Өлең, жыр, ақындар

"Қош, келдің әз-Наурыз"

Cыныбы: 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Қош келдің, Наурыз!»

         Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға халқымыздың салт - дәстүрін, тойларын, әдет - ғұрыптарын таныстыру; Тәрбие сағаты арқылы балаларды ата - бабамыздан қалған салт - дәстүрімізді біліп үйренуге тәрбиелеу; Сөздік қорын молайту.
      Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ- жауап, оқу.

Сабақтың құралдар: плакаттар, нақыл сөздер, интерактивті тақта, суреттер, көрме.

Әдебиеттері: Нақыл, қанатты сөздер, дастархан, қазақ энциклопедиясы т.б.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезең –

Уа халайық, құтты болсын мерекең.

Құтты болсын, құтты болсын берекең,

Наурыз тойы тойланады мектепте.

Қош келдіңдер мерекені көруге.

Қайырлы күн! Армысыздар, көрермендер! Бүгінгі біздің «Қош келдің, Наурыз!» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз!

ІІ Жаңа сабақ
      Мұғалім сөзі: Наурыздың 22-сі – барша мұсылман халқының жаңа жылы. Наурыз – жыл басы. Парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» дегенді білдіреді. Наурыз мейрамы ерте заманнан тойланып келе жатыр. Адамдар бұл күнге ерекше дайындалған, айналаны тазартып, бар ыдыс - аяқтарды сүт, айран немесе бұлақ суына толтырған – баршылық пен молшылықтың белгісі.
      Адамдар екі қолмен қол алысып, бір - біріне жақсы тілектер білдіреді.
« Наурыз құтты болсын!», « Ақ мол болсын!» деген тілектер айтылады.
Наурыз күні киіз үй тігіліп, ұлттық дәстүр бойынша ағаш отырғызылады. Наурыз көже пісіріледі. Наурыз көжені тойғанша іші керек, сонда тоқшылық болады деп ырымдайды.
      «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы болар» деген екен атам қазақ. Ендеше, мерекемізді бастамас бұрын үлкен кісілерден наурыз бата алайық.
Сайыс кезеңдері:

  1. Ұяшық сұрақтары  «Жүйрік болсаң …» Салт-дәстүрге және халықтың ұлттық бұйымдарынан арналған сұрақтар
  2. Дыбыстар сөйлейді  «Сөз тапқанға …. » «Мен Наурыз мейрамын ..... өткіземін» шағын эссе жазу
  3. Менің ойымды суреттер жеткізеді. Суреттер салу
  4. Ойлан тап «Тапқыр болсаң  …» Адасқан әріптер. Наурыз мейрамына, Қазақ халқының ұлттық заттарын жазу
  5. Сөзді жұмбақта  «Шебер болсаң …» Мақал-мәтел. Жұмбақтар
  6. Қолқа салу  «Ойлы болсаң …» Өнерлерін көрсету
  7.  

 

1. Салт-дәстүрге және халықтың ұлттық бұйымдарынан арналған сұрақтар. (әр дұрыс жауапқа 2 ұпай)

  1. «Сәлем -сөздің анасы, сөз - сарасы» . Қазақ халқының ұғымы бойынша сәлем беру- тәрбиелік пен адамгершілік белгісі.«Ауылдан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал келіп сәлем береді» дегендей сәлем беру қалыптасқан ұлттық дәстүріміз. Амандасу түрлерін атаңыз. (көрсетіп беріңіз)
  2. Балалар, атадан балаға мұра болып қалатын үйді не деп атайды?
    Қарашаңырақ (дәстүр, ұғым) атадан балаға мұра болып қалған үй «киелі үй» деп саналады. Оны ел, ағайын - туыстары « қарашаңырақ» деп құрмет тұтады.
  3. Мал сүйегін пайдаланып ойналатын ұлттық ойын түрлерін ата.
  4. Қазақ халқының үйлену тойында қандай ән айтылады?
  5. Бала дүниеге келгенде болатын той
  6. Әшекей бұйымдар жасайтын адамдарды кім деп атайды?
  7. Бала алғаш рет қадам басқанда жасалатын рәсім?
  8. Келін түсіру тойында келінді жаңа туыстарымен таныстыру үшін болатын салт не?

 

2. Дыбыстар сөйлейді  «Сөз тапқанға …. » «Мен Наурыз мейрамын ..... өткіземін» шағын эссе жазу (әр бір жазылған эссеге 5 ұпай)

Ұлыс күні кәрі - жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасын өрістен.

3. Менің ойымды суреттер жеткізеді. Суреттер салу

Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанға елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.

 

4. Ойлан тап «Тапқыр болсаң  …» ШІЛДЕХАНА сөзінен ұлттық қазақи сөздер құрастыру.

Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Талма, именіп ділмардан.

5. Сөзді жұмбақта  «Шебер болсаң …» Мақал-мәтел. Жұмбақтар

Жыл басы – Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.

 

6. Қолқа салу  «Ойлы болсаң …» Өнерлерін көрсету

Наурызда жаңа жыл басталады.
Жаңа жыл жақсылыққа бастар әні.
Жер ана да бусанып қозғалуда,
Ақ көрпесін сыпырып тастағалы.

ІІІ Қортындылау:

      Мұғалім сөзі: Осымен мерекеге арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Бәріңізді мерекелік дастарханға шақырамыз.

Б А Т А
Еліңнің елеулісі бол!
Халқыңның қалаулысы бол!
Ақылыңа көркің сай,
Ата-анаңның самғар құсы бол!

Иә, жаратқан жар болып,
Сендерді бәле-жаладан сақтасын!
Елің сені мақтасын!
Терең білім, терең ой ,
Сеннен алшақ жатпасын!
ӘУМИН


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз