Қызылорда облысы, Арал қаласы
№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты
Оразгулова Дина Айнуровна - қосымша білім беру педагогы, тарих пәнінің мұғалімі
С.Жансүгірова - аға тәрбиеші
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Қазақстан Алғыс айту күні деп жарияланғанын насихаттау. Татулықты қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд,видеолар, шаңырақ, уық, ұлттардың киімдері мен тағамдары
Барысы:
І-жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты балалар, құрметті қонақтар және ұстаздар!
«Алтын алма, Алғыс ал!» атты алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шарағақош келдіңіздер!
ІІ-жүргізуші: 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Қазақстан Алғыс айту күні деп жариялады. Тұңғыш рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы № 173 Жарлыққа қол қойды.
І-жүргізуші: Елбасы 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Сталиндік режим кезіндегі әр жылдарда бүтіндей бір халықтар – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары қоныс аударды. Оларды вагондардан ашық далаға әкеліп түсірді. Ол кезде мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Сондықтан қабылдаған да солар болды. Сөйтіп, өздері мұқтаждықта өмір сүріп жатқан қазақ отбасылары оларды өздерінің саман үйлеріне жатсынбай бір үйдің балаларындай қабылдады. Барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Осылайша, бүгіннен бастап Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзгеде мерекелер қатары толықты.
ІІ-жүргізуші: Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өлара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскенауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
І-жүргізуші: Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні болады.
ІІ-жүргізуші: Қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні, себебі Елбасы 100-ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біздің Біртұтас Ұлтымыз бірегей артықшылықтар иесіне айналғанын атап өткен болатын.
І-жүргізуші: Қазақстан халқы мәңгіліке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейлік негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
ІІ -жүргізуші: Бір тұтас азаматтық қағидаттарына негізделген қазақстандық қоғамды дамыту арқылы ел бірлігін нығайту, әр азаматтың жүрегіне жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында Алғыс айту күнін тұңғыш рет мерекелеуде!
І-жүргізуші: Егемен Қазақстанды гүлдендіретін, мәдениетін өркендеттетін жастар бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда, біз қол жеткізбек болған болашақты, өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендіше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер. Халықтар достығын қадірлеңдер, қасиеттеп ұстаңдар.
ІІ -жүргізуші: Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта еліміз тіл саясаты мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлкеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» - деген болатын. Үштұғырлы тіл – дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бірі, ол өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея екені белгілі.Олай болса қазақ, орыс, ағылшын елінен қонақтарымызды қошеметпен қарсылық алайық. Қонақтарға сөз кезегі берейік Алғыс айту күніне айтатын тілектері бар шығар.
І-жүргізуші:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi.Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Жарасқан байрақтың мәні бар, Көк аспан, күн, қыран –сәні бар. Көк байрақ –ашық көк кеңісім, Алтын күн - белгісі жеңістің. Алтын күн көтерген ел құсы- Халқымның батырлық белгісі! Қазақта «Бірлік болмай, тірлік болмайды»- деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,
Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік. Қонақтар қане төрге отырыңыздар, сіздің мерекелік құттықтау сөздері мен өлеңдері бар екен, қане бәріміз бірге тамашалайық. (мектебіміздегі 1-11 сынып аралығы ұлт өкілдері болып қатысады)
ІІ-жүргізуші: Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,
Екі жұрттың бірге екен негізі.
Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі,
Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі.
Қазақ- қырғыз туыссыңдар , доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар – ортаға қырғыз ағайынымызды шақырамыз.
І-жүргізуші: Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың – қазақтарды шақырамыз
ІІ-жүргізуші: Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерденаманжеттікдамуға,
Байтақелдіңбиікұстапбайрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда – кәріс ұлтын шақырамыз
І-жүргізуші: Жолым түсіп, тағдыр талап,
Грузин дос болдым қонақ ,
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол- ақ – дегендей грузин халқын шақырамыз
ІІ-жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастаншаттығымызтірептұр. – неміс халқын шақырамыз
І-жүргізуші: Айналам бақыт, кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр Тәжік деген
Терезесі тең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр. – тәжік ұлтын шақырамыз.
ІІ-жүргізуші: Тілегі бір, Жүрегі бір.
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз! –түріктей тумамызды ортаға шақырамыз
І-жүргізуші: Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым – орыс халқын шақырамыз
ІІ-жүргізуші: Бұралып Гөзал билегенде
Өзбектің асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,
Құрбылар айтыңдаршы қандай пенде. - өз биімен өзбек жерлесіміз ортаға шақырайық
І-жүргізуші: Ұлыстармыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден! –татар ұлтын шақырамыз
ІІ-жүргізуші: Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын,
Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын. - Украина халқын ортаға шақырамыз (шаңырақтың астына бірігеді)
І-жүргізуші: Наурыз айында жергегі жан бітіп, жан- жануарлар төлдеп, адамдардығ аузы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекшк күн саналған. Көктемнің жайма шуақ күнінде және бүгінгі мерекемен сәйкес келген туған күн иесі бар екен.
ІІ-жүргізуші: Мейірлі жүзің болсын,
Дархан пейілің болсын.
Қайсар жігерің,
Бауырмал мінезің болсын! – деп ортаға 3 – сынып оқушысы Сахиев Нұрдәулет шақырайық.
ІІ-жүргізуші: «Көк тудың желбірегені» әні. (музыка ойнап жатқанда Мәңгілік Ел эмбламасын құрастырылады)
І-жүргізуші: Жәрмеңке
Елімізде той көп. «Тойдан айырмасын» дейтін халықпыз. Осы той, атаулы мереке қарсаңында халықтың әл – ауқатын арттыру мақсатында мектебімізде ұйымдастырылып отқан жәрмеңкені тамашалаңыздар.
Осы ұлт өкілдерінің астарынан дәм татыңыздар!
ІІ жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
І жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
ІІ жүргізуші: Қазақстан жасасын!
І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
ІІ жүргізуші: Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
Габит
Керемет