Өлең, жыр, ақындар

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Құрық ауылы
МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы
Тәрбиеші: Базарбаева Әсем Амангелдиевна

 

Айару: Уа, жараңдар, жараңдар,

Бәрің бері қараңдар.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып.

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Ханшайым: Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар

Жауқазындай Наурыздың

Жарапазан жыры бар

Армысыздар ардақты ата-аналар, қонақтар! №8 «Қарлығаш» тобының «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Айару: №8 «Қарлығаш» тобын қол соғып, қошеметтеп қарсы алыңыздар!

(балалар кіреді, отырады)

1-жүргізуші: Жыр сыйлаған нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік қадіріңді білдіңте.

Құтты болсын ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді ынтымақпен бірлікке.

2-жүргізуші: Сәулесі бар наурызда таңғы үміттің

Басын қосқан сан адам, сан ғұрыптың

Ұлыстың ұлы күнін паш етейік

Белгісін достық пенен мәңгіліктің – ендеше балаларымыздың әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Наурыз көктем»

2-жүргізуші: Келе жатыр жылымыз, 
                        Мейрам дейміз мұны біз. 
                        Халқы сүйген мейрамды 
                        Қарсы алайық Наурызды! 

                       Қане балалар Наурыз аруын қарсы алайық!

(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады) 

Әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Бүгінгі наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз аруы: Ашық болсын күніміз

Жадыраған өмірде

Айтылады жырымыз

Жайнатады гүл-гүлді

Сайратамын бұл-бұлды

Мерейлі жұрт тойласын

Мейрам етіп бұл күнді

1-жүргізуші: Әже, Наурыз ару сәлеметсіздер ме! Қош келдіңіздер! Біздің мерекеде қонақ болыңыздар. Балалар бұл мерекеге өте жақсы дайындалды. Балалардың өнерін тамашалаңыздар.

Әже: Жарайды ендеше. Мерекеде сендермен бірге болайық. Солай ма, қызым.

Наурыз қыз: Ия әже:

2-жүргізуші: Ал енді тобымыздың мың бұралған бишілеріне кезек берейік.

Би: «Наурыз биі»

Бай: Сәлеметсіздер ме балалар. Сендер Алдарды көрмедіңдер ме? Қап ол мені тағы да алдап кетті.

1-жүргізуші: Сәлеметсізбе байеке. Алдарды іздеп қайтесіз? Біздің ертеңгілігімізде қонақ болыңыз. Әже мен Наурыз аруының жанына отырып дәмнен алыңыз.

Бай: Жарайды.

Наурыз аруы: Балалар қонақтар менің де кететін уақытым болды. Мен жер шарын көктем мезгіліне айналдыруым керек. Олай болса сау болыңыздар.

1-жүргізуші: Сау болыңыз. Наурыз аруы.

2-жүргізуші: Сені тойлап қарсы алып,

Бар әлемге жар салып

Сәлем бердік біз сізге

Әне мен жырмен қарсы алып – демекші балалардың «Қош келдің төрлет Наурызым» әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Қош келдің төрлет – Наурызым!»

Алдар ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма? Мен байларды алдап, қулығыммен елге танымал болған Алдар аталарың мен боламын. Мұнда не болып жатыр? Бәрің неге жиналып алғансыңдар?

Бай: Әй Алдар қайда жүрсің? Сен менің атымды мініп алып келмеске кеттің ғой?

Алдар: А-а-а Атыңызба мен оны үйіңізге апарып бергем. Сенбесеңіз бәйбішеңізден сұраңыз. Ол көрген болатын.

1-жүргізуші: Байеке Алдар ата бүгін мереке ғой, тартыспайық өкпе ренішті ұмытып қонақ болыңыздар.

 Алдар ата:

Ұшады аққу  көлден қазыменен,

Жүреді көл жағалап, жазыменен

Жарасар осындайда әзіл күлкі,

Ойынды бұратұғын назыменен – демекші, ойынмен жалғастырсақ қалай болады? Мен өзіммен бірге ұлттық ойын ала келдім.

 Олай болса мен балалармен ойын ойнағым келп  тұр, мұқият тыңдаймыз. Ойынның аты – көкпар деп аталады. Ортада үстел үстінде орамал ұстап қыз отырады. Екі ер бала атқа мініп дайын тұрады. Әуен басталғанда шеңбер бойымен айнала жүгіреді. Әуен тоқтағанда қыздың қолындағы кестелі орамалын қайсысы бұрын алса, сол жеңіске жетеді. Ойын түсінікті болса бастаймыз.

 2-жүргізуші: Наурыз тойы-береке, 
                Наурыз тойы-жыр аңыз. 
                Қызып дулы мереке 
                Қызық думан құрамыз.  Ал енді балалардың биіне кезек берейік.

Би: Қамшы биі.

1-жүргізуші: Жаңғыртып дәстүрімді рахмет елім,

Тербетсін шаттық әні қазақ жерін

Той бастаған қадамың құтты болсын

Жалғайтын дәстүрімді бөбектерім – ендеше балалардың тақпағына кезек берейік.

Қасым:

Наурыз келді алақай

Кел билейік балақай

Бізде қарап тұрмайық

Наурыз ойын бастайық.

Айару:

Би билейміз, ән салып

Наурыз тойын қарсы алып.

Әдемі әнді таңырқап

Тыңдасын ел тамсанып

Сағадат:

Наурыз ойын қуанып

Жылда қарсы алайық

Бақта бұлбұл сайрасын

Наурыз тойы тойлансын.

Диана:

Жыл бас – Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боялды

Наурыз ойы береке

Тіршілік жаңа оянды.

Әбунасыр:

Наурыз тойы – тамаша,

Наурыз ойы – жаңаша

Табиғатта тамаша

Тамылжып тұр жараса.

Ақнұр:

Наурыз келді, нұр келді,

Түгел аймақ түрленді

Бақшадғы балалар

Тойға әзір боп үлгерді.

Қуаныш:

Уа ағайын халайық

Мұнда назар салайық.

Мерексі қалықтың

Наурыз тойын бастайық.

Аяжан:

Наурыз көктем наурыз жыр,

Ана мейірім шуақ нұр

Жан иесін жаңартқан

Аққа бдұлақ нәзік сыр

Ислам:

Наурыз тойым, наурыз ойым,

Құтты болсын халайық

Қане достар қане достар

Шырқап әнге салайық.

Ғарыш:

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме

Байлық бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне

Халима:

Наурызбен құттықтап,

Алыс жақын қауышты

Көктемдегі жарқын сәт

Көңілдерге ауысты

Інжу.

Наурызкелді, нұр келді

Тірілтіуге гүлдерді

Сәнденеді аналар

Сәбилермен бірге енді

Даяна:

Көктем кеді, балақай,

Жасарды жер алақй

Наурыз тойын тойлайық.

Әсем әнге салайық.

 

Би: «Домбыра биі»

Алдар ата: Жарайсыңдар қыздарым, ұлдарым.

1-жүргізуші:Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар

Өткеннен бізге жеткен асылы бар.

Бойжетткеннің кеәбір кезін қызықтайтын

Қазақта «Сырға салу» рәсімі бар

Біз қазақ халқы салт-дәстүрді қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз. Ендеше ата-бабамыздан бізге мұра болып жеткен салт–дәстүріміздің бірі – сырға салу рәсімін қабыл алыңыздар.

Ортада ағаш үйде ата-әже және немересі отырады. Шай құйыа келіні отырады. Үйлеріне орта жастағы ер адама және екі әйел адам келіп, осы үйдің бойжеткеніне сырға салуға келгендерін аитаы. Ру сұрасып шайдан алып болғасын бойжеткенді шақырып, құдалар сырға салып кетеді.

1-жүргізуші:

Наурыз құтты болсын! 
Дендеріміз сау, мықты болсын! 
Наурыз тойы келе берсін! 
Барлық халық бақытты болсын, 
Қош, сау болыңыздар, халайық! 
Көріскенші күн жарық болсын! 

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар бүгінгі ертеңгілігімз өз мәресіне жетті. Наурыз тойларыңыз тағы да құтты болсын: Бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз