Атырау облыстық №3 мектеп – интернаты
Бастауыш сынып тәрбиешісі: Сүйеуғалиева Құралай Мирзагуловна
Тақырыбы: Теңдесі жоқ Ұлы Жеңіс
Типі: дөңгелек үстeл
Мақсаты:
Білімдік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысының басталуының себебін соғыстың тигізген зардаптарының жойқындығын тусіндіру.Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып майдангерлердің рухына бас ие отырып, оқушыларды Отанды қорғауға, ерлік істеріне тақзым етуге, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін, жаудан қорғай білуге, батырлардың өмірі үлгісінде тәрбиелеу.
Тәрбиелілік: Оқушылардың Отанға, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру максатында халық қамын ойлаған тұлғалар мен елін қорғаған батырлардың ісін үлгі етіп, оқушыларды адамгершілікке, намысқойлыққа, ержүректілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың шараға белсенділігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге және салыстырмалы талдау дағдыларын дамыту, XX ғ. КСРО халқының ел тарихындағы болған оқиғалардың, Ұлы Отан соғысының рөлін түсіндіру.
Әдісі: аралас (репродуктивті, баяндау, әңгімелеу, өлең, тақпақ, сұрақ -жауап ).
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, Ұлы Отан соғысы жайлы слайдтар, бейнефильмдер «ВО война», «Сталиннің сөзі», «Священная война»., Ж. Жабаев, Б. Момышұлы, Сталин және т. б. суреттері, портреттер, схемалар, окулықтар.
Қолданылған әдебиеттер: «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы 2, 2006 ж., 11, 2006 ж., 1, 2009 ж.,«Жеңіс» фотоальбом кітабы 2005 жыл «Өнер» баспасы, Сүлейменов Р. Б. “Тарихи тұлғалар”, Х. К. Ермұханова «Қазақстан тарихы бойынша нақты деректер» Алматы 2007 ж. Қ. Аманжолов «Ерліктің жарқын беттері», «Дүние жүзі тарихы» 10 класс «Мектеп» баспасы. 2006 ж., «Қазақстандықтардың ҰО соғысына қоскан үлесі.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Бейнефильм көрсету «Священная война».
ІІІ. Мұғалімнің сөзі:
(Кіріспе сөз, шараның мақсатымен, қонақтармен таныстыру).
а) Интернет мәліметтері:«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды».
б) Интерактивті тақтамен жұмыс. Германияның ҚСРО - ға шабуылы.
ІҮ. Дөңгелек үстeл. Дөңгелек үстeлде талқыланатын сұрақтар.
Ү. «Соғыстың болуы заңдылық па, әлде кездейсоқтық па?».
ҮІ. Бейнефильм «Речь Сталина.»
ҮІІ.«Ардагерлерді ардақтайық». Ақпарат құралдарымен жұмыс.
ҮІІІ.Сұрақ - жауап.
ІХ. Қорытындылау. Бейнефильм « Ұлы Отан соғысының батырлары».
Х. Қонақтарға сөз беру.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Интерактивті тақтаны дайындау, оқушыларды отырғызу, конверттерді тарату.
ІІ. Бейнефильм көрсету «Священная война».
ІІІ. Мұғалімнің сөзі:
(Кіріспе сөз, шараның мақсатымен, қонақтармен таныстыру).
- Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтаймын. Осы тақырыптың аясында «Теңдесі жоқ Ұлы Жеңіс» атты тақырыпта дөңгелек үстөл өтеді. Шақырылған қонағымыз мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Айсұлу апай.
Бейнефильм «Священная война»
Жүргізуші Фарида: Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар-ошарсыз кетті.
Куралай апай: Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28-дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріппен жазылған.
Мұндай жойқын апаттың көріп түрін,
Адамзат естімеген бұдан бұрын,
Атаймыз жыл сайынғы Жеңіс күнін.
Жүргізуші Фарида:
Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар,
Кеудесін оққа төсеп лаулағанда.
Бір сәтке сол ерлерді еске алайық,
Жеңіс тойын 71 жыл тойлағандар, - деп сонау сұрапыл жылдары Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан жандарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Албина:
Мен соғысты жек көрем!
Мен соғысты
Жек көрем!
Көкем айтып отырса,
Кім қасірет шекпеген,
Кім көз жасын төкпеген
Талай өткен ғасырлар.
Ведущии Мадина: Добрый день! Мы рады приветствовать всех на сегодняшнем празднике!
9 мая - праздник необычный. Любой праздник - это прежде всего радость, веселье, смех. Радость же сегодняшнего праздника переплетается с горем, смех - со слезами.
Великая Отечественная Война… Сколько жизней она унесла, сколько несчастья принесла советскому народу…
Слава: Победа нашему народу досталась дорогой ценой. Война унесла почти 27 миллионов жизней советских людей. Но Советский Союз не только выстоял в такой жестокой войне, но и разгромил фашизм потому, что война была всенародной. На защиту Родины поднялись все: и мужчины, и женщины, и старики, и молодежь, все нации и народности страны. Невиданная стойкость и героизм на полях сражений, мужественная борьба партизан и подпольщиков за линией фронта, почти круглосуточный неустанный труд в тылу – вот чем была завоёвана эта победа.
Албина:
1940 жылы 18 желтоқсанда А. Гитлер құпия кеңесте “Барбаросса ” жоспарын бекітті. Герман қарулы куштері 6 - 10 аптаның ішінде Кеңестер Одағын тас - талқан етуді көздеді. Немістер “Солтүстік”, “Орталық”, “Оңтүстік” армия топтарын жасақтады.
Куралай апай
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 - те гитлерлік Германия шабуыл жасаспау туралы келісімшартты бұзып, соғыс жарияламастан тұтқиылдан Кеңестер Одағына соғыс бастады. Соғысты 1941 жылдың күзінде аяктауды жоспарлады, КСРО ішкі бірліктен жұрдай көп ұлттың жасанды тұрақсыз бірлестігі деп есептеді.
КСРО - ның басшылары В. В. Молотов пен И. В. Сталин өздерінің сөйлеген сөздеріңде бұл соғысты “Отан соғысы” кейіннен “Ұлы Отан соғысы” деп атады. 1941 жылы 30 маусымда И. В. Сталиннің төрағалық етуімен Мемлекеттік Қорғаныс комитеті құрылды.
Диас: Больше всего, конечно же, во время войны досталось детям, маленьким, слабым, беззащитным. Война отобрала у них детство, Сколько мужества и героизма они проявили, встав вровень со взрослыми на защиту нашей страны. Дети принимали участие в сражениях, воевали и в партизанских отрядах, и в тылу врага.
Айгүл апай
Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңіспен аяқталғанына 71 жыл толып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыс өртін тұтатушы фашистік Германияны жеңуде басты күш халық бірлігінде еді. Бас көтерер ел ұландары арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанды. Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғысы 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 басталды. Фашистік Германия Кеңес еліне 190 дивизияға біріккен 5, 5 млн әскерімен, 3500 танкісімен, 4900 әскери самолетімен, 50000 - нан астамзеңбірек, минометтерімен басып кірді. Кеңес елі оларға 170 дивизияға біріккен 2, 7 млн әскер, 1475 танк, 1540 самолет, 37, 5 мың зеңбірек пен миномет қарсы қоя алды. Соғыс 1418 күнге созылды. 27 млн адам қырылды, ал әр тәулікте 14 мың 104 адам, әр сағатта 588 адам, әр минутта 98 адам опат болды. Соғысқа дейінгі Қазақстанда тұрған 6, 2 млн адамның 1, 2 млн - ы майданға аттанды. Сонымен қатар 700 мың адам еңбек армияларында қызмет еткен. Осы соғыс кезінде 410 мың қазақ мәйіт болған. 500 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры және “Даңқ” орденінің толық иегері атанды. Оның ішінде 97 - сі қазақ.
Әр 1 млн қазаққа 33 батырдан келеді. Салыстырып айтқанда, бұл көрсеткіш: түркмендерде 21 - ге, қырғыздарда 18 - ге, өзбектерде 16 - ға тең.
Халқымыздың зердесінде бұл күн: 1945 жылдың 9 - мамыры мәңгі есте сақталады. Өйткені, бұл күн - әлем фашистік құлдықтан құтылған күн.
Жүргізуші Фарида
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап жүрген жоқ,
Қолындағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты
Бізге жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты
Ол арыстанша алысты
Өлім соққысын өз үсіне алды
Денесін оқ пәршелеседе,
Ел намысын қорғап қалды
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе қарағым
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық жолына аяғын.
Албина
1945 жылы 30 сәуірдің кешінде 6 сағаттан 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев. Төрт жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды.
Зарина: Дөңгелек үстeлде Айгүл апайға сұрақтар:
1. Ұлы Отан соғысының басталуы. Геманияның КСРО - ға шабуылы.
2. Шайқастар жөнінде мәлімет.
3. Соғыстың елге, халыққа әкелген зардаптары,қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі. Қазақстандық батырлар туралы.
4. Кеңес Одағы үшін бұл соғыс не үшін Ұлы Отан соғысы деп аталды?
5. Ұлы Отан соғысы кезінде жеңіске жету үшін қандай факторлар әсер етті?. Ұлы Отан соғысының бас кезінде не себепті Кеңес Одағы әскерлері жеңілді?
Ведущий Мадина: Прошел 71 год после окончания страшных дней войны. Мы живём с вами сейчас под мирным небом, играем, учимся, творим. Мы обещаем хранить память о подвигах наших предков.
Что такое День Победы?
Это утренний парад:
Едут танки и ракеты,
Марширует строй солдат.
Что такое День Победы?
Это праздничный салют:
Фейерверк взлетает в небо,
Рассыпаясь там и тут.
Слава и Алтайыр
Что такое День Победы?
Это песни за столом,
Это речи и беседы,
Это дедушкин альбом.
Это фрукты и конфеты,
Это запахи весны.
Что такое День Победы?
Это значит- нет войны!
Диас
Нашей победе 71 лет
Майское утро,
Солнечный свет,
Нашей Победе
71 лет
Красных тюльпанов
Алое пламя,
Как над Рейхстагом
Красное Знамя!
Виктор
Битвы, походы-
Всё пережито,
Радость Победы!
Нет! Не забыто!
Мирное утро,
Солнечный свет,
Нашей Победе-
71 лет
Песня «День победы!»
Арсен мен Сержан
Биік ұш бейбітшілік көгершіні,
Асып өт, нелер мұхит, не бір шыңды
Қаққанда қанатыңда бірге естілсін,
Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні.
«Ақ көгершін» әні орындалады
Песня «Пусть всегда будет солнце» (последний куплет и припев).
Куралай апай: Осымен сіздерге арнаған «Теңдесі жоқ Ұлы Жеңіс» атты дөңгелек үстеліміз аяқталды. Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Айгүл апайға, қатысқан барлық оқушыларға, ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!. Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!
Қорытынды
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі