Өлең, жыр, ақындар

Мектеп аруы - 2016

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы
«Ақжайық санаториясы» бастауыш мектебінің пəн мұғалімі
Зекешева Лаззат

 

Мақсаты: Аналар мерекесіне орай аналар, ұстаздар мен қыздарға құрмет көрсету. Қыздарымыздың бойындағы қасиетиерін , өнерлерін, білімдерін жұрт алдында көрсете білуге баулу.

Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, плакаттар, суреттер, нақыл сөздер.

Барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар жəне біздің мектептің қызғалдақтары. Сіздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Көптен асыға күткен алғашқы көктем Аналар мерекесіне арналған «Мектеп аруы-2016» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.

Əділдікпен баға берер аруға,

Əділдікпен қара қылды жаруға.

Əділқазы алқаларын сайлайық

Мектебіміздің аруын таңдап бүгін алуға-деп бүгінгі кешіміздің бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Əлілқазы мүшелерімен таныстыру.

Мұғалім:

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Қол соғып қошеметпен қарсы алайық.

(Қыз сыны əуені орындалып тұрады)

Қыздарымызды əуен ырғағымен жеке-жеке таныстыру.

 

Дəстүрі қазағымның мол болады,

Əрбір сында əртүрлі жол болады.

Қазағымның ескі бір үрдісімен,

Асық алсаң қоржыннан жөн болалы-дей келе аруларымыз келіп реттік нөмірлерін анықтасын.

 

Даланың терең жұтсаң ауасы кең,

Танысайық бұл кештің шарасымен.

Бүгін қыздарымыз алты түрлі сынға түседі.

1-кезең: Таныстыру, төсбелгі. (əр сайыскер өзін таныстырады)

2-кезең:  «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)

3-кезең:  «Салт дəстүрді білесің бе?» (сұрақ-жауап)

4-кезең:  «Шебердің қолы ортақ» (қағаздан ою қию)

5-кезең: Үй тапсырмасы. «Мерекелік дастархан» (салат жасап əкелу, жасалу жолымен таныстыру)

«Қолөнер» (өз қолдарымен жасаған бұйымдарын таныстыру)

6-кезең: «Сұлулық сыры» (сəн үлгісі)

Бағалануы 10 балдық жүйе.

Байқау талаптары:

1. Өзін-өзі ұстауы.

2. Сөйлеу мəдениеті.

3. Жүріс-тұрысы.

1-кезең. Таныстыру.

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой əне үкіңнее,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді

Бірінші кезең бойынша аруларымыз өздерін таныстырады.

2-кезең. «Өнерлінің өрісі кең»

Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Қыздар шығып ортаға,

Би де билеп, əн де салып береді.

Екінші кезең бойынша аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

3-кезең. «Салт-дəстүрді білесің бе?»

Жасару, жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан əрбір үйдің арманысың.

Дəл бүгін қанат қағып сыналарда,

Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын.

Үшінші кезең бойынш асалт-дəстүрге байланысты білімдерін сынайық, сұрақтарға жауап береді. Қыздарымыз ортаға шығып бір-бір шарды жарып ішіндегі сұрақ қажауап береді.

1. Ұлттық аспаптарды ата.
2. Күйші ана кім?
3. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.
4. Наурыз көжеге неше түрлі дəм салады?
5. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
6. Бала мектеп табалдырығын аттағанда жасалатын той қалай аталады?
7. Бесік жырын білесіз бе, қай кезде айтылады?
8. Киіз үйдің құрылысын ата.
9. Халқымыздың батыр қыздары кімдер?
10. Қыз-келіншектердің əсемдік бұйымдарын ата.
11. «Наурыз» сөзі нені білдіреді?
12. Қыздарға, аналарға байланысты мақал-мəтел айт.

4-кезең. «Шебердің қолы ортақ»

Бармақтарың майысып, түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің- деп үйреткен аналар.

Арулардың шеберлігін көрейік,

Ал қазылар əділ баға берейік.

Төртінші кезең бойынша аруларымыз қағаздан ою ойып, ою туралы айтып береді.

5-кезең. Үй тапсырмасы. «Мерекелік дастархан»,  «Қолөнері»

Ас көңілдің ажары деген күнім,

Жақсы ғой тағамның да білген сырын.

Көрсетсін келесі сəт қыздарымыз,

Дайындаған жаңашыл салат түрін.

Бесінші кезең бойынша сайыскерлеріміз дайындап келген салаттарын көрсетіп, жасалу жолын айтады.

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан.

Сайыскерлеріміздің өз қолдарынан жасаған бұйымдарын тамашалайық.

6-кезең. «Сұлулық сыры»

Ал, халайық ықыласпен демейік,

Арулардың сəн үлгісін көрейік.

Сыры менен сымбатына қарап біз,

Əлілдікпен бағаларын берейік.

Алтыншы кезең бойынша қыздарымыз сəн үлгісін көрсетеді

 

Қазылар алқасы қорытынды баға шығарғанша құттықтау кезегін ұлдарымыздың аналарға арнаған тақпақтарын тамашалайық.

Осыменен сайысымызды тəмамдайық,

Тағы да жарысамыз аман болсақ.

Сөз береміз əділқазы алқасына,

Əрарудың өнерлерін саралайық.

Сөз кезегін əділқазылар алқасына берейік. Қазылар алқасы аруларымызды мадақтап мақтау қағаздарын, сыйлықтар табыс етеді.

 

Аналар қалқап бақыт аралына,

Лайым мұң баспасын жанарыңды.

Осымен сайысымыз аяқталды.

Гүл бітсін бəріңіздің қадамыңа- дей отырып уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз