Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Құрық селосы
«Құлыншақ» балабақшасы тәрбиешісі: Әуелбаева Жанар Жаңабайқызы
Бізде бәрі дайын ба?
Қазір қыздар келеді
Залды қыздырайық әдемі
Ұлдар, ұлдар қараңдар
Әне, өздері де келіп тұр.
Көңілдірек жымыйайық
Біздің қыздар келіп тұр
Қымбатты қонақтар, аналар, әжелер, бала-бақша ұжымының апайлары Жыл мезгіліндегі ең тамаша, ең шуақты мерекелеріңізбен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Балаларымыздың сіздерге дайындаған "Құттықтаймын анашым" атты ертеңгілігін қабыл алыңыздар!
Уа, ағайын ағайын
Көктем келді жайнаған
Бау-бақшада бүгін той
Қош келдіңіз ағайын.
Гүлдей жайнап тұрыңдар
Құттықтаймыз сіэдерді
Мерекеңмен бүгінгі
Балалар бәрі: Құттықтаймын анашым, 8-наурызбен!
Тақпақтар:
Дамир: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын
Мейіржан: Анашым анам
Риэамын саған
Тіліңді алам
Ақылды болам
Керей: Аялап алақан
Әлпештеп өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген
Мадина: Ақ жүректе сақтаған
Жарқын жүзің бақ маған
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші, келші ақ мамам.
Інжу: Шалқып тасып әніміз
Жадыратып әніміз
Ана сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз
Ән:
Би "Қуыршақ"
Жүргізуші:
Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Арналады сіздерге
Бар баланың тақпағы
Тақпақтар:
Азамат: Анашым менің ақ мамам
Балдай тәтті бал анам
Анам барда әрдайым
Қуанамын шаттанам
Сүндет: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміэ
Ананы да ардаұтап
Әдеппен бас иеміз
Сезім: Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттқтаймын анашым
Ғафур: Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Резида: Анаң болса қасымда
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Арман: Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегінде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Аян: Мен анамды сүйемін
Құшағна енемін
Мәпелеген анамды
Қуантсам деп келеміз
Жүргізуші: "Тәтті нан" ертегісінен көрініс тамашалайық
Әже: (кіреді) Міне қамырым көтерілді, жұмсақ, дәмді, тәтті нан пісетін болды. Дастарханға нанды илейін. Арасына картоп, сәбіз салайын. Ару көктем келгенде дәм татқызайын.
(Тәтті нан секіреді)
Әже: Ой, мынау не? Мына тәтті нан маған бірдеңе айтқысы келеді.
Менің сиқырлы орамалым қайда? Орамалмен жабады.
Чуф-чуф көрінші
Чуф-чуф тірілші
Тәтті нан тіріледі
Тәтті нан: Әже сәлем бердік, мен бәрін естідім. Сіз көктем аруын күтіп отырсыз. Көңілді мереке болатын болды. Жарайды мен ана жолмен көктемді қарсы алайын.
Мен тәтті нанмын
Көңілденіп келемін
Қоян шығады,алдын ал.
Қоян: Сәлем тәтті нан, мен сені жеймін.
Тәтті нан: Жемеші мені, мен саған өлең айтып беремін:
Мен тәтті нанмын,
Әжемнен қаштым
Жолда жүгіріп келемін
Көктем аруын күтемін
Қоян: Сен дәмдісің сені жеп қоямын
Тәті нан: Балалар көмектесіңдерші, қоян неден қорқады?
Балалар: Желден қорқады.
Қане бәріміз жел болып үрлейік.
Балалар үрлейді, қоян қашып кетеді. Тәтті нан домалап кете береді, алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр қоянға: "Мен сені жеймін" дейді
Қоян: Тоқташы сен қорқытпашы
Тезірек қаш орманға
Керек етсем егерде
Ұрып тастаймын сеніде
(Қасқыр қорқып кетеді) Саған не болған тәтті нан, мені неге ұрасың?
Тәтті нан: Балалар қасқыр неден қорқады?
Балалар: Иттен қорқады.
Тәтті нан: Ендеше бәріміз итше үрейік АФ-АФ-АФ
Қасқырдан құтылған тәтті нан әрі қарай домалап кетеді алдынан аю шығады.
Аю: Сәлем тәтті нан мен сені жеймін
Тәтті нан: Жемеші мені, мен саған өлең айтып беремін:
Мен тәтті нанмын,
Әжемнен қаштым
Жолда жүгіріп келемін
Көктем аруын күтемін
Көктемге өнерімді көрсетемін
Аю: Мен сені бәрәбәр жеймін
Тәтті нан: Сені қалай қорқытсам екен (ойланады) Балалар аю неден қорқады?
Балалар: Аю бал жейді, арадан қорқады.
Тәтті нан: Бәріміз ара болайық
Балалар ара болып Ж-Ж-Ж-Ж дейді. Аю қашып кетеді.
Тәті нан: Қой мен шаршадым, әрі қарай көктем аруын іздей алмаймын,-деп отыра кетеді. Осы кезде түлкі келеді.
Түлкі: Мен әдемі түлкішек, ән салуды ұнатқан. Ой бұл не өзі?
Тәтті нан: НЕ емес кім? Мен тәтті нанмын, сұлу көктемді көктемді күтуге шығып едім, жете алар емеспін.
Түлкі: Қандай дәмді нан, кел алақаныма отыршы.
Тәтті нан: Ия, балалар қараңдаршы бірінші алақаныма отыр, одан мұрыныма отыр, сосын бауырсақ сияқты меніде жеп қойғың келеді ғой. Ал онда көктем аруын кім күтеді? Одан да дос болып, көктемді бірге қарсы алайық. Ол қазір жақындап қалған шығар.
Жүргізуші: Балалар бәріміз көктем аруын күтеміз бе?
Балалар: ия
Жүргізуші:
Жасыл көктем, сен көктем
Гүлді гүлмен өрнектеп
Ел бақытты мейірлі
Балары әндеткен
Төрлет көктем жоғары
Көктем кіреді (сөйлейді)
Жүргізуші: Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз, бірге көңіл көтеріңіз.
Тақпақтар:
Ақсұңқар: Қар су болып жөнелді
Қалды дала жалаңаш
Күн нұрына кенелді
Бүршік атып бар ағаш
Келіп көктем құстары
Бау бақшада ән салды
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды
Манас: Дала неткен кең еді
Құстар әуен төгеді
Көптен күткен көктемнің
Көп болсыншы берері
Көктем келді құс келді
Ойнаймыз біз илеп
Біздің көлге түстенді
Былтыр кеткен қаз үйрек
Айсұлу: Жыл басы наурыз мереке
Ақ нұрға әсем боянды
Аналар тосты береке
Тіршілік жаңа оянды
Мирас: Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймын мейраммен
Құрметті әжелер мен аналар
Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін балаңның
Аман-сау жүр ақ мамам
Көктем: Менде құр келген жоқпын, сендерге ойын алып келдім
Ойын: Гүлдерді жинау
Жүргізуші:
Қайырымды қасиетті
Ең ардақты ақ әжем
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес ақ әжем-дегендей бүгінгі мерекемізге әжелерде келіп отыр екен. Әжелеріміз аман болсын деп,
Әжедерге арналған балалардың тақпақтары:
Абдурахман: Ертегі қандай көп еді
Күнде айтып береді
Қуанатын балаша
Менің анам тамаша
Жандос: Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит әкеп береді
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді
Берекет: Менің әжем сымбатты
Әжем менің қымбатты
Құрт пен майын жинайды
Бізге оны сыйлайды
Ерсін: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Бекзат: Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүр жасап
Ауырмашы анашым
Жүргізуші:
Аялы ғой сипаған
Алақаның әжетайым
Арналады сіздерге
Қазіргі біздің әніміз
Ән:
Жүргізуші: Ал енді ұлдарымыздың қыздарға, аналарға, әжелерге арнап, би дайындап келіпті соны тамашалайық.
Ұлдар: "Арам зам-зам" биі
Жүргізуші: (Балалар аналарына сыйлықтарын береді)
Жүргізуші: Ал енді құттықтау сөз сөз кезегіне береміз.
Балабақша басшысы Гуляра апайға, ата-аналарға беріледі.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздерді тағыда мерекемен құттықтап, шын жүректен жанұяларыңызға бақыт, бастарыңыз, бүлдіршіндеріңіз аман болсын дей отырып, шағын ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көп-көп рахмет сіздерге!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі