Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Құрық ауылы
МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы
Тәрбиеші: Саумбаева Ақзия Қайырбайқызы
Құрметті Әжелер, аналар, қонақтар, біз сіздерді 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз. Асыға күткен көктем мезгіліндегі бұл мерекемізде деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілей отырып №11 «Ақбота» тобының сіздерге арнаған «Құттықтаймын анашым» атты ертеңгілігін бастауға рұхсат етіңіздер.
(Ербалдар шеңбер болып тұрады.)
Жүргізуші:
Бізге келді қонақтар
Қыздар қайда балалар?
Мәз-мейрам боп әдемі
Қыздар қазір келеді
Хор:
Шақырайық саспайық
Мерекені бастайық
(Әуенмен қыздар билеп келеді де ер балдар қасына тұрады)
Жүргізуші:
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік шайқаған
Аялы қолда толтыртқан
Қаймақты сүтпен қалқытқан
Қорғасындай балқытқан
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей
Исін жұпар аңқытқан
Бұл кім балалар?
Балалар: Ана, ана, ана, ана
Келесі балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын тамашалаңыздар.
Мейірбек:
Ақ анашым, анашым
Өзін жайлы тақпағың
Өзін жайлы әнім де
Арнадым саған бәрінде.
Ә.Жансерік:
Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам.
Алмасбек:
8-ші наурыз келді
Шаттық сезім алып келді
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймыз сіздерді.
Ақжүніс:
Бәрімізге анасын
Біз үшін күн болып жанасын
Құтты болсын мейрамын
Құттықтаймын анашым.
Ән: Ақ мамам
Жүргізуші:
Десекте уақытпен жарыспайық
Қияға қиялменен қарыштайды
Биші қыздар шын жүректен
Өнерін аналарға бағыттайды.
Би: Гүлдер
Жүргізуші Балалар сендер аналарыңа арнап ән, тақпақ айтып биледіңдер ал сол аналарымызды дүниеге кім әкелген?
Балалар: Аналарымыздың анасы
Жүргізуші: Әрине аналарымыздың да анасы бар, ал сол адам сендерге кім?
Балалар: Әже болады
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, сендерде неше әже бар?
Балалар: Екі әже бар.Туған әжежәне нағашы әже бар
Жүргізуші: Өте жақсы енді әжелерімізгеде ән тақпақтарымызды арнайық.
Бейбарыс:
Әже деген көп шығар
Әжемдей адам жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі.
Бану:
Айналайын әжемді
Өте жақсы көремін
Кимешегін дайындап
Шайын құйып беремін.
Жанерке:
Менің әжем мейірбан
Мені жақсы көреді
Қасиетіне жарасам
Жас балаша күледі.
Көрініс: «Үш ана»
Тақпақ (орысша ағылшынша)
Медет:
Встану утром рано
Поцелую маму
Подарю цветов букет
Лучше мамы в мире нет.
Б.Жансерік:
Бабушка любимая
Самая красивая
Руки золотые
Глазки молодые
Т.Іңкәр:
Ай лайк зе уей ю лун
Ай лайк зе уей ю кун
Ноу ай уант ту сей
Хэппи мазиз дей.
Думан:
Май мам из претти
Май мам из свит
Май мам иззе бест мамми
Ю вил еве мет.
Ән: Песне про маму
Көктем аруы келеді
Менің күнім шуақты
Менің күнім қуатты
Мал жағалап суатты
Келдім міне күркіреп
Жаңбыр жауды сіркіреп
Бәйшешектер күлімдеп
Шыға келді дүркіреп.
Жүргізуші: Көктем аруы, сізге арнап балалар тақпақ айтпақшы
Ақсұлу:
О алақай балалар
Шақырады даналар
Көктем келді гүл алып
Құстар келді жыр алып.
Бекзат:
Көктем күйін бастауы
Өз өнерін асыра
Қысты қуып тастады
Асқар таудың басына
Көктем аруы: Балалар, мен құр қол келмедім, сендерге ойын ала келдім. Ойнаймыз ба?
Балалар: ия ия
Ойын:
Қыздарды сәндеу (балалармен бірге)
Анасын табу (Ата-аналармен бірге)
Көктем аруы қоштасып шығып кетеді.
Ән: Анаға арнау
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы бүгін біздің қыздарымыз гүлдей жайнап құлпырып тұр.
Бүгін біздің ұлдарымыз қыздарды вальс биіне шақырады.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Жүргізуші:
Ана деген әр адамның асылы.
Ана деген сәбиінің ғашығы
Ана деген баға жетпес асыл жан
Ана деген мына бізге өмір берген мейірбан, қымбатты аналар, әжелер сіздерді тағы да мерекеңізбен құттықтай отырып, балалардың сіздерге арнаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
Қош сау болыңыздар!!!!!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі