалай аталады?

(Балауса тобы)

Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін атайықшы

(Әнұран, Елтаңба, Ту)

Ендеше рәміздер туралы тақпақтарымызды айтып берейікші

Зарина:     Әнұраным – жанұраным,

                  Жүрсем егер дүние кезіп,

                  Айтар әнім, сөйлер сөзім,

                  Туған жерім сағынарым.

 

Жанболат:   Бақыт бірлік күн талабы,

                    Тоқтамайды дүбір әні

                    Мәңгі бақи шырқалады,

                    Республика Әнұраны.

 

Абылай:       Айнымайды аспаннан,

                     Біздің тудың бояуы.

                     Оны халық қадірлеп,

                     Биікке іліп қояды.  

Айсұлу:         Сүйесің ғой даланың,

                      Гүл жайнаған алабын.

                      Білесің ғой сен бірақ,

                      Қазақстан жалауын.

Ерсұлтан:      Қатар шапқан қос тұлпар,

                       Ай астында қазақ үй

                       Қалықтаған жас сұңқар,

                       Шарықтаған таза күй.

                       Бұл таңбасы елімнің,

                       Елдігімнің белгісі.

 Назерке:       Елтаңбасы елімнің,

                       Неткен әйбат, әдемі!

                       Тұнығындай көңілдің,

                       Ортада аспан әлемі.   

                       Өнерлі ғой қыздар – ай.

Би  «Қара жорға»

Тәрбиеші:       Кенге толы қойнауы,

                       Төлге толы жайлауы

                       Ол – біздің Қазақстан!

                       Анамыздай тілеуі ақ,

                       Отан біздің біреу ақ

                       Ол – біздің Қазақстан! 

Енді балалар қонақтарға тәуелсіздік туралы жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік. 

Омар:        «Бұл не?» деп мен сұрадым,

                  «Жаңалық қандай тағы?»  деп.

                  Жауап берді анашым,

                  «Тәуелсіздік таңы» деп.               

Тимур:       Атамекен ақ үйдің,

                  Азат болған күні бұл.

                  Құндақтағы сәбидің,

                  Қазақ болған күні бұл.            

Тәрбиеші:  Естіген жұрт тамсанар,

                  Тамылжытып ән салар.

                  Бізде  сондай бала бар.

Назерке орындауында «Ертегілер» әнін  қабылалыңыздар.

Ерхан:       Күн болды бұл күн керемет,

                  Ақ түйенің қарны жарылған.

                  Ел болдық, шүкір не керек,

                  Әлемге аты танылған.

Ерсұлтан:  Сен әкелдің шаттығымды,күлкімді.

                  Ата-бабам армандағанбұл күнді.

                  Тәуелсіздік өркендесін,

                  Бақытпенен қауыштырған жұртымды!

Би « Шөжелерім»

Тәрбиеші:  Қызады бүгін тойымыз

                  Ортамызды ашайық.

                  Ән мен күйді көтеріп,

                  Інжу маржан шашайық.

Ән «Атамекен» орындайтын

Тәрбиеші:    Тәуелсіздік –

                    Менің байтақ Отаным.

                    Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным

                    Тәуелсіздік – сәбиімнің күлкісі,

                    Тәуелсіздік – ақ батасы атамның.

Ойын:

«Туған жерді гүлдендір»

(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)

      Құрметті ата – аналар, қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіп отырған «Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымыз» атты ертеңгілігімізге келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп,көп рахмет! Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын, бейбіт күніміз жарқын болсын, тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем балаларының езуінен күлкі кетпей, әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбірей берсін! Рахмет Сау болыңыздар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз