Бұланды ауданы әкімдігінің білім бөлімі жанындағы
«Солнышко» бөбекжай-балабақшасы МКҚК
Қазақ тілі мұғалімі Мухамадиева Асель Кадербаевна
Қазақстан Республикасының Конституциясында аталғандай мемлекеттік тілді еркін игеру дегеніміз- ол ойын жеңіл де қиындықсыз жеткізе білулік қабілеті. Осы дәрежедегі деңгейге жету үшін тілді үйрету жұмысы мектепке дейінгі кезеңнен белсенді білім, білік, дағды және қабілеттерімен бастау алуы қажет.
Тәрбие басы- тіл, сондықтан балабақшада қазақ тілін үйрету оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қамтиды. Сәбилік кезден бастап-ақ саналы тәрбие ретінде қазақ тілін үйренуге тәрбиелеудің түп негізі- балабақшада қалыптасады.
Қазақ даналығында «Тіл- ұлттың жан дүниесі, сезімінің, ойдың жанды көрінісі» деп тегін айтылмаған. Өзге ұлт өкілдері балаларына тіл үйретудің қиындығы мен қызығы да осы шақтан басталады. Сондай қиындықтарды қызыққа жендіріп, әр сабақта баланың жаңа сөздерді меңгеріп, өз ойын айта білуіне және толық жауап беруіне ұмтыламын, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін түсініп қолдана білуге жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар беремін.
Үйретудегі жаңа қызығушылық негізі ол- мектепке дейінгі мекемедегі міндетті барлық белгілі кезендегі деңгейі анықталатын мақсатты жоба мен білім берудің Мемлекеттік Стандартының тудырылуы мен оны тәжірибеге енгізудегі ұйымдастыру мен бірлескен жағымды орта жағдайды қамтамасыз ету мәселесімен байланысты. Мемлекеттік білім беру жалпы міндетті стандартында «Коммуникация» бөлімінде мектепке дейінгі балалардың тілдік базалық құндылықтарын игеру, мемлекеттік және басқа тілде әлеуметтік мәдениетке өзара байланысты, қоршаған ортадағылар мен вербалды және вербалсіз құралда қарым-қатынас жасауға қабілеті туралы айтылған. Сондай-ақ тілді үйрету стандарты қазіргі балабақша түлегі деңгейін мінезделеді. Тілді еркін игеруде дыбыстың сарапталуы және салыстырма анықтауыш, жалпылайтын сөздерді айыра отыра сондай-ақ тілдің ерекшелігі мен сөздік бейнелеудегі негізгі мазмұнын түсінетіні және оқуға, жазуға, кітапқа деген қызығушылығын көрсетілген. Мектепке дейінгі мекемеде балалар қазақ тілін өздерінің белсенді әрекеттері кезеңдерінде игере отыра білулері тиімді бір жол болып табылады. Ол үшін оқу-тәрбие процессін жүргізіп отырған оқытушы ең алдымен өзі жиі өмірде кездесетін сөздерді меңгере отыра қарапайым болсын сөздерді сауатты құрастыра білу деңгейлігінде болу керек. Тілді үйрету өте қиын да көп жақты педагогикалық-психологиялық үрдіс. Осы жұмысты нәтижелі жүргізу мәселелерінің бірі баланың тілге деген қызығушылығын, ықылас, ынтасын ояту және осы қызығушылықты жоғалтпай қалай үйретуіміз керектігі.
Тәжірибеде көрінгендей жұмыс барысында ең қиынға түсетіні ол ауызша сөз байланысын құрастыру. Оның ішінде келесі міндеттерді жүзеге асыру өте күрделі:
Сондықтан да кіші топтардан бастап жүйелі, бірізділікті жүргізілетін кешенді бағдарлама болуы керек. Кешенді бағдарламаның негізгі диалектикалық жұп негізінде «НЕ-КІМ», «ҚАЙДА- ҚАШАН» және «ҚАЛАЙ-ҚАШАН» қатынасты ауыстырушы көрсеткіштер арқылы «ОБЪЕКТ-СУБЪЕКТ», «КЕҢІСТІК- УАҚЫТ», «САПАСЫ- САНЫ» құрастырылуы қажет.
Кешенді бағдарлама мақсатын жүзеге асыруда жеке баланың қабілеті мен шығармашылығын ескере отырып жұмыс істеуі керек. Балалардың жаңа сөзді игеруі ол бастапқы сәкі, ал сөзді сөйлемде, қолданып бекітілуі балаларға түсінікті болғаннан соң басталады. Сөздік жұмыс дұрыс айтылуымен тығыз байланысты және дыбыстың артикуляциясына көп жұмыс түрі бөлінеді. Бағдарламада тек қана тақырыптар беріліп қана қоймай, қазақ халқының салт-дәстүр негізінде болуы қажет. Тілді үйрету кезеңінде ойындық, мәселелік, тілдік жағдаяттар және деңгейлік сараптап оқытуға байланысты тапсырмалар түрінде құрылғаны жөн. Үйрету әрекеті баланың санасымен еркі, сезімінің дамуымен аяқталатын білік және дағдыны үйретумен құралады. Қолайлы қарым-қатынаста нақты сөздің айтылуы және оның тілдік мәнері мен кілттік терек сөз компонентін айтуы, базалық терминдермен, ойластыру үшін шынайы қабылдау арқылы құрастырылған модел және затты меңгеруді қалыптастыруына байланысты тілдік мәнер дағдысы болуы қажет. Балалармен тілді үйретуде балаларды қабілеттігі бойынша топтарға бөлуге болады.
Мысалы:
Осы жұмысты жүргізу үшін келесі принциптерге негізделуі қажет:
Біз қазақ тілін меңгерудегі интерактивті «ПЕДАГОГ- ТОП- БАЛА-
ПЕДАГОГ» жүйесі қалыптасады. Ұжымдық жұмыс барысында жұмыс тез
шешіледі, өйткені ой көптің мәрекеттерінен туындайды. Сондықтан
балалармен оқытушының бірлескен қызметі мен ұйымдастырып оқытудың
формасын анықтап алған жөн.
Ал осы мектепке дейінгі мекемелердегі қазақ тілін үйретудегі кездесетін негізгі өзекті мәселелері:
Сондықтан мектепке дейінгі мекемедегі әдістемелік, қазақ тілі бөлмелерінде таратапалы материалдармен, көрнекі құралдар, оқытудың техникалық құралдары, көркем әдебиеттер, сюжет және заттық суреттер сияқты жинақтар жеткілікті болуы қажет. Қазақ тілі кабинетінің қазіргі заман талабына сай компьютермен және лингавондық, аудио, видео техника құралдарымен толық қамтылуы балалардың тілді тез игерілуіне қамқор болады.
Біздің балабақшамызда қазақ тілі мұражайы безендірілген, топтарда ұлттық бұрыштары әр түрлі дидактикалық ойындармен, балалар әдебиет хрестоматиясы журналдарымен, техникалық құралдармен (бейне таспа, үн таспа сияқты» қамтамасыз етілген. Қазақ тілі мұражайын безендіруге үлесімді қосып қосып отырамын, өйткені балалар қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білуі қажет. Балалар қызығушылықпен қазақ тілі мұражайына серуенге барып менің айтқан әңгімелерімді тыңдап, салт-дәстүрлерімен танысады, қазақ халқының ойындарын үйренеді, қазақ халқының қол өнерімен танысады. Бұл қосымша жұмыстары баланың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін оятуға негізделген.
Балабақшада бала қазақ тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі- ауысша сөйлеп үйреніп жатады. Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан да балалармен жүргізілетін жаттығулар түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтары үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып үйренуге арналған жұмыс түрлерін біртіндеп күрделене береді.
Балабақшада жүргізілетін тәрбие білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады. Дыбыстардың ерекшеліктерін жете меңгеріп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру басқа да, тілдерін дамыту сабақтарында ғана емес, ән күй, дене шынықтыру сабақтарында да, сабақтан бос кездерінде балаларға ана тілінде өлеңдер, тақпақтар, көркем сөздерүйретіледі.
Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрып өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін құрметтеуге, адамгершілікке баулиді.
Балабақша бүлдіршіндеріне саналы тәлім тәрбие берудің жолдары көп. Солардың ішіндегі ең тиімдісі мен қолайлысы – ойын арқылы тәрбиелеу, өйткені жеті жасқа дейін баланың өсіп дамуы үшін қимыл-қозғалыстар, жаттығулар, ойындар ауадай қажет.
Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте,-дегендей, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан, наным-сенімдерін, дәстүрін, әдет- ғұрыптарын өсіп келе жатқан, жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту үлкен нәтиже береді.
Қазақстан- көп ұлтты мемлекет болғанымен біздің балабақшамызда 11 ұлттың балалары оқиды. Сондықтан күнделікті жұмыста балаларды бір-бірін сыйлауға, достық қарым-қатынасты нығайта білуге, біріне-бірі көмекке келуіне, рухани адамгершілікке тәрбиелеу менің міндеттерімнің бірі болып табылады.
Балабақшамыз орыс тілде жұмыс істегендіктен қазақ тіліндегі көптеген әдебиет, әдістемелік нұсқаулар қажет. Сондықтан баланың ақыл-ойын дамыту, сөздік қорын молайту, өз ана тілінде таза сөйлеуге балабақшамыздағы кітапхананы үнемі толықтырып отырамыз.
Осындай жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде қазақ балаларының ғана емес, басқа да ұлт өкілдерінің «Мен қазақ тілін үйренемін, себебі мен Қазақстан Республикасында өмір сүремін» - деген сөздерін есту мен үшін әрине үлкен дәриже, мақтаныш. Сондықтан балаларды тәңертеңгі балабақшаға қабылдаудан бастап, барлық сабақтарда, серуенде, үйлеріне шығарып салу кезіне дейінгі уақытта, көркем сөздерді пайдалана отырып, бойларына адамгершілік қасиеттерді дарыта салса, келешекте саналы, өз елін, жерін, тілін бойына жақсы меңгерген азаматтарды, тәрбиелеп шығара аламыз. Қазіргі қазақ отбасындағы қос тілділікті болдырмау үшін жас ата- аналармен үнемі жұмыстар жүргіземін.
Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек біз, балабақша табалдырығын аттаған бала бойына қазақ тілін қасиетті сүттей сіңіру үшін біздің балабақшада балалардың, ата-аналардың тілге деген патриоттық сезімдерін ояту үшін көптеген жоғарыда аталған жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан- көп ұлтты мемлекет болғанымен біздің балабақшамызда 13 ұлттың балалары оқиды. Сондықтан күнделікті жұмыста балаларды бір-бірін сыйлауға, достық қарым-қатынасты нығайта білуге, біріне-бірі көмекке келуіне, рухани адамгершілікке тәрбиелеу менің міндеттерімнің бірі болып табылады.
Біздің балабақшамызды өзге ұлттың балалары мемлекеттік тілді меңгергендерін көрсетіп жыл сайын аудандық «Балғын шақ» байқауына қатысады. Өткен жылы бірінші орынға ие болып, облыстық байқауында дипломға ие болдық. Осындай көрсеткішке жету, күнделікті жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі деп айтуға болады.
Балабақшада «Гүлдер-ай» қазақ тілі үйірмесі қызмет атқарады. Үйірменің жұмыс кестесі бойынша мен өзге ұлт балаларымен театр қойылымдарын дайындаймыз. Қызмет атқарып отырған екі жылдың ішінде «Үйшік», «Өзіне дос іздеген бота», экология мәселесіне байланысты «Табиғатты аялайық» ертегілерін көрсеттік. Сонымен қатар әр баламен жеке және жұптасып жұмыс жүргізіп балалардың тілдерін жаттықтыруға тырысамын. Осы жұмыс барысында көмек көрсеткен ата-аналарға да ризашылығын шексіз. балалардың киімдерін дайындап, берілген сөздерін жаттауға көмектескендері үшін.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың жоспарына ата-аналардың тілге деген қызығушылығын келтіріп, баланың ғана емес, ата-аналардың да патриоттық сезімін ояту үшін кеңестер, ұсыныстар беремін, өткізілетін ашық сабақтарыма , мерекелерге шақырамын.
Ертеде техникалық құралдар, кітап болмаған заманда қазақтан қаншама шешен шыққан? Сол кезде бала тілінің дамуына халық ауыз әдебиеті әсерін тигізген. Бесікте жатып-ақ анасының бесік жыры арқылы ана тілінің әуезділігі, сұлулығы жас сәби жүрегінен тереңінен орын тапқан. Сондықтан мен де жұмысымда халық ауыз әдебиетіне үлкен назар аударамын. Балалар Балабақшада өткізілетін мерекелердің тақырыптарына сәйкес балаларға өлең, ән, мақал-мәтелдер, жұмбақтарды үйретемін, қазақ халқының салт- дәстүрлерін көрсетеміз, әсіресе «Наурыз» мерекесінде» әжелеріміздің қатысуымен.
Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, бала тілінің дамуына осындай күрделі, жауапкершілігі мол міндеттерді іске асыруда ата-аналардың рөл зор екенің ескере отырып, бөбекжай-балабақшамыз мемлекеттік стандарттағы ережелерге сүйене отырып, үш-алты жас аралығындағы бүлдіршіндерді тәрбиелеуде «Балбөбек» бағдарламасын пайдаланып, баланы сөйлеуге үйретуде, тілін дамытуда көптеген мәселелерді қарастырады:
Тілді үйретудегі - дамыту
- тіл тазалығы
- сөздің дыбыстық құрылымын
- мақсаттар меңгерту
- мәнерлеп сөйлеуге үйрету
- тіл мәдениеті
- көркем сөз өнеріне баулу.
Балалардың тілін дамытуда 4 негізгі мақсаттарды қарастырамын:
І. Ауызша сөйлеуге үйретіп, сөздік қорларын дамытуға тырысамын.
а) Айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байытып, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа диалог түрінде жауап беруге үйретемін.
ә) Заттың атын білдіретін (ойыншық, гүл, жапырақ) т.б. сөздерін үйретемін.
б)Заттың сының, сапасын түр-түсін, пішінің білдіретін сөздерді меңгерту.
в)Заттың іс- әрекетін білдіретін сөздерді әрі қарай кеңейтуге тырысамын (жүрді, жүгірді, келді, кетті)меңгерту.
г)Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, астында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету.
ІІ. Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрете отырып дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйретемін, 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрастырамыз.
ІІІ. Грамматикалық категорияларды меңгерту.
Зат есімге іс-әрекетті білдіретін сөздерді қосып сөйлем құрату. Зат есімнің жекеше және көпше түрімен таныстыру ( бала-балалар, қала-қалалар).
ІV. Байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Күнделікті сабақта естіген, білгенін ойын, серуен кезінде көрген-түйгенің, сурет және оқылған ертегілер мазмұның, ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша айтуға үйретемін.
Менің басты міндеттерім:
Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартын жетекшілікке алып, балалардың жастық ерекшеліктерін басшылыққа алып және алдыма қойылған мақсаттарыма сүйеніп күнделікті жоспарымды құрастырамын.
І. Сабақтың ұйымдастыру кезеңін өткіземін:
Балалармен амандасып, халдарын, жыл мезгілін, бүгінгі ауа райын сұраймын. Балалар сабақ сайын жыл мезгілдеріне байланысты тақпақтарын қызығушылықпен айтады.
Мысалы: Алақай-ау, алақай!
Қандай жақсы көктем-ай!
Нұр жамылды далалар,
Келді ауылға көп торғай.
немесе: Алақай, алақай!
Шаттанды балақай.
Күн ауады қар жауады.
Құс кетті қыс келді.
ІІ. «Амандасы шеңберін» немесе «Көңіл көтеру минутасын» өткіземін.
Мысалы: Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жер!
Армысың, көк аспан!
Армысың , жан досым!
Жылуыма жылу қос –
Міне менің қолым бос.- (балалар бір-бірінің қолдарын ұстайды)
немесе: Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар балаға
Тек жақсылық сыйлаймыз –дей отырып сабағымызды көтеріңкі көңілмен, достық сезіммен бастаймыз, осы сәтке байланысты балалардың тәртібі да сабақ бойы жақсы болады.
ІІІ. Өткен сабақтың тақырыбын қайталаймыз.
Дидактикалық ойындар арқылы қайталаймыз. Мысалы: «Сиқырлы қоржын», «Кім көп сөз айтады», «Енесі мен төлі», «Қандай ойынщық», «Бұл не?», «Үй жануарлардың беретін пайдасы» «суретті көрнекіліктер арқылы), «Ұшты-ұшты»
ІІІ. Дыбыстық жаттығулар орындаймыз.
-ші, -ші, -ші- кезекші
-ық, -ық, -ық- қасық
-қы, -қы, -қы- шанышқы
-ші, -ші, -ші көмекші, - деп балаларды қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырамын.
ІV. Көрнекі суреттермен жұмыс жүргіземіз.
Көрнекі суреттер арқылы сөздік жұмысын жүргіземін. Көбінесе осы жұмысымыз «сұрақ-жауап» түрінде өтеді:
-Мынау не? Мынау кім? деген сұрақтарға балаларды дұрыс және толық жауап беруін үйретемін. Балалар тек қана дос, құс, бала, мысық деп жауап бермей- Мынау мысық. Мынау қыз.- деп толық жауап қайтаруға тырысады.
V. Сергіту сәтін өткіземін: Әжемнің екі қазы бар,
Мойындары иілген-иілген.
Қабақтары түйілген-түйілген.
Оны қалай жазамыз?
Жем береміз, су құямыз,-
Енді мойыны жазылар, жазылар
Әжемнің екі қазы бар.
Тақырыпқа байланысты өлеңдерге сергіту сәтін ұйымдастыруға болады. Сонымен бірге - «Бес саусақ», «Бас бармақ», «Қуыр-қуырмаш» саусақтар ойындарын өткізуге болады.
VІ. Балалардың тілдерін дамытамын:
Әр тақырып бойынша шағын әңгіме құрастырамын. Тәуелсіз Қазақстан туралы түсінік беріп, елтаңбасы, туы, ән-ұранымен таныстырамын.
«Отбасы» тақырыбы бойынша- Мынау- біздің отбасымыз. Мынау менің анам. әкем, әжем, атам. Біз бәріміз тату-тәтті тұрамыз. Мен анама көмектесемін. Бәріміз еңбек етеміз, -деп үлгі ұсынамын, мектепке даярлық топтар өз отбасылары жайындағы әңгімелерін осы үлгі бойынша жалғастырады. Осы кезеңде тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді жаттауға болады: «Отан- оттан да ыстық». «Отансыз адам- ормансыз бұлбұл».
VІІ. Қорытынды жасаймын:
Жұмыс дәптердегі жаттығу жұмыстарын орындауды тапсырамын. Сабағымызды қорыта келіп -Бүгінгі тақырыбымыз сендерге ұнады ма?,- деп балалардан сұраймын.
Қорыта келгенде, баланың тілін дамыту үшін түрткі болатын екі күш қажет. Осы күштердің бірі болып ең алдымен ата-ана табылады. Өз баласының ерекшелігін көріп, оны дұрыс бағалай және бағыттай біліп, біліммен, тәртіппен, еңбекпен ұштастырып отырса, бала тілінің дамуына қажетті жағдай жасаса, бұдан балаға, оның болашағына үлкен пайда болары сөзсіз.
«Білім –менің тілімде» деп ұлы аталарымыз айтпақшы білімді болғымыз келсе ең алдымен мемлекеттік тілімізді білуіміз қажет.
Улдархан Илесбаевна
Оте керемет маган унады