Әуезов орта мектебі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Жунусова Гульжан Хамитовна
Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке тұлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидактиканың басты мәселесі — оқыту үрдісінде мұғалім мен окушының өзара әрекеттесуі болып отыр. Оқушыға танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекетке көшу үшін жағдайлар жасау міндеті тұрады.
Бұл міндеттердің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен жүзеге асырылмақ. Егер әрбір оқушы сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігінен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады. Оқушылар белсенділігінің осындай сипатын көрсететін қажетті шарт — дербестік таным әрекеті. Ол ұзақ уақыт ішінде оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстарын орындаумен көбірек байланысты болды. Бұл әрқилы өзіндік жұмыстарды өткізудің мазмұнын және әдістемесін оқу материалын меңгерудің әртүрлі кезеңінде, әртүрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге байланысты әзірлеуді талап етті.
“Өзiндiк жұмыс” деген ұғымға берiлген анықтамаларда мазмұны жағынан әр алуандық байқалады. Кеңес педагогикалық энциклопедиясында өзiндiк жұмысқа келесі анықтама беріледі: “Оқушылардың өзiндiк жұмысы — олардың сыныпта не сыныптан тыс, мұғалiмнiң тiкелей көмегiнсiз орындалатын жеке және коллективтiк оқу әрекетiнiң жиындық түрлерi. Бұл тапсырмаларды орындау оқушылардан белсендi ой қызметiн, әртүрлi танымдық мәселелердi өздiгiнен шешудi, бұрынғы меңгерiлген бiлiмдi қолдануды талап етедi. Өзiндiк жұмыстардың әр түрiн орындау нәтижесiнде оқушылардың танымдық белсендiлiгi және iзденiмпаздығы арта түседi”.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Шығармашылық қабілет әр оқушының табиғатында болуы мүмкін. Яғни қазіргі танда ағылшын тілін білу заман талабы. Өзiндiк жұмысты iске асырудың үш шартына тоқталады:
Бiрiншi шарт — мұғалiмдер мектеп оқушыларының өз бетiмен бiлiм алу iсiн ұйымдастырудың методологиялық мәселесiне ерекше көңiл аударуы қажет.
Екiншi шарт — оқушылардың мектепте өз бетiмен бiлiм алуына қолайлы жағдай туғызып, коллективтi түрде бiлiм алуға және алмасуға байланысты арнайы жұмыстар жүргiзу (семинарлар, факультативтер, ғылыми пән үйiрмелерi мен ғылыми қоғамдардың жұмыстарын ұйымдастыру).
Үшiншi шарт — ол оқушының жеке басының өз бетiмен жүйелi бiлiм алу жұмысына назар аударып, көмек көрсетiп отыру
Оқушының шығармашылық деңгейде жұмыс істеуінің құралы болып табылатын өзінідік жұмысты жаңа ұстанымдар аясында ұйымдастырудың мүмкіндіктері толық мағынада анықталған жоқ. Оқу үрдісінде оқушыларды шығармашылық бағытта әрекеттенуге беймдейтін өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оны іс жүзіне қажетті жағдайлардың толық мағынасында ашылмағандығы және ғылыми тұрғыда негізделмегендігі арасында қарама қайшылық орын алып отыр.Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Шығармашылық қабілет әр оқушының табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім – оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Түйіндеме
Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары дамыған балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі басқарады, өзі анықтайды, өзі жүзеге асырады. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады.
Резюме
Интеллектуальная и творческая способность развивает у детей возможность работать самостоятельно. То есть дети в обучении сами управляют, сами выявляют, сами исполняют. Само исследованиеученика влияет удовлетворение самодеятельности. Ученики знакомясь с окружающей средой, с помощью самого исследования пытаются открыть новые знание.
Summary
Intellectual and creative ability to develop in children the ability to work independently. that is children themselves in training run themselves reveal themselves perform. The study itself affects student satisfaction initiative. Students familiar with the environment, with the help of the study are trying to discover new knowledge.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. // Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы. 2004, №39. – 516-құжат. – 179 б.
2. СабировТ. Оқушылардың оқу белсендiлiгiн арттыру жолдары. — Алматы: Мектеп, 1978. — 112 б.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі