Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы, Жаушықұм ауылы
«Жаушықұм» мектеп-лицейінің
География пәні мұғалімі: Тилеубекова Сара Анарбекқызы
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның жер бедерінің құрылысы туралы түсінігін қалыптастыру. Аласа таулы өлкелер туралы білімін ұлғайту.
|
Сабақ жоспар.
Сабақ барысы |
Уақыты |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Қолданылған ресурстар |
||
Сыныпты ұйымдастыру |
1 мин |
Сәлемдесу, қажетті құрал-жабдықтарды түгендеу. Стикерлер арқылы топтарға бөлу. |
Мұғаліммен сәлемдесіп, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендейді. Стикерлер арқылы үш топқа бөлінеді. |
Кітап, дәптер, кескін карта, атлас, стикерлер. |
||
Үй тапсырмасын сұрау. |
7 мин. |
1. Кескін картамен орындауға берілген тапсырманы, өзара бағалау критерийлері негізінде тексеруді ұсыну. 2. 20 сұрақтан тұратын тест жұмысын орындауды тапсыру. |
1. Кескін картаға «Қазақстан жазықтары, үстірттері мен қыраттары, төңірегіндегі географиялық объектілерді» түсіріп келуге берілген тапсырманы өзара тексереді. 2. 20сұрақтан тұратын тест жұмысын орындайды. |
Кескін карта, 8сынып атлас, тест парақшалары. |
||
Жаңа сабақ барысы |
||||||
2.Ой шақыру. |
3 мин |
Еске түсіруге арналған сұрақтар беру негізінде топтардың атын анықтау.
|
Еске түсіруге арналған сұрақтар төңірегінде тұшымды жауаптар қайыру арқылы топтарының атын анықтайды. |
Қазақстанның физикалық картасы, атлас. |
||
2. Түсіндірме жұмыс. |
4 мин |
Сарыарқаның «Көкшетау, Баянауыл Қарқаралы» таулары жайлы түсінік беру. |
«Көкшетау, Баянауыл Қарқаралы» жайлы берілген мағлұматтарды атластан қарап, қажетті дүниелерді дәптерге жазып алады. |
Қазақстанның физикалық картасы, атлас. |
||
3. Топтық тапсырма «ментальді карта қорғау» |
14 мин |
Топтарға «Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау» таулары тақырыбындағы мәтінді оқып, қайта топтаса отырып, талқылау жұмыстарынан соң, кескін карта негізінде сипаттама беру тапсырылды. |
Топтарға «Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау» таулары тақырыбындағы мәтінді оқып, қайта топтаса отырып, талқылау жұмыстарынан соң, кескін карта негізінде сипаттама беру тапсырылды. |
Кескін карта, оқулық, түрлі-түсті жолақтар. |
||
Ойлан, тап. |
4 мин |
Ұяшықтардағы «3,4,5» балдық деңгейлік тапсырмаларды орындауды ұсыну. |
Ұяшықтардағы «3,4,5» балдық деңгейлік тапсырмаларды орындайды |
Интерактивті тақта. |
||
4. Бес жолды өлең құрау әдісі. |
5 мин. |
Әр топқа өз тақырыптары негізінде бес жолды өлең құрау тапсырылды. |
Әр топ өз тақырыптары негізінде бес жолды өлең құрайды. |
А4 парақ |
||
Рефлексия, бағалау |
6 мин. |
Оқушылардың сабақ барысында алған әсерін білуде мимиконы пайдалану. Оқушыларға, топ жетекшісіне тарқатылып берілген бағалау парағындағы бағаның әділдігін қадағалау, ортақ бағасын қойып беру. |
Сабақ барысында білгенін, білгісі келетін дүниелерді стикерлерге жазып мимикоға жапсырады. Бағалау парақшасына оқушы жеке өзіндік бағасын, топ жетекшілері де баға қойып отырды. |
Мимико, бағалау парақтары, фигуралар
|
||
Үй тапсырмасы |
1 мин. |
Үй тапсырмасын тапсырып,орындалу ретімен таныстыру. |
Үйге әр топтың мүшелері өз тақырыптары негізінде эссе жазып келеді. |
Интернет материалдары, атлас, оқулық. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі