«Балбөбек» бөбекжайы КМҚК
«Құлыншақ» тобының тәрбиешісі: Эшназарова Карима Тулепбергеновна
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру.
Дамытушылық: Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау барысында өздерінің шапшаңдығы мен батылдығын көрсете білуге, наурыз туралы өлең, тақпақтарды жатқа айтқызып тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін ұстануға, өнерін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Әсем ұлттық наққышта безендірілген топ, жайылған қазақи дастархан, ұлттық ыдыстар көрпешелер, керегелер, ұлттық киімдер. Сақина, ат, теңге, домбыра, қамшы,
Жүргізуші: Армысың, Наурыз!
Мереке, ырыс, береке,
Қош келдің сені,
Күтуде бүгін кең өлке!
Армысың, Наурыз,
Қуаныш болып кір, төрлет,
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый құрмет!
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, қадірлі балалар, күн мен түнді теңеген, бәрімізді қуанышқа бөлеген, ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын. Бүгінгі «Жыл басы - Наурыз» атты ертеңгілімізге қош келдіңіздер!
Көктем келді, Наурыз келді,
Жер көгерді, ел көгерді.
Дастарханын жайып дарқан,
Жақсылықпен бақыт шашқан - дей отырып бүгінгі ертенгілігімізді мерекелік әнмен бастайық.
Ән: «Наурыз»
Осы кезде әдемі киінген Аруана шашу шашып кіреді.
Жүгізуші: Балалар қараңдаршы бізге қонақ Аруана келіп қалыпты, амандасайықшы.
Балалар: Сәлеметсізбе, Аруана.
Аруана: Амансыңдар ма балаларым, амансыздар ма қонақтар? Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз әр отбасына құт береке әкелсін! Бұл күні адамдар таза киініп, ауласын тазалап, тал егеді, бұлақтың көзін ашып су жібереді. Жылы көже жасайды. Ол өте дәмді көже, бұйыртса, сол көжеден бүгін дәм татасыздар.
Жүргізуші: Келіңіз, Аруана біздің қонағымыз болыңыз төрлетіңіз, балалар олай болса, Аруанаға өнерімізді көрсетейік. Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтайық.
Тақпақтар:
Салима: Уа, жараңдар, жараңдар, Аяна: Салт-дәстүріміз жарасса,
Бәрің мұнда қараңдар. Қайта құрып жаңаша
Наурыз тойы басталды, Жарыса өнер көрсетіп,
Жырға толды алаңдар. Той тойлайық тамаша.
А.Жансая: Үстін жасыл түк басып, Ақмерей: Күн мен түн теңелді
Көктем келді нық басып. Жер шуаққа кенелді.
Тоғайларға тығылып, Соны тойлап ел енді,
Кетті лезде қыс қашып. Наурыз көктем басталды.
Нұрсұлтан: Тақпақ айтам жыл басы,
Құлағың сап тыңдашы.
Аққа аузымыз толатын,
Тыныш өмір сыйлашы.
Аруана: Жарайсыңдар балалар, олай болса мен сендермен қызықты ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Сақина салу».
Музыка әуенімен Алдар көсе кіреді.
Алдар көсе: - Мен Алдармын, Алдармын
Сақалымды талдармын
Сақал түгіл мұртта жоқ,
Оның несін алдармын.
А-а-а-а-а-а-а-а-а-о-о-о-о-о-е- ей келе ортаға тұрады,жан-жағына қарап біреуді іздегендей болады.
Алдар: Кімді алдасам екен ә?
Жүргізуші: Кімді іздеп тұрсыз?
Алдар: Алдайтын адам іздеп тұрмын ә таптым, сендерді алдайын!
Жүргізуші: Жоқ Алдар, біздер мереке тойлап жатырмыз, адамдарды алдауға болмайды, дұрыспа балалар?
Балалар: Ия
Жүргізуші: Оданда көңілді ойын көрсетіңіз.
Алдар: Ендеше сендер мен ойынойналық, қане кім жүректі.
Ойын: «Теңге алу»
Жүргізуші: Биші десе билейді,
Аяқтары бір жерге тимейді.
Ортада шаттық көңілмен,
Биші қыздар би билейді –деп отыра қыздарымыздың орындауында «Домбыра »биі.
Би: «Домбыра»
Тақпақтар:
Сезі: Армысыңдар халайық Ө.Інжу. Ата бабам тойлаған,
Әркез аман болайық Наурызым армысың.
Наурыз тойын қуанып
Жылда қарсы алайық.
А.Жансая: Үстін жасыл түк басып, Жансая: Ұлыс оң болсын,
Көктем келді нық басып. Ақ мол болсын.
Тоғайларға тығылып,
Кетті лезде қыс қашып.
Жүргізуші: Ал ендігі кезекті балаларымыздың «Қошақан»әніне кезек береміз.
Ән: «Қошақан»
Жүргізуші: Біздің балаларымыз шеттерінен өнерлі, ендігі кезекті ұлдардың биіне кезек берсек.
Би: «Жігіттер биі»
Ару ана: Жарайсындар балалар, өздерің өнерлі екенсіңдер. Меніңде балаларға базарлығым бар. Сендер қандай ұлттық ойындар білесіңдер?
Балалар: Арқан тарту, қол күрес, қыз қуу,асық ату.
Жүргізуші: Ал Наурыз мерекесіне қандай ұлттық ойын ойнаймыз?
Ендеше балалар Қыз қуу ойынын ойнайық.
Ойын: «Қыз қуу»
Алдар: -Балалар, анау келе жатқан кім болды екен? (қолын көмегейлеп қарайды).
Жүргізуші: -Ол Шықбермес Шығайбай ғой.
Алдар: Онда барып мен сол Шықбермес Шығайбайды алдап келейн.
Жүргізуші: Мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз.
Құрт бауырсақ шашылсын
Наурыз тойы ашылсын
Бір-біріне мына жұрт
Өнерлерін асырсын- дей отырып кішкене өнелі қызымыздың биін тамашалаймыз.
Би: «Назли гулим» өзбек биі.
Би: Шарара.
Жүргізуші: «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», дегендей Ару ана өзіңізден бата сұраймыз.
Ару ана:
Ұлыстың ұлы күні оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Дастарқаның мол болсын!
Уайым қайғы жоқ болсын! Әумин!
Жүргізуші: Әумин айтқаныңыз келсін! Сіздерді тағыда Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай отырып, осымен дайындаған ертеңгіліміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі