Ақмола болысы Бұланды ауданы
«Балдырған» мектеп –балабақшасының тәрбиешісі Бахытхан Анар
Тақырыбы: «Елбасы бізбен бірге»
Мақсаты: Білімділік балаларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Жеке тұлғаның зияткерлік дамуы. Өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.
Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету, балалардың бойына демократиялық құндылықтарды сіңіріп тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: ой-толғау, ауызша баян, сұрақ-жауап
Көрнекілік: Елбасы суреттері, еңбектері, кітаптар
Ұйымдастыру кезеңі:
Қазақстан Республикасының әнұранын орындау
-Балалар, енді сұраққа жауап берсеңдер?
1.Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
Жауабы: Қазақстан Республикасы
2.Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?
Жауабы: Астана қаласы
3.Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Жауабы: Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы
Елбасының суретін көрсету
Тақпақ:
Елбасы төбедегі бақ жұлдызың
Қаратты өз аузына жердің жүзін
Сұңғыла саясатпен сара тілін,
Ерітті тарихтағы таңның мұзын
Балалардың тақпақтары:
Саяжан :
Даласында достық іздеп жүр екен
Дуалы ауыз, басқан гүлі із екен
Өз халқының кең пейілі сияқты
Күллі әлемді алған Нұрекен!
Нұртөре :
Секілді заңғардағы тау барысы
Нұрсұлтан ел тірегі намысы,
Адамның бұл өмірде арманы жоқ
Халқының бола білсе, қорғаны
Қорытынды:
Елбасының тұңғыш рет президенті болу. Халқына деген сүйіспеншілігін, білдіріп, көптеген ғимараттар мектептер, балабақшалар салғызды. Біз елбасымызға рахмет айтуымыз қажет. Бізге елбасымызға рахмет айтуымыз қажет. Бізге балабақша салып бергеніне және де, өз халқына қамқор болу. Біз елбасыны мақтап етуіміз қажет.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі