Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың дәстүрлі заттық мәдениеті

СЛАНБЕКОВА КАРЛЫГА БОРАНКУЛОВНА

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы

Бақанас аграрлы-индустриалдық

колледжінің тарих-география пәндерінің оқытушысы

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі заттық мәдениеті

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып, қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылықтары екеніне көз жеткізу.
Дамытушылық: Материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту,
мәдениетті жан - жақты қырынан тани білуге көмектесу, қазақ халқының материалдық мұражайына саяхат жасата отырып, білімдерін еске түсіру арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: карта, слайд.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап,пікір алмасу, білім алушылардың шығармашылық жұмысы ,т. б
Негізгі әдебиет: Қазақстан тарихы. /  М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев,т.б.  Қазақстан тарихы. Х.К.Ермуханова «Шың кітап»
 Пәнаралық байланыс: әдебиет,орыс әдебиет,қазақ тілі,тарих,өнер.                                 

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу, түгендеу, сергіту
ІІ. Мақсат қою:сабақтың тақырыбымен таныстыру

ІІІ. Жаңа сабақ:

 Жоспары:
1. Қазақ халқының баспанасы
2. Қазақ халқының ұлттық киімдері
3. Ұлттық қолөнері
1. «Қызығушылығын ояту»

-Мәдениет дегеніміз не?
-Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» «қала, қалалық»деген сөзінен енген.
-Мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы. Адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі.
-Мәдениет неше түрге бөлінеді?
-Материалдық мәдениет- (жиһаздары, қолөнер бұйымдары т.б.)

-Рухани мәдениет-
Адам баласының шаруашылыққа Атадан балаға таралған
байланысты күнкөрісінен туған шығармалар(аңыз әңгімелер, жыр,
дүниелері(баспанасы, киім - кешегі, дастан, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер, даналық сөздер)
2. «Мағынаны тану»
 Құрметті білім алушылар, енді мұражайға саяхат жасаймыз.
Қазақ халқының мұражайына қош келдіңіздер!
1 - зал Қазақ халқының баспанасы
2 - зал Қазақ халқының ұлттық киімдері
3 - зал Ұлттық қолөнер
І.  - зал Қазақ халқының баспанасы бөліміне қош келдіңіздер?

 Киіз үй көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әртүрлі болып келеді.
1. Тапсырма: Білім алушылар өздері білетіндерін айтады.

1.Киіз үйдің негізгі қаңқасын  не деп атайды?

Киіз үйдің негізгі қаңқасы киіз үйдің сүйегі деп атайды.

2. Киіз үйдің  құрылысы неше бөліктен тұрады?  Кереге, уық, шаңырақ және есік .
3.Киіз үйді қалай құрады?
4.Кіз үйдің қандай түрлері болады?
Киіз үйдің түрлері:
Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін аса құрметті хан, би сұлтандар отыратын үй.
Алтын орда – 30 қанаттан тұратын, ханның мәжіліс ордасы.
Алтын үзік - 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
Ақ шаңқан - 18 қанаттан және 12 қанаттан тұратын елбасылар, бай, билер тұратын киіз үйлер,
Ақ ала орда - сегіз қанатты, дәулетті бай үйі.
Ақ үй - 6 қанатты дәулетті адамдар үйі.
Боз үй, қоңыр үй - 4 - 5 қанатты орташалар тұратын киіз үй.
Қараша үй - кедей үйі
Отау – жас жұбайлар үйі.
Неміс ғалымы Ф.Фон Шварц былай деп жазды «Қырғыз –қайсақтардың қысы-жазыбірдей тұра беретін бірден-бір баспанасы киіз үй болып табылады.Киіз үй адамның қашаннан бері ойлап тапқан ең ғажайып практикалық өнер табысының бірі екенінде дау жоқ».
ІІ. «Қазақ халқының ұлттық киімдері” бөліміне қош келдіңіздер!
Бүгінгі таңда ұлттық киімдерімізді қазіргі заманға сай дайындап, әлемдік деңгейде таныстырудамыз.

Жаңа сөздермен жұмыс:

Күлпара – жел, су, суық өткізбес үшін басқа жамылатын киімнің түрі

 Сәукеле –қыз балалардың, ұзатылатын қыздың киетін бас киімі

Қамқа тон   – бай, мырзалар киген, әдемеліпі тігілген тон.

Саптама- іші кигізбен қапталып тігілген ер адамдардың аяқ киімі

Жақы – жылқы терісіне тігілген ерлер киімі.

Шекпен- түйе жүнінен тоқылған жаздық сыртқы киім. Шекепеннен су да, жел де өтпейді

ІІІ.“Ұлттық қолөнер” бөліміне қош келдіңіздер!

-Қолөнер бұйымдарына нелер жатады?

-Жүн,тері, ағаш, темірден қандай қолөнер заттары жасалады?

 -Қолөнер бұйымдарымен, ұлттық тағамдармен танысамыз.

ІҮ. «Қазақтың бес қаруы» бөліміне қош келдіңіздер!

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
1.«Кім тапқыр?»

  • Киіз үйдің бөліктерінің атауын ата
  • Киіз үйдің шеңбер қабырғалары
  • Киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез
  • Кереге шеңберін тұйықтап, кіріп-шығу қызметін атқарады
  • Үйдің кереге бөлігін айнала жауып тұратын төртбұрышты ұзын киіз
  • Кереге басы мен шаңырақты бекітетін ағаш.
  • ел, су, суық өткізбес үшін басқа жамылатын киімнің түрі
  • ыз балалардың, ұзатылатын қыздың киетін бас киімі
  • Бай, мырзалар киген, әдемеліпі тігілген тон.
  • Саптама-
  • Жақы –
  •  Шекпен-
  • Қолға тағылатын зергерлік бұйым.
  • Жебе атуға арналған қол қаруы.
  • Әйелдер көйлек сыртынан киетін киім.
  • Қымыз,шұбат ашыту үшінпайдаланылатын,мал терісінен тігілген ыдыс.
  • Шаңырақ пен керегені байланыстыратынкиіз үй бөлшегі.

2.   «Орнын тап». Берілген киім-кешектің түріне қарай орналастыр

 Тақия, шапан, кебіз, сәукеле, мәсі, шекпен, күпі, тон, бөрік, етік.

Бас киім:                                 Сырт киім:                      Аяқ киім:

Жүннен жасалатын қолөнер бұйымдар

Теріден жасалатын қолөнер бұйымдар

Ағаш пен темірден жасалатын қолөнер бұйымдар

 

 

 

 

  1. Білім алушыныңшығармашылық жұмысы:
  • Шешендік өнер.
  • «Мәдениетім-мақтанышым!»  (шешендік өнерлерін көрсету)

1. Мұражайдан алған білімдерің арқылы қазақ халқының материалдық мәдениетін сақтап, насихаттауда не істер едіңдер?
2.Бүгінгі  «Қазақстан-2050» стратегиясындағы бағытымыз айқындалған дамыған 30 елдің қатарына ену. Ол үшін біздер яғни жастар, өз салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып дүние жүзіне жарнамалауымыз керек.Сол арқылы біз келешекте өз бірлік,ынтымақ,ортақ мүдде арқылы мәңгілік ел болып,тарих сахынасынан орын алмақпыз.

3. Ұлттық дәстүрлерімізді салт-санамызды,ұлттық ойындарымызды төл меншігіміз ретінде-заңдастыруымыз керек.

4. Астанада өтетін ЭКСПО-2017ге көрмеге ұлттық негізде жасалған құрылыс ,мәдени орындар (демалыс орны),киім үлгілері,тағам түрлерін ұсыну.

5.Өз бремдымен (ұлттық  нақ) ыдыс-аяқ,тұрмысқа қажетті, төсеніш кілем,сырмақ,түскиіз,ағаш төсектер,қазақ бесігі, киімі,қой,ешкі,түйе жүнінен тоқылған бұйымдар шығарса,шағын орта бизнесті дамытуға жол ашылар еді.

Ү. Қорытынды:  
“Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі,
Өткендерін ескерген - өскендіктің белігісі”

Бағалау, Рефлексия
ҮІ. Үйге тапсырма: §47 оқу, мазмұнын айту
            «Үй жиһаздары»,  «Қолөнер бұйымдары» слайд жасау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз