Ақтөбе облысы
Мәртөк ауданы
Қаратоғай орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Елекешова Мирагуль Мажиевна
Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.
Тәрбиелік: Отан – Ананы құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елженды болуға, елінің Тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету;
Көрнекілік: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол), мультимедиялық тақта, тақырып желісі бойынша слайдтар, шарлар, нақыл сөздер, кітап көрмесі.
Жүру барысы:
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар ! 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым-ЖЕЛТОҚСАН» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың,
Тәуелсіздік – ұлтың менен ұраның.
Шартарапта шаттығыңдай азаттық,
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Көк Байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,
Шалқи берсін Әнұраны Қазақтың!
Әнұран орындалады.
2- жүргізуші: 1986 жылдың ызғарлы желтоқсаны қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды.70 жыл бойы құлдырауға маталған қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. Қазақтың бас бірлігі, жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күні сол еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.
1- жүргізуші: Иә, бостандық, теңдік, тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ! Қаншама адам құрбан болды. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан! Ол бір жан түршігерлік оқиға қазақ халқының мәңгі есінде қалады. Желтоқсан - елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.
2 – жүргізуші: Тойланып мың мереке, ұлыс күні
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы!
Би: Қазақ биі
1-жүргізуші: Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.
Көрініс
1-батыр:
Бұқар жырау келді!
2-батыр: Арқаның ардагерін қарсы алайық!
Бір топ адаммен ордаға Бұқар жыраудың өзі де кіреді.Абылай хан түрегеліп амандасып, оң жағынан орын береді.
Бұқар жырау:
Армысыз, Абылай?!
Абылай хан:
Армысыз, Бұқар баба?!
Бұқар жырау:
Армысыздар, жарқындармын?!
Қабанбай, Бөгенбай, Баян батырлар:
Армысыз,Бұқар баба?!
Бұқар жырау сәл ойланып, тұнжырап қалғандай болады,тамағын кенеп Абылайға қарап сөзін сабақтайды.
Бұкар жырау:
Біз барымыз-ау,хан ием.Қазақтың халын айтсаңдаршы, сол мендегі зар,сол мендегі запыран... Қандыауыз жоңғар қазағымды құл қылғысы келеді.Қызымды басыбайлы күн, ұлымды мұрны тесілген құл қылмақ. Қайран қазақтың халі өте нашар, Абылай.
“Берекесі жоқ елдің жоқ “ Не қылмақ ойын бар, а, Абылай?
Ордада үнсіздік. Бұқар жырау Абылайдан жауап қүткендей.
Бұқар жырау (Абылайға түйіле қарап):
Бар сенгеніміз сенсің, Абылай! Баста мына елінді!
Бөгенбай батыр:
Қарт баба дұрыс айтады. Үш жүздің қазағыңың басын қос, баста мына елінді.
Бөгенбай батыр:
Қарт баба дұрыс айтады. Үш жүздің қазағының басын қос, баста елінді.
Бұқар жырау:
Сайдың тасындай даңқты батырларың мен қалың қазақ сені қолдамаса, маған кел.
Абылай ойга берілгендей отырып қалады.
Абылай хан:
Ақиқатты ғана айтасың-ау жырауым! Ақтабан шұбырындының кегі үшін ғана емес,
Қазақтың бостандығы үшін бүгін осы Ақордаға жиналып отырымыз. Жырауым, ақыл қосып отырмыз.
Бөгенбай батыр (Бұзау терісіне салынған қартаны көрсетіп)
Уа, хан ием! Міне мына жерде біз Қалдан Сереннің әскерине соққы береміз. Бүкіл үш жүздің әскері, міне, осы тұстан кеп қоршайды.
Қабанбай батыр:
Көрсін сонда қалың шүршіт осы қақпаннан құтылып!
Наурызбай батыр:
Осы жолы біз олардың көкжелкесін қиямыз!
Қабанбай батыр (Оң қолын кеудесіне қойып сөз сұрады)
Хан ием,қазақтың шүршітте кеткен қанды кегі бар. Құдай қаласа, қазақ жері азат болды!
Баян батыр: Хан ием, аттанайық жорыққа!
Барлығы: Аттанайық, аттанайық!
Бұқар жырау:
Бұдан былай исі қазақ Абылайдың туы астында жинаулы керек! Қазақтың халі қыл үстінде тұр, ағайын!
(Жұрт шуласып қоя береді)
- Иә,жырау!
- Табанды боламыз!
- Жауға кұл болғанша, өлгеніміз жақсы!
- Аттан,аттан!
(Көрініс осымен бітеді)
1-жүргізуші: Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.
2-жүргізуші: Жас арудың жанарында - Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында - Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында - Желтоқсан.
Жауыздықты жасаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да - Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастағанда желтоқсан.
(хор: Желтоқсан желі)
(Желтоқсан туралы слайд)
1-жүргізуші: Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
(Ән: Елім-ай )
1-жүргізуші. Міне, осы Тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды азаматтарымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.
2-жүргізуші: Шалқы қазақ, шалқытып заман келді,
Текке қанын өккен жоқ Амангелді.
Кең далаңда керіліп, атыңды атап,
Жырлап қазақ жаңа күй жаңа ән келді.
(хор: Атамекен)
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі