Өлең, жыр, ақындар

Білім берудің моделінде балаларға құқықтық тәрбие беру

«№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі» КММ-сінің

Бастауыш сынып мұғалімі: Сайлаубекқызы Шамшырақ

 

Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.

Әл-Фараби

Мақсаты:

Сәби тұлғасының морольдік-құқықтық қасиеттерінің негіздерін, оның құқықтық түсініктері мен сезімдерін, сезімдік ұстанымдарын қалыптастыру.

Мектепке келген ойдағыдай құқықтық тәрбие алуының негізін даярлау.

Ата-аналар мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерін құқықтық білім мен тәрбие алуына дайындау.

Оқушыны демократиялық құныдылықтармен адам құқықтарына оқыта отырып, олардың бойына адамзаттықты сіңіру.

Міндеті:

Құқықтық тәрбиенің бүкіл кешенін биік құқықтық сана мен заңды қастерлеу дәстүрін қалыптастыруға жұмылдыру.

Еліміздің «Жалпыға бірдей құқықтық білім беру» бағдарламасында оқушы жастарды құқықтық оқытудың жүйесімен таныстыру.

Бала бойындағы қабілет нышандарының ашылуына оқушы, сынып жетекші, ата-ана арасындағы коммуникациялық байланысты дамыту.

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибе мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көз қарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру.

«Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен ғана шектелмей»-дейді Мокоренка. Ол тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі өнеге көрсете білуінде. Балаға тәрбие беруді мынадай үш кезеңге бөлген

Құқықтық міндеттер, уәждер, борыш парыз әдет-ғұрпында құқықтық өмір заңы болып сіңісіп кеткен. Ол кез-келген мемлекеттік заң баптарынан әлдеқайда қуатты да құзырлы.

Малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы деп қазақ ар-ұждан құқығын бәрінен жоғары қойған.

Қазақ халқында құқықтық парыз ұлттық салт-сананың тәлімдік әдеттілік әсерлі үрдісі. Ата-анаға, отанға қызмет ет парызы перзеттік парыз деп аталады. Перзентік парыз құқықығы: сыйлау, құрметтеу,  қызмет көрсету, өнеге тұту, үлгі тұту, антты орындау, қайырым, мейірім шапағат болып қалыптасады.

Қазақтың халық педагогикасындағы сыйласым имандылық, мейірімділік, қайырымдылық дәстүрлері құқықтың уәждер арқылы қалыптасқан құқық мәдениет көріністері болып табылады.

Отанға қызмет ету. Құқығы мен ел белгілерін (рәсімдерін, рәміздерін) қастерлей білу міндеттері ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелейтін қуатты құралы екені белгілі.

Халықтың әдет-құрыптары жөн-жаралғылары, кәделері, ұқсастық, қауымдық, тантық дәстүрлері құқықтық міндеттері мен уәждері орында қажеттілігін іске асыру тәжірибелері өмірден айқын көрінеді.

Мектептерде құқықтық тәрбие жұмыстары шәкірттің өзіне-өзі қызмет ет құқықғынан басталады. Құқықтың міндеттері сәлем беру, сәлемдесу, аялаған ананы, әлпештеген әкені сыйлау, ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола білу әдеппен сөйлеп әдептену арқылы орындалып, іс-әрекетте құқықтың сана болып қалыптасады.

Құқық-жеке тұлғаның өз еркін –қайрат, жігерімен еркіндік ниетін іске асыруы, ол қоғам қабылдаған шешім, әлеуметтік өмірде қалыптасқан әдеп, ереже, нұсқау бойынша іске асатын әрекет еркіндігінің көрінісі.

 

Баланың ұдайы, үздіксіз құқықтық білім алу барысында білім беру жүйесінде үлкен міндеттер жүктейді.

Ол міндеттер Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы мен басқа да мемлекеттік құжаттарда нақты көрсетілген.

Білім заңы негізінде бала құқығы туралы конфенция мен деклорияциясымен ел Президентінің дәстүрлі жолдауында, жастар саясат туралы заңдар аясында көрініс тапқан.

Әрбір ұстаз ата-аналарымен бірлікте, бірлесе жұмыс жасағанда ғана тәрбие өз жемісін бермек. Бала тәрбиесі тек ата-анаға ғана емес, баршамызға да үлкен сын әсіресе сынып жетекшінің атқарар қызметі жоғары.

 

Қорытындылау.

Тәртіпке бас иген құл болмайды тәртіпсіз ел болмайды.

Б.Момышұлы

Құқықтың ең қас жауы - артықшылық.

Эбнер-Эшенбах

Заң адамды бағындырады, заңды ақыл бағындырады.

Фуллер

 

Пайданылған әдебиеттер:

  1. “Бастауыш мектеп”. №1 2006 жыл
  2. “Хабаршы” №6 2008 жыл
  3. Мектеп. №6 2008 жыл
  4. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №6 2007 жыл
  5. Бастауыш мектеп №5 2006 жыл


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар