Шолақсор орта мектебінің
Математика пән мұғалімі: Акбасова Турсын Айкеновна
6 сыныптағы математика пәнінен «Қатынастар» тақырыбы бойынша қорытынды сабақ сценарийі.
(Оқулық:Т. А. Алдамуратова, Е.С. Байшоланов, Т.С. Байшоланов . 6- сынып, 2015жыл. 1- ші және 2 – ші бөлімдер.)
Сабақ мақсаты: осы тақырып бойынша білімдерін қайталау, жүйелеу, жинақтау, оқушылардың жаттығулар және есептер шығарудағы дағдысын және меңгеруін қорытындылау, оқушылардың танымдылық, есте сақтау қабілеттілігін және зейін қойып тыңдауларын дамыту, өзгенің ойын ілтипатпен тыңдауға тәрбиелеу, сыныптастарының кеңестеріне құрметпен қарауға, оқушылармен жекелей және ұжымдық оқыту үйлесуін жетілдіру.
Сабақтың түрі: білімдерін жинақтау, білімдерін меңгеруін, дағдысын дамыту және қорытындылау, білімдерін ойын түрінде тексеру.
Сабақтың өткізілу құрылымы: жарыс - сабақ.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып үш топқа бөлінеді, әр топ өз басшысын таңдайды. Дұрыс орындалған тапсырмалары үшін топтар ұпаймен марапатталады. Ол тақтада көрсетіліп отырылады. Жамн тәртіп көрсетсе айыпты ұпайлар қосылады (үш ұпайға дейін). Жеңген топ келесі тоқсан есебіне (ағымдағы) бестік бағалармен марапатталады.
II. Сергіту сәті
2) Топтарға жылдамдыққа ауызша сұрақтар
- Машинаның қозғалысының уақыты жүрген жолының қатынасында нені көрсетеді?
- Сатып алынған алманың қатынасы оның салмағына нені білдіреді?
- Тікбұрышты параллелепипедтің көлемінің қатынасы оның табанының ауданына нені көрсетеді?
Жауаптар: жылдамдық, бағасын,биіктігін.
3) Топқа сұрақ ( талдауға 1 мин).
Ағасы мен қарындасы бар ақшаны былай үлестірді: қарындасы ағасынан 3 есе көп алды. Анықтаңдар:
1 топ – қарындасы ақшаның қандай бөлігін, және ағасы – қандай;
2 топ – барлық ақшаның қанша пайызын қарындасы және қанша – ағасы;
3 топ – ағасының ақшасы қарындасының ақшасының қанша бөлігін құрайды.
Жауаптары: 1) қарындасы - 3/4, брат - ¼; 2) 75 % и 25 % 3) 1/3
4) 1 мин. ішінде (басшысы міндеттерін бөледі) оқулықтан № 30,32,35 шығару .
Жоқ сандарды қой, пайыз түрінде көрсет.
Есепті шығар: жартысынан жартысы жартысына тең. Сол санды тап.
1/6 * 3 = ?: 1/3 = ? - 1,25 = ? (Жауаптары: 0,5; 1,5; 0,25.)
0,2 = 20 %;
0,15 = 15 %
½ = 50 %
3/5 = 60 %
¾ = 75 %
1/20 = 5 %
1 = 100 %
3 = 300 %
½ * ½ x = 1/2 . (Теңдеудің жауабы: 2.)
Сергітудің аралық қорытындысын шығару. Дұрыс жауап - 1 ұпай.
III. Логикалық есептер.
Бірінші партаға әр топтан бір өкілден логикалық есептер шығару бойынша шақырылады.
Есеп: Әр қайсысы қай қаладан келді?
Батыр, Дәулет, Дәурен жәнеЕлдос, Артекте кездесті және достасты.Олар әр бір қаладан келді: біреуі Талдықорғаннан, екіншісі Омбыдан, үшіншісі Павлодардан, төртіншісі Көкшетаудан. Егер белгілі болса, онда әрқайсысы қай қаладан келген:
1) Батыр және Көкшетаудан келген бала бір бөлмеге орналастырылды. Олардың ешбірі не Талдықорғанда, не Павлодарда болмаған.
2) Дәурен волейболды Талдықорғаннан келген баламен бір командада ойнады. Ал қарсылас болып, әдетте Көкшетаудан келген танысы шайқасты.
3) Елдос және Талдықорғаннан келген бала шахмат ойынымен әуестенді.
Жауап: Дәулет Талдықорғаннан, Батыр Омбыдан. ЕлдосКөкшетаудан. Дәурен Павлодардан.
Логикалық есептер шығару кезінде команда мына тапсырмаға ойланады: тігінен және көлденеңінен қосынды 100 – ге тең болғандай бос торкөзге сандар жазу керек .
Жауап:
IV. Спорттық минуттар (Басшылар өткізеді.)
Бір, екі, үш, төрт, бес! ( Орындарынада қадамдар)
Біз санауды білеміз, ( қол шапалақтау)
Дем алуды да білеміз (Орындарында секіру)
Арқамызға қол қоямыз, (қолдарын арқаға қояды)
Басымызды жоғары көтереміз біз алға ( бастарын жоғары көтеру)
Және ақырын – ақырын дем аламыз ( Терең ішке - сыртқа дем алу)
Аяқтың ұшына тұралық,
Саусақтың саны қанша болса (Қолдарыңда қанша саусақ барын көрсетіңдер)
Қолдарыңда сендердің.( (Аяқтың ұшымен 10 рет тұрамыз)
V. Топтық байқау
Математика сөзінен 2 минут ішінде кім көп сөз құрастырады.
Қорытындыны шығару үшін, қайталанған сөзді сызып тастау қажет. Сызылмай қалған әрбір сөз топқа 1 ұпай әкеледі.
VI. Топтық байқау
Суретте қанша үшбұрыш (немесе шаршы) салынған:
VII. Басшылар байқауы: (оқулықтан №39)
Басшыларға 2 минут ішінде шығаруға тапсырма беріледі, топтағылар да сол уақытта соны орындайды.
Егер басшылар шығара алмай жатса, топқа көмектесуге мүмкіндік беріледі.
№ 40Шамалардың қатынасын табыңдар:
А) 1,5м және 30cм
Б) 1кг және 250г
В) 1сағ және 15мин
Г) 50кв.см. және 1кв.дм
Жауаптар: А) 5; Б) 4; в) 4; г) ½.
VIII. Қорытынды шығару, марапаттау.
ІХ. Үйге тапсырма: № 43
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі