Алматы облысы, Текелі қаласы
«№ 5 орта мектеп» КММ
Тайгельдинова Айнур Серикжановна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға түбірлес сөздер жайында берілген түсінікті кеңейтуге, олардың бір-бірінен өзгешелігі неде екенін білдіруге мүмкіндік туғызу;
Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;
Тәрбиелік: ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 38-жаттығу, 12-бет. Мәтінді оқу, қарамен жазылған сөздерді (кітапханаға-кітаптарды, спорт-спортшылар, футбол-футболшылар) сөздері түбірлес сөздер болып табылады ма?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру «Үйрек анаға өз балапандарын табуға көмектес» ойынын ойнату. Ойыншарты: түбір сөзге тиісті жұрнақты табу.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс
Күн ретін жазу. Көркем жазу.
40-жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жазу. Түбірлес сөздерді табу: шежіреші, шежіре, шежіресін. Мағынасын ашу.
41-жаттығу. Берілген сөздерден бірнеше түбірлес сөз жасау.
42-жаттығу. Суретпен жұмыс, түбірлес сөздерді: оқу, оқушы, оқулық, оқуға.
43-жаттығу. Сөздер тобын оқу, түбірлес сөздерді табу, әр сөздің түбірін тиісті белгімен белгілеу.
Сергіту сәті:
Жазып жазып бәріміз,
Талып қалды қолымыз.
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш,
Отырамыз біз тыныш.
ҮІ. Бекіту: 44-жаттығу. Суретпен жұмыс. Сұрақтарға жауап берео тырып, түбірлес сөздерді табу: дәріхана, дәрігер, дәрі.
ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбірлес сөздер деп қандай сөздерді айтамыз? Мысал келтіріңдер.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 45-жаттығу, 1-бет.
ІХ. Оқушыларды бағалау
АКНУР
МЕНИН ОЙЫМША КЕРЕМЕТ САБАК ЖОСПАРЫ
Айтбай Тұрар
Мен түбірлес сөздерді енді түсіндім.
Ерғанатқызы Інжу
Ия күшті сабақ жоспары