Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
Құрық ауылы
МКҚК "Құлыншақ" балабақшасының тәрбиешісі: Сарсенбаева Асел Рахмановна
Ерасыл: Мереке де келіп қалды
Бізде бәрі дайын ба?
Қазір қыздар келеді
Сазайымызды береді.- деп балалар бір-бірін кіналап шулай бастайды.
Балжан: Жігіттер жігіттер ұрыспаңдар
Анда әдемі қыздар келеді
Көңілдірек қарсы алайық
Біздің қыздар келіп қалды.
Әсем әуенмен ішке қыздар кіреді.
Әсел: Көктем күні көрікті, Күн шұғыла төгіпті.
Сол көктемде мереке, Дүниеге келіпті.
Көктем күні қуатты, Шашты әлемге шуақты.
Наурыз өзі өмірді, Нұрландырған сияқты.
Мейірімді сымбатты, Қадірменді қымбатты,
Ең жақын жан балаға, Кім десеңдер
Балалар хормен: Ол - АНА.
Балжан: Шаттыққа бөлеп таңы біздерді, 8- ші наурыз келді
Аналардың мерекесімен Құттықтаймыз бәріңізді енді.
Сенен өскен балалар, батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейрамыңмен, Құрметті жан аналар
Әсел: Ақ сүтінен жаралған, ақ сүтіңнен нәр алған, АНАҒА БАС ИЕМІЗ!
Туған елдің тілі деп,Туған жердің үні деп, АНАҒА БАС ИЕМІЗ!
Балжан: Құрметті ата-аналар сіздерді 8-ші наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. № 9 «Жұлдыздар» тобының балаларымен өткізілгелі отырған «Құттықтаймын Анашым« атты концертті-мерекелік ертеңгілігімізге қош келіпсіздер.
Той пердесін ашайық ,Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп, Жырдан шашу шашайық.
Ақжарқын: Адам барма ана сүтін татпаған Алуан-алуан ауыр сынды аттаған
Адалдықты ар намысты сақтаған, Мен анамның сонысына мақтанам.
И Мирас: Құттықтаймын мейрамыңмен аналар
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпеймін өмірде
Елің жұртың, ұл мен қызың бағалар.
Іңкәр: Кішкентайдан мәпелеп, бойға құйдың қасиет.
Ақ сүтіңе Анашым, Құн жетпейді бас ием.
Мәрзия: Бастадым сөзімді ана деп мен, Себебі анам ғой мені адам еткен
Өмірдің бар асылын бойға жинап, Дүниенің ардақтысы анам екен
Керей: Ана өмірдің қуанышы тірегі, Бала оның жұбанышы жүрегі
Ана-алдында ел жауы да бас иген,Олар дәйім тыныштықты тіледі.
Әсел: Сізге арналады бүгінгі ұлы ісіміз
Ардақтайтын, мақтататын кезіміз
Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген
Аяулы ана сізге арналар әніміз
Ән «Ақ мамам».
Балжан: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ақ қар еріп,
Су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады,
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктемде!
Тәрбиеші: Иә, көптен күткен көктемде келіп жетті.
Әуенмен Көктем ханшайымы келеді.
Көктем: Сәлеметсіздерме қонақтар
Сәлеметсіздерме балалар
Асыр салып қуанып
Көптен күткен Көктеммін
Сендер айтқан өлеңмен
Алып-ұшып жеткенмін
Әсел: Ару көктем сұлу көктем. Келіп қапсың күлімдеп сен
Келгеніңе қуанамын, Қандай ғажап нұрың, Көктем
Жасарыпты жерде міне, Қуанамыз келгеніңе
Берекені, мерекені, Мол ғып етіп бергеніңе.
Көктем: Рахмет менде сіздерді көргеніме қуаныштымын. Мен өзіммен бірге әсем гүлдер ала келдім. Әне өздері қараңдаршы қандай сұлу!
Гүлдер биі.
Әсел: Тіршілік шыққан күннен нәр алады
Ананың ақ сүтінен жаралады
«Әжеме» деп балаңның салған әні
Әжелер бір сіздерге арналады.
Аймира: Менің әжем күн әжем, Менің әжем гүл әжем.
Апам үшін мен иүшін, Нағыз ана тілі әже.
Каусар: Менің әжем күн әжем, Шуағы мол нұр әжем
Ақ әжемді әрқашан, Сыйлап жақсы көремін.
Әмина: Өскенде мен ал енді, Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме, Таң қалдырам әлемді.
Өте жақсы көремін, Өйткені мен әжемді.
Аягөз: Шашымды өріп тараған, Қабағыма қараған.
Құрт пен майын жинаған, Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің өмірі, Таусылмайтын жыр маған.
Әсел: Әжелерді ардақтап, Қуантатын келді күн,
Мейрамымен құттықтап, Ән салайық біз бүгін.
Ән «Анаға арнау»
Ойын балалармен гүл сыйлау. Көктем ойнатады.
Әсел: Шырқаған балапаным өз тілінде
Күнің шықса алдыңнан сен күлімде
Аналарды мейрамымен құттықтап
Қалдырайық ізгі тілек жүрекке-деп балаларымыздың орыс және ағылшын тілінде жаттаған тақпақтарын тыңдайық
Жаннұр: Встану утром рано
Поцелую маму
Подарю цветов букетов
Лучше мамы в мире нет!
Досан: Май диа диа мами, Ай лав ю вери мач.
Ай уант ту би хеппи, Он зе ейт оф мач.
Асланбек: Бабушка любимая
Самая красивая
Руки золотые
Глазки молодые
Орынбасар: Ай лайк зе уей юлук, Ай лайк зе уей ю кук
Ноу ай уант ту сей, Хеппи мазес дей:
Ізбасар: Мамочка любимая
Праздник у тебя
Будь же ты красивая
И счатливая
Балжан: Халқымызға билік айтар даналар
Даналардың өзі анадан жаралар
Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін
Сізден жақын адам бар ма аналар- аналарымызбен ойын ойнасақ.
Ойын: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Әртүрлі сұрақтар жасырылады, аналар «А» әрпінен басталатын сөзбен жауап берулері керек. (ойын ойналады)
1. Сіздің есіміңіз?
2. Балаңызды қалай еркелетесіз?
3. Сіз жұмыс жасап отырсыз, ал балаңыз маза бермей жатыр, не деп айқайлайсыз?
4. Жақсы көретін мерекеңіз?
5. Сүйіп ішетін тағамыңыз?
6. Қандай санды ұнатасыз?
7. Жақсы көретін әніңіз қандай?
Осы кезде көктемнің телефоны шақырады
Көктем: Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен бірге оқыңдар. Сау болыңдар.
Әсел: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем
Жарығыңмен шуағыңмен күн Ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем!
Би «Көктем вальсі».
Балжан: Той тойлап дала мен қалаларың
Мерекең құтты болсын аналарым
Аналарға арналған сыйлықтарын
Сыйлауға келе жатыр балаларың.
Гүл сыйлау аналарға
Әсел: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақыттыда ұзақ өмір сүріңіз,
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.- демекші құрметті аяулы да ардақты аналар, қыздар бүгінгі мерекелеріңіз тағы да құтты болсын жүздеріңізден күлкікетпесін деген тілекпен мерекелік концертімізді осымен аяқтаймыз.
Қош сау болыңыздар
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі