Өлең, жыр, ақындар

Фонетика

№105 Мукуми атындағы

 жалпы орта мектебінің

қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің

мұғалімі Бәкір Индира Абдығаниқызы

 

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тіл дыбыстарын, дауысты дыбыстардың жіктелуін және дауыссыз дыбыстардың жіктелуін, тілмен жақтың қатысуы  туралы алған білімдерін пысықтап, жаттығулар орындау.

Дамытушылық: Сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, сан есімдерді, тіл дыбыстарды ойын арқылы баланың ойшапшаңдығын жетілдіріп, сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Оқушы нені меңгереді:Тіл дыбыстары жайлы алған білімдерін тереңдетеді.

Көрнекілігі: тест, кесте, қанатты сөздер, сөзжұмбақ.

Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», түсіндіру, жауап алу, талдау, ойын.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Ой қозғау» кезеңі. «Сөз жұмбақ»

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. « Ой шақыру» өзіндік жұмыс (М.Әуезовтің сөзі)
  2. Әріп дыбысқа мінездеме беру  және емдік қасиеті.

Ойын. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

ІV. Сабақты пысықтау.

Фонетикалық жаттығу орындату.

V. Оқушыны бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру.

VIІ. Қорытынды.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Психологиялық дайындық)-

     Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

     Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

     Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

     Болашағым, бақытым, дара тілім.

- Міне балалар, өзіміздің қазақ тілі, туған тіліміз, яғни мемлекеттік тіл - қазақ тілі сабағы.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген жаттығуды тексеріп, лексикадан өткенді қайталауды және ережені сұрау арқылы сабақты бекітемін.

«Ой қозғау» кезеңі «Сөзжұмбақ» шешу.

- Қанеки, балалар, тақтадағы тұрған сөзжұмбақты бірлесе отырып шешейікші.

1. Дөрекі сөз деген не?

2. Сұлу, әдемі, көркем, қандай сөздер?

3. Ас атасы -....(мақал).

4. Сөз байлығын, дамуын зерттейтін ғылым?

5. Қазақстан ғарышкері-....

6. Жеті қазынаның бірі-....

7. Қолданыстан шыққан сөз (садақ, найза).

8. Құдағи, құдағай сөзі қандай сөз?

ІІІ. Жаңа сабақ. «Фонетика».

Тілдегі дыбыстар жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласын фонетика дейміз.

Фонетика (гректің фоне - дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған) тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, дыбыстардың жіктелуін, жазылу емлесін, дыбыстардың заңдылықтарын, үнделуін, буын түрлері мен құрамын, тасымал, екпін, орфография, орфоэпия жайлы заңдылықтарды зерттейді.

Қазақ тілінде 42әріп, 38 дыбыс бар екенін білеміз.

Қазақ тіліндегі дауыстар қатарына қарай үлкен екі топқа бөліп қарастырады:

  1. Дауысты.    2. Дауыссыз.

Дауысты дыбыстар 12, олар: а,ә,е,э,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у.

Дауыссыз дыбыстар 26, олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,п,р,с,т,у,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 9 әріп бар. Олар:ә,ғ,қ,ң,ө,ұ,ү,һ,і.

Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.

Алайда,  қоғамдағы әр түрлі саяси – әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазақ халқы араб әліпбиінен 1929 жылы латынға, ал 1940жылдан бастап орыс әліпбиіне көшті.

Балалар, фонетика жайлы өткен сыныптарда таныспыз. Сондықтан алған білімімізді пысықтап еске түсіре отырып әріптерден жаттығу жұмыстарын ойнасақ.                                                                                                                    

1) Өзіндік  жұмыс.

   

Осы құпия сөзді дұрыс шешкенде, М.Әуезовтің сөзін оқи аласыздар. Қане кім жылдам екен?

Сұрақ: М.Әуезов кім? Қандай шығармасын білесің?                                       

Дұрыс жауабы: Күшіңе сенбе,                                                                                 

                        Адал ісіңе сен. (М.Әуезов).

  1. Дыбыстарға мінездеме беру және емдік қасиетін айтып өтемін. Дыбыс «И» созып айтсақ, онда тұмау ауруынан, көздің шамалдауынан, гаймориттен емдейді. Дыбыс «А» мұны шақалақты ұйықтатып жатқан секілді әуенге келтіру керек, сонда денеңіздегі ауырлық түсіп, шығармашылық қабілетіңіз күшейеді. Дыбыс «Си» бұл дыбыс адам қорыққан кездегі қорқынышын түсіреді. Дыбыс «Ю» адамның ойлау қабілетін күшейтіп, іскерлігін асырады. Дыбыс «НГ» бұл адамдағы шығармашылық күшті күшейтеді. Дыбыс «ЮЯ» бұл дыбысты ұзағырақ айтсақ бүйрек және қуық жолдарын тазалап, өзінің емдік қасиетін тигізеді. Дыбыс «ИЯ» бұл дыбыс жүректің емдік қасиеті. Дыбыс «ОН» ішекке өз әсерін тигізіп емдейді. Дыбыс «НГОНГ» бұл дыбысты 5-7 рет айтудың нәтижесінде асқазанды,  бауырды, миға өз әсерін тигізе отырып, аспан сферасының әуенін естуге мүмкіндік туғызады.
  2. Тест жұмысы. «Біліміңді байқап көр» тест арқылы лексика және оның қарастыратын салалары жайлы алған білімдерін тиянақтау.

1. Сөз және оның мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласын тап.

а) Морфология                 в) грамматика              д) лексика

б) синтаксис                     г) этимология

2. Сөздің тура мағынасын тап.

а) Арман мені таныдыда, атының тізгінін бұрды.

б) Той тізгінін ұстау асабаға берілді.

в) Кедейлерге тізгін тиіпті.

г) Жатқан тізгін бермеңіз.

д) Ашуға аздап тізгін берейік.

3. Көнерген сөзді тап.

а) Қосу, азайту

б) әдебиет, дәптер

в) кітап, қалам

г) болыс, садақ

д) бекет, аялдама

4. Көп мағынаға ие болатын сөзді тап.

Иненің көзінен жіпті өткізе алмадым.

а)Көзінен                  в) өткізе        д) алмадым

б) иненің                    г) жіпті

5. Тұрақты сөз тіркесін тап.

а) Қызыға қарау        в) әдепті оқушы     д) қас пен көздің арасында

б) ерігу-еріну             г) есіктің тұтқасы

6. Табу сөзді тап.

а) Ит-құс                   в) кітап                     д) бала

б) найзағай                г) нүкте

7. Диалект сөзді тап.

а) Сым                      в) халық                    д) қолғап

б) қазақ тілі              г) шымылдық

8. Антонимді тап.

а) Бала-қыз               в) пальто, тон            д) дәптер-қалам

б) жаз-күз                 г) алма-алмұрт

 

  1. Тапқыр достар «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

Екі топқа бөлініп сұрақ қою, әріптерден келетін сөз табу.

І топ «Ақ шағала»

          Топ ұраны: Ұмтыламыз алға,

                               Шағаладай ұшуға...

  1. Атың кім?
  2. Қай мектепте оқисың?
  3. Кімді жақсы көресің?
  4. Қандай сабақ ұнайды?
  5. Қай ақынның өлеңдерін сүйіп оқисың?
  6. Биыл қандай жыл?
  7. Не тәтті?
  8. Болашақта кім болғың келеді?

ІІ-топ «Атамекен»

Топ ұраны: «Отанды сүй,

                      Қорға да күй».

  1. Қазақстан қандай ел?
  2. «Бес арыс» кімдер, оларды ата?
  3. Не ашшы?
  4. Бүгін сабақта неше алдың?
  5. «2» деген қандай баға?
  6. Қандай тағам ұнайды?
  7. Мұғалім «2» қойғанда не істейсің?
  8. Үш арсыз не?

 

  1. Фонетикалық жаттығу.

«Қ» әрпінен келетін, басталатын сөздерді айту.

1. Ұлдың аты

2. Қаланың аты

3. Сан

4. Төл

«Ә» әрпінен басталатын сөздер

1. Қыздың аты

2. Терезеге не салады

3. Оқушының алғашқы оқулығы

4. Үй құсы

«Ө» әрпінен басталатын сөздер

1.Оқушының құралы

2. Жеміс

3. Ұлт өкілі

4. Жәндік

«Ғ» әрпінен басталатын сөздер

1. Ұлдың аты

2. Ғарышкерлер қайда ұшады

3. Здание сөзінің қазақша аудармасы

4. Қыздың аты

IV. Оқушыны бағалау.

V. Сабақты пысықтау, қорытындылау.

VI. Үйге тапсырма беру.

Ереже жаттау. 234-жаттығу. 99-бет.


 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз