Өлең, жыр, ақындар

Қош бол, сүйікті әліппем!

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы
И.Панфилов атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Карамирзаева Кынагул Саулебековна

 

Мақсаты.
1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен іскерліктерін ата – аналарға көрсету.
2. Сабақтың дамытушылығы: Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан-жақты білімдерін, шығармашылық, танымдыққа білеттерін дамыту, талғамдарын дамыту.
3. Сабақтың тәрбиелігі: Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін – бірі сыйлауға, өзін – өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі: әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, кеспе әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының макеттері,т.б.
Барысы.
І Ұйымдастыру.
Кіріспе.

Мұғалімнің  сөзі.

- Құрметті қонақтар, оқушылар, ата – аналар! Бүгін сіздер 1 «Ә» – сынып оқушыларының әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Барлық кітаптың атасы — Әліппе. Бұл кітап – бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы жолы, білімге бастайтын сара жол. Әліппені алғаш қолға ұстаған сәттер бір адамның есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Сондай-ақ әліппемен қоштасу да бірінші сынып оқушылары үшін өміріндегі елеулі оқиға.Әліппенің» арқасында 42 әріпті таныған оқушылардың қуанышы сіздің де көңіліңізге нұр құяды.

Бүгін 1 «Ә» сынып оқушыларының Қош бол сүйікті әліппем атты ертеңгілігімізді бастайық!

Ашып беру үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры: Маханбетова Гүлайым апайға береміз

1-жұргізуші    Рамазан

Армысыздар, ұстаздар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
2- жүргізуші: Бақнұр
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1 – жүргізуші: Рамазан
Өтті оқу сан сабақ.
Бүгін үлкен салтанат!
Оқулықпен достассаң,
Әліппеміз қоштаспақ!

Өңкей білгіш балдырған
Құтты болсын тойларың

2– жүргізуші: Бақнұр

Балаларды қарсы алып,
Шашу, шашу, шашайық!
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық
Шашу, шашу, шашайық!

1 – жүргізуші: Рамазан

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

2-жүргізуші: Бақнұр

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата — аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға. Ортаға 1 «Ә» сынып оқушыларын шақырамыз.

1-оқушы: Ғажайып
Ұқсатпа мені басқаға
Есейдім 7 жастамын
Қош айтысып бақшаға
Мектепке жолды бастадым

2-оқушы: Оралхан
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды мейіріммен
Қадамымды құп алып.

3– оқушы: Айжарқын
Еркесі едім атамның
Еркесі едім анамның
Толып биыл 7—ге
Мен де оқушы атандым!

1-жүргізуші
Мектеп – үйім, ұстаздарым – ата-анам.
Сеннен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек
Тамырланып, сан тарапқа тараған

Ән: «Мектебім» хор

1-жүргізуші:

Ең алғаш алғанымда «Әліппені»

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

2 жүргізуші бірге:

Ұстазым оның кілтін алып берді.

2-жүргізуші  Бақнұр

«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.

1- Жүргізуші: Рамазан
Әліппе оқуға
Үйреткен әр күні
Үйретіп санауды
Көп еңбек сіңірген
Кім атын атай ғой?

Ол біздің мұғалім апай

Ән:ұстазым менің ұстазым

2-жүргізуші: Бақнұр

Балалар, мен сендерге бір жұмбақ қояйын:
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Хормен:

Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті Әліппе!

Ол сүйікті Әліппе!

1-жүргізуші

Ортаға құрмет қошеметпен әліппені шақырамыз. Рамазан

ӘЛІППЕ, ӘЛІППЕ, ӘЛІППЕ

Әліппе әнін айтып шығады

Ортаға Әліппе шығады.

Әліппе:

Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар, ата – ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппең келді ортаңа.
Менің атым – Әліппе!
Мені анаңдай дәріпте!
Мені оқып, ер жеткен,
Әпкең сенің, ағаң да!
Мерекелерің құтты бол

1-жүргізуші: Рамазан

Ән: Әліппе (хор)  

Би: Украински 

2-жүргізуші: Бақнұр

Әліппеге арналған тақпағымызды тыңдаңыздар!

Рамазан

Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.

        Айжарқын

Әліппем менің, әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

       АСЫЛЖАН

Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе!

         БАЛЫМ

Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз.
Бірге:

Сүйікті біздің Әліппе!

     Серік

Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің Әліппе

Ақылды сен мұғалім

       Досымжан

Әліппем менің Әліппем

Өмірді келем танып мен

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет.

           Гүлдана

Қош бол құтты әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

        Ақнұр

Жақсы кітап әліппе,

үйрететін әріпке 

 қуыршақпен қоштастым

,әліппемен достастым

А-дан бастап әріпті,түгел маған танытты.

                        Бану

      Әліппе – білім анасы. Әліппе кітап данасы.

      Әліппе бетін ашпаған адамның барма баласы.

                             Нұртілеу

      Оқуды көп оил адық, қызығына тоимадық

    Әріптерді үйреніп сауат ашып тоиладық.

1-жүргізуші: Рамазан

ӘН: Оқуда озат боламын: Жамантай Гүлдананың орындауында қабыл алыңыздар

Әліппе: —  Балалар осы сендер қандайсындар?

Талабы биік тауда ймыз.

Мың бұралған бишіміз.

Біз шеберміз.

Ақылдымыз.

Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.

Көп оқимыз.

Барлығы: Біз — қазақ елінің болашағымыз.

2-жүргізуші

Алфабиттер шығыңдар

Орындарыңа тұрыңдар

Бастайық қане айтысты

Жібермейік намысты.

 Асылжан:

 Мен үшін жақсы адам,

Жақсы көрем басқадан

Апа ,ата сөздері

Қай әріптен басталған? \А\

Гүлдана:

Таныстырар әріппен

Мынау кітап әліппең

«Әліппе» деген аты оның

Басталған қай әріптен \Ә\

Серік:

Аналарға силайтын

Аралар бал жинайтын

Бұл немене балалар

Үзуге адам қимайтын? \Гүл Г\

Ақнұр:

Ұқсайды өзі шалғыға

Елестет көз алдыңа

Қане оиланып табайық

Болады екен бұл қай әріп? \Ғ\

Нұртілеу

Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан асы

Қайсы әріптен басталған

Соңғы әрпінде қарашы /Н\

Айжарқын :

 Оспан да өлең жаттады,

Олжас та олең жаттады

Қай әріптен басталған

Екеуінің аттары?   /О/

Нұриман:                       

қырларда құр деші

Жайылып жүр деші

Біреуі қарауыл

Қарап-ақ тұр деші

Ал енді өзің ақ

Р-Р-Р- деші:

Аяулым:

Мынау доға қарайық

Ұқсайды оған қай әріп? \Л\

Оралхан:

Ата –анаңмен барып сен

Пілді көрдің парктен

Осы атауға,зер салшы

Басталған қай әріптен \П/

Балым:

Бастайды ол таңдыда

Бастайды ол талды да

Келіп тұрған қай әріп

Тау-мен тастың алдында? /Т\

Досымжан:

Үйрек десе бірінші

Бүйрек десе екінші

Бұл қайсы әріп екенін

Біреу айтып берсінші (Ү)

Бану:

Кесе, шыны, пиала

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейміз

Бәрінің атын не дейміз? (Ыдыс Ы)

Ғажайып:

Түн шымылдық ашқаннан

Жымыңдайды аспаннан

Көп шырақтың аты не

Қайсы әріптен басталған (жұлдыз Ж)

2- жүргізуші: Бақнұр

Жиналған қауым таң қалсын,
Ән-бимен шашу шашылсын!
Мың бұралған бишілер,
Бименен кешті жалғасын.

1-жүргізуші:

Ән: Бал балалық

Би: Чунга чанга

Әліппе:

Шәкірттерім, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.

1 жүргізуші: Рамазан

Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.

2-жүргізуші: Бақнұр

Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көрелік.

—  Енді әріпті жұмбақты шешіп көрейік

Н — әрпі:

Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпіне де қарашы.

Ғ – әрпі:
Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп?

Т – әрпі:

Бастайды ол «таңды» да,

Бастайды ол «талды» да.

Келіп тұрған қай дыбыс,

«Тау» мен «тастың» алдында?

С – әрпі:

Сауысқынды, сағызды,

Сарымсақты, сәбізді.

Бастап тұрған қай дыбыс?

Ы – әрпі:

Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз?

З – әрпі:

Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.

  • Жарайсыңдар жұмбақты жақсы шештіңдер.

Әліппе:
— Балалар! Сендер менімен ғана достасып  қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, математика.

1-жүргізуші: Рамазан

  • Ендеше математика қонаққа келіпті. Қарсы алыңдар!  
    Математика:

Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ?

Ұлдар мен қыздар болып санамақты екі топқа бөлініп  айтады.

Математика:

Ал, балалар, балалар!

Қанша сан бар жазайық.

Қарап тұрмай, сандарды,

Қайта-қайта санайық.

 Жарайсыңдар балалар – енді сендерге жұмбақ есеп қоиайын

1. Ыдыста жеміс-жидектер салынған, оның 5-еуі алма, 1 алмұрт, 2 банан. Барлығы нешеу болды. (8)

2. Сөреде 4 кітап тұрды. Оған әкеп бірнеше кітаптар қостық, сонда барлығы 7 кітап болды. Сонда неше кітап қосқан екен.  (3)

3. Әжей немерелеріне 2 шапка, 2 шарф және 4 қолғап сатып алды. Әжейдің неше немересі бар?

4.  5 — 4 алайық

қанша қалды қарайық

қарайық та санайық

санайық та табайық     (1)

5. Беспайда бар 5 іні

Естайда бар екі іні

Қоссақ бес іні мен екіні

Қанша болар шешуі?   (7)

6. Көп аққу қаз ұшып барады

2 алда, 1 артта

Е кеуі артта, біреуі алда

Барлығы қанша?    (3)

7. Үш сиырдың неше мүйізі бар? (6)

8. Сенің қолың нешеу? (2)

9. Мұз айдында 7 бала

асыр сап жүр сырғанап

Сырғанамай 2 бала

Жағалауда тұр қарап,

Енді осы баланың

Санын айтсақ жарадың  (9)

Әліппе: —  Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математиканы жақсы оқыпсыңдар, балалар. Жарайсыңдар!

Би: Ча Ча

Мұғалім: — Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Хормен: Біздерге білім үйреткен,

               Әліппе, саған рахмет.

Әліппе:

  • Енді мен сендермен қоштасайын, сабақты жақсы оқыңдар.

                        Оқумен өсіп толыңдар,

                        Аман-есен болыңдар.

Хормен: Қош бол, құтты Әліппе! Қош бол, құтты Әліппе!  (Балалар бас иіп, қоштасады).

2-жүргізуші: Бақнұр

Ән: қош бол құтты әліппем (хор)

1 жүргізуші: Рамазан

Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.

2 жүргізуші: Бақнұр

Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық.
Бәріміз қол соғып.
Ана тілін қарсы алайық!                  

  (Ортаға ана тілі шығады)

Ана тілі:

Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың,
Өсірген ой білімді,
Мәнін терең білуде,
Мейірімі мол балаға.
Ана тілді құрметте.

Мұғалім: Балалар, Ана тілі бізге бос келмепті. Ол: ата-аналарға арналған тапсырмаларым,- бар дейді. Ол ана мен баланың арасындағы байланысты байқамақшы. Ананың балаларына арналған жылы сөздерін,балаға деген махаббатын тыңдап көрмекші. Ортаға үш ата-аналарды шақырамын.

Хормен:

Анам – үнім, жүрегім,

Әкем – өмір тірегім.

Біз бақытты ұланбыз,

Бәрі бізге қуансын!

 

Әжем – асыл ардағым,

Атам – дана қорғаным.

Біз бақытты ұланбыз,

Бәрі бізге қуансын! 

  Ана тілі:  Мен әліппеден оқып — білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.

Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген.
Халқын сүйіп жарытпас.

Мейірі мол балаға
Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп
Даламыздың үні деп

Бәрі:Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз!

  • Рахмет балалар, мені жақсы оқыңдар.

 1-жүргізуші: Рамазан
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін балаңның
Аман сау жүр ақ мамам
2-жүргізуші: Бақнұр

Шаршамайтын талмайтын

Қатем болса кешірген

Қадірлі ата анам

Мен сенің көшірмең деп

Ән : Анажаным

Би: Мектеп вальсі

Мұғалім:

Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға
Тілек айтар қонақтар. Директорға, ата-аналарға сөз беру, оқушылардың сыйлығын беру.

Ән:  мерекем

Жүгізуші:

  • Құрметті, ата-аналар, оқушылар бүгінгі «Әліппемен қоштасу» тойымыз аяқталды.
  • Келгендеріңізге көп-көп рахмет!   Рамазан


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз