Өлең, жыр, ақындар

Сарматтардың тұрмысы мен шаруашылығы

Жамбыл облысы,Талас ауданы
Тұрымқұл ауылы
«Жаңатұрмыс» негізгі мектебінің
География-тарих пәнінің мұғалімі: Байдуанова Марина Тургайбековна

 

Сабақтың тақырыбы: Сарматтардың тұрмысы мен шаруашылығы

Сабақтың мақсаты: Сарматтардың тұрмысы, шаруашылығы, заттай мәдениеті, ескерткіштері туралы оқушыларға мол мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың білімдік деңгейін көтеру, ізденіске, өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Бүгінгі мәдени жетістіктеріміздің бастау бұлағы – тарихи ескерткіштерді     қадірлеп, жоғары білімді, адамгершілігі жоғары жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ. 

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап.

Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты  түгелдеу, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Жұлдызды сәт ойыны:

1/ Сарматтар Қазақстанның қай аймақтарын мекендеген? Батыс Қазақстан жерін.

2/ Сарматтар қандай тілге жақын сөйлеген? Скиф тіліне.

3/ Сарматтар кімдермен туыстас болып келді? Дах- массагеттерімен,исседондармен.

4/ Сарматтардың саны қанша адам болған? Б..з.б 3-2ғ 20 мың,   б.з.б 2-1 10 мың,  б.з –дың 1ғ 5-7 мың адам болған.

5/ Сарматтар қоғамдық  құрылымы қандай болды? Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, таптық қоғам қалыптасты. Әскери демократия жетілді. Сармат қоғамында әскери  демократия әйелдерге де қатысты болды.

Балама тест (иә немесе жоқ).

1. Елімізде сарматтар қоныстанған аймақ Оңтүстік Қазақстан. (жоқ)

2. Тарихшы Дидордың айтуынша савроматтар «биік турлардың бауырында» тұрған агипейлермен көрші. (жоқ) 

3. Гиркан сармат дәуіріндегі Каспий теңізінің атауы. (иә)

4. Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы иседондар. (жоқ)

5. "Сармат" атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б. ІV ғасырдан бастап  кездеседі. (жоқ)

6. Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы әскери демократия. (иә)

7. Аршакиддер әулеті билігінің негізін салған сармат тайпасы сақ-масагертер. (жоқ)

8. Аландар Б.з.б.248-247 жылдары Парфияны басып алған сармат тайпасы. (иә)

9. б.з.б. VІІІ ғ.-б.з. V ғ. сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі. (иә)

10. Сарматтар скиф тіліне жақын тілде сөйлеген. (иә)

ІІІ. Жаңа сабақ: Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы

Жаңа сабақтың жоспары: 

1. Сарматтардың тұрмысы.

2. Сарматтардың шаруашылығы. 

3. Сарматтардың материалдық мәдениеті.

4. Археологиялық ескерткіштері.      

1.Сарматтардың тұрмысы. Көне деректерде б.з.б. III ғасырдан бастап «Сармат» атауы кездеседі. Б.з.б. ІІ ғасырда олар қазіргі Батыс Қазақстан жеріне еніп, Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жеткен. Мәдениет негізі тұрмыста көрініс табады. 

2. Сарматтардың шаруашылығы. Кесте арқылы түсіндіру:

Сарматтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты Жылқының тебіндеуге үйренген түрі және жорықтарға мінетін қазанаттар өсірілді.Батыс сарматтар отырықшылық салтқа көшті Сарматтар өмірінде аңшылық үлкен рөл атқарады.

Еділ-Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген көп бөлігінің шаруашылығында малшылықпен қатар егіншілік те маңызды орын алды. Зергерлік өнер жоғары дамыды

3.Сарматтардың материалдық  мәдениеті. Савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырды.

Зерттеушілер Бесоба қорымынан абыз әйелдер жерленген обаны тапты. Обаның ішкі құрылысы бөренеден салынып, үстіне тал, шөп төселіп, топырақпен жабылған. Бұл қабірге жерленген екі әйел де шалқаларынан жатқызылып, бастары оңтүстік-батысқа қаратылған. 

Грек мәдениеті - сармат қоғамының дамуына әсер еткенін көрсетеді.

Савромат ескерткіштерінің зерттелгені Елек өзені бойындағы — Сынтас қорымы

Қорымдағы бұл обаның ішіне үш савромат жауынгері жерленген. Екі жауынгердің ортасындағысы әскербасы болуы керек. Жауынгерлердің жанында жебелердің қола ұштары, темір қанжарлар, темір ауыздықтар, қыш ыдыстар т.б. заттар қойған. 

Табылған жері- Атырау облысы Жылыой ауданы  Сармат көсемі қазақ жерінен табылған екінші алтын адам Қару-жарақ, жебе, қанжар сынықтары абыз асатаяғының бөліктері табылды. Көсемнің киім-кешегі өте бай, асыл бұйымдармен, алтын әшекейлермен безендірілгенҚорытынды – Сарматтар жауынгер тайпа, өнерлі халық.    

4. Археологиялық  ескерткіштері.

Сарматтардың ескерткіштері біздің жерімізде Батыс Қазақстан аймағында кездеседі. Батыс Қазақстан жеріндегі ерте темір дәуірі ескерткіштері өзен алқаптарына жақын орналасқан. Оның көпшілігі Жайық, Елек, Жем өзендерінің бойында.

Үстіртте зерттелген Бәйте, Терең ескерткіштерінде адамды жерлеген орындармен қоса аруақтарға арнап ас беру, мінажат жасау үшін салынған ғибадатханалар да кездеседі. Олардың ішіне тас төселген, дөңгелектеп салынған дуал құрылыстары, құрбандық шалатын тас үстелдері бар. Айнала адам бейнесіне келетін діңгек тастар орнатылған. Олардың саны кейде 30-40-қа дейін жетеді. Ғибадатханалардан от жағылған орындардың белгісі көп кездеседі. Зерттеушілер пікіріне қарағанда дай-массагеттерде отқа табыну рәсімі болған. Хронологиялық жағынан сармат тайпаларының ескерткіштері негізінен үш кезеңге бөлінеді:

        Оқиға               Уақыты

1) Ерте сармат кезеңі (прохоров) б.з.б. ІV – ІІ ғасыр

2) Орта сармат кезеңі (суслов) б.з.б. ІІ – б.з-дағы І ғасыр

3) Соңғы сармат кезеңі б.з-дың ІІ - ІV ғасыр

ІV. Тапсырмалармен жұмыс. Сематикалық картамен жұмыс.

№ Оқиғалар Бесоба Аралтөбе Сынтас Аралтөбе Жайық Бәйте

1. Сармат ескерткіштерінің арасындағы жақсы зерттелген қоры м  +

2. Абыз- әйелдері жерленген қорым  +

3. Сармат көсемі – екінші алтын адам   +

4. Мінажат жасау үшін салынған ғибадатхан      +

5. Сарматтар мекендеген теңіз жағалауы   +

6. 1999 жылы зерттелген қорған  +

Тапсырмалармен жұмыс.

Сөйлемді толықтыр.

Обаларда  ___________  жасалған ыдыстар да кездесен, бірақ бұл ыдыстарды олар өздері жасамаған, _____________  елдерінен алғызған.

Сарматтарда __________   және  _________________________   тұрмыспен  қатар   ____________________ та дамыды.

Ескерткіштердің көпшілігі _________ , __________ , ________   өзендерінің бойында.

Зерттеушілердің пікіріне қарағанда _______-________________  отқа табыну рәсімі болған.

Жауабы: шыныдан, шығыс, көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшылық, Жайық, Елек, Жем, дай-массагеттерде.

V. Жаңа сабақты бекіту: Сөз жұмбақ (Сарматтар)

                                               С-ынатас

                                               А-ралтөбе                   

                                           Зе-Р-гер

                                        Сар-М-ат         

                                               А-қтөбе

                                           Бәй-Т-е

1/ Батыс Қазақстан жерінен табылған қорым?

2/ Атырау облысы, Жылой ауданынан табылған ескерткіш?

3/ Әшекей бұйымдар жасайтын адамды қалай атаған?

4/ Батыс Қазақстан жерін мекендеген тайпа?

5/ Бесоба қорымы, Қазақстанның қай облысынан табылды?    

6/ Мінажат жасау үшін салынған ғибадатхана?

VІ. Оқушыларды бағалау. Сабаққа белсене араласқан жекелеген оқушыларды бағалаймын.

VІІ.  Үйге тапсырма: §29. Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы оқу. «Сарматтардың әлемдік тарихта алатын орны» тақырыбына эссе жазу.


Пікірлер (17)

гулшех

Өте жақсы

Айгерім

Өте жақсы!Маған ұнады,☺☺☺☺

Ақбота

өте жақсы

айка

оте жаксы рахмет

Ринат

Рахмет мен сіздің арқаңызда үй жұмысын орындадым

Құралай

Керемет сайт. Осындай мәліметтер көбірек және бәріне қолжетімді болса ғой. Көп рахмет

Нұрай

Маға көп көмегі тиді

Данияр

Осы былым ал сайтка алгысымдф айтам. Бул кушты сайт рахмет

айгерім

Өте керемет рахмет bilim сайты

Жамға

Оте керемет bilimсаитқа рахмет

Сандуғаш

Өте керемет маған қатты ұнады

Жанерке

Өте көп рахмет

Ақбота

Өте рахмет маған өте көп көмек дейді

Гүлназ

Маған көп көмегі тиді тиіп жатырда

Самға

Келесі жылы осы маған керек

Құралай

Көп рахметт

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз