Өлең, жыр, ақындар

Симметрия деген не?

№43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта мектебінің
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Жакеева Жанар

Мерзімі: 3.03.2016ж.
Сыныбы: 2 «Ә»                                                                                           

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Балаларды симметрия түсінігімен таныстыру. Табиғаттағы симметриялық көріністерді табуға үйрету, симметриялық заттарды бейнелеуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу. Ұқыпты жқмыс жасауға баулу, бірін-бірі бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Көріп, есте сақтауын дамыту, білім, білік дағдыларын кеңейту, тереңдету.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, дүние тану, музыка.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сурет салу, проблемалық, тестік әдіс, АКТ.
Сабақтың көрнекілігі: Көбелек, жапырақ суреттері, сергіту сәті, оқулықтағы суреттер, үнтаспа, АКТ.
Қажетті құрал-жабдықтар: Қарындаш, сурет салатын дәптер, акварель, гуаш, су құятын сауыт,қол орамал  т.б. заттар.

Сабақтың барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын, құрал-жабдықтарын тексеру.

II. Көңіл-күйді білдіру, шапалақпен.
Ал, енді көтеріңкі көңіл-күймен сабағымызды бастаймыз.
III. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру, бағалау.
Балалар мен үй тапсырмасын «Жеміс толы себет» әдісімен сұраймын. Әрбәр жеміс астында үй тапсырмасы бойынша сұрақтар жасырынған. Сол сұрақтарға жауап беріп, себет ішінен бір-бір жемісті сыйлыққа алайық.
- Қане кім шығады?
1. Киіз үй қандай негізгі  бөліктерден тұрады, ата?
2. Киіз үйді тіккенде шаңырақты кім көтерген?

3.Ою-өрнектер қандай түрлерге бөлінеді?
4. Жан-жануарлардың дене бөліктері бейнеленген қандай ою-өрнектерді білесің?
5. Қазақ ою-өрнектерінің қазіргі кезде қанша түрі бар?

Жаңа тақырып.
Бейнелеу өнерінің 3 жанрын салынған суретті интерактивті тақтадан көрсетемін.

Сұрақтар қою арқылы анықтама беріп, бүгінгі өтетін тақырыпты ашу.
Оқушылардың  дәптерлерін аштырып, күн ретін, тақырыпты жаздыру.                                                    
                                                                                                                         

Симметрия деген не?
Симметрия- дегеніміз қандай да бір заттың екі жағының тепе-теңдігі, сәйкестігі. Енді біз осы тақырыпқа байланысты бейне көріністі тамашалайық.
Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын-                                                                                                                 

1. Көктемде көктеп шығады талға,
Күзде сарғайып түседі жерге.
                                                Бұл не? (Жапырақ).

2. Гүлден гүлге қонады, ара емес,
 Ақ, сары боп бау-бақшаға сән береді.

                                                 Ол не? (Көбелек).

Ал енді осы симметриялық бейнелеудің ең оңай жолы монотипиялық әдіспен парақты бүктеу арқылы жасап көрейік. Парақты бүктеп алып, жарты көбелектің суретін салып, оның үстінен бастыру арқылы бүтін көбелекті шығарамыз. Міне екі жағы бірдей тең, яғни симметриялы көбелек шықты. Жапырақты да сондай әдіспен жасаймыз. Монотипия дегеніміз: моно-бір, типия-баспа, яғни бірбасылымды сурет.

Сергіту сәті:
«Көбелек»                                                                                                                       

әнін жазған: К.Қуатбаев                                                                                                               
сөзін жазған: Ж.Смақов              

                                                              

Шығармашылық кезең:
Балалар акварель бояуымен өз ері қалаған суретін салып үйренеді.
(Баяу музыка ойнап тұрады, С.Тұрысбековтың күйі. «Көңіл толқыны»)
                                               
Сабақты қорытындылау:

Тақтаға «Жасыл алқап» деп аталатын плакат ілінеді. Балалар өздері салған суреттерін аттарын жазып, сол алқапқа жапсырады.   

Балалардың жасаған еңбектерін талқылап, сәйкестендіру тесті бойынша бағалаймын.

 

Үйге тапсырма: Өздерің қалаған суреттеріңді салып келу.
Сабақ аяқталды.


Пікірлер (2)

Сандуғаш

Сіздерге көп көп рахмет керек материялдарды алуға көп көмек бересіздер

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз