Өлең, жыр, ақындар

Үшбұрыш, бір-көп, логикалық тапсырма

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Құрық ауылы
МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы
Тәрбиеші: Ходжебаева Гүлнара

Білім беру саласы: Таным                          

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Математика

Мақсаты: Балаларға үшбұрыш туралы түсінік беру. Заттардың пішінін анықтап оларды пішінін басқа заттармен салыстыруды үйрету. Заттарды түсіне,пішініне қарай ажырата білу қабілетін қалыптастыру. Бір-көп, логикалық тапсырмаларды орындауға ойлау қабілеттерін дамыту. Заттарды орнына қоюға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

 Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотив-қ

 қозғ-қ

Тәрбиеші балаларға шаттық шеңберіне тұруды сұрайды.

Күлімде күн күлімде
Жер жасарып көгерсін
Кешегідей бүгінде
Қанат қақсын көгершін

Жарайсыңдар балалар ендеше орындарыңа отыра қойыңдар

 

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Іздену-к

 ұйым-қ

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қай айы?

Балалар біз өткен матемаьтика оқу іс-әрекетінде геометриялық фигуралармен танысқан болатынбыз.

-Қане қандай фигуралармен таныстық есімізге түсірейікші?

Жарайсыңдар ендеше осы пішіндермен не құрастыруға болады ?

-Топтың ішінде осы фигураларға ұқсас заттарды айтамыз?

Жарайсыңдар балалар өткен тақырыпты жақсы меңгеріпсіңдер.Ендеше бүгінгі жаңа тақырыбымызды бастайық алдымен тақтадағы суретке назар аударайық.

«Не өзгерді» ойыны ойнатылады.

1-жағдай:

 2-жағдай:

3-жағдай:

Тәрбиеші балаларға жаңа фигуралар туралы түсінік береді.

Сергіту сәті.

1-тапсырма:

Балаларға  әртүрлі пішіндер беріледі,олардың түстері,қандай пішін екені туралы тоық айтып беруі керек.

2-тапсырма

Пішіндерден құрастырамыз.

3-тапсырма.

Тәрбиеші балаларға орындарынан тұрып  алдымен оң аяқтарымен еденге дөңгелек ,сол аяқтарымен үшбұрышты салуын сұрайды.

Сюжетті-дидактикалық ойын: «Кондуктор»

Мақсаты: Санау, әр түрлі сандардың қосындысынан бірі сан құрау, ұлттық валютамыз теңгемен танысуды одан әрі жалғастыру.

Көрнекілік: Әр баланың алдында ұсақ, 1, 2, 5 теңгелік (қағаздан қиылған) салынған әмиян.

Балалар 1,2 теңгелерден 5 теңге құрап кондукторға береді, кондуктор әр баланың вагонының түсіне сай келетін билет береді.

-Балалар, міне біз соңғы аялдамаға келдік. Бұл көңілді шеберлер қаласы деп аталады. (Тақтаға әр түрлі түсті пішіндерден салынған үй, жүк ашинасы ілінген) Олар әр түрлі пішіндерден бір нәрселер құрастырғанда ұнатады. Мұнда көңілді болғанымен біздің уақытымыз жоқ, кетуіміз керек, ал кету үшін кеме керек, себебі енді теңізбен жүземіз. Сондықтан ол кемені құрастыру үшін бізге шебердің көмегі қажет. Шебер бізге кеменің сызбасын қалдырған осы сызбаға қарап, біз кемемізді құрастырамыз.

Балалар сызба бойынша кеме құрастырады.

-Ал енді кемеге міну үшін оған көтерілетін баспалдақ керек.

Дидактикалық ойын: «Қызыл, көк дискілер»

Көрнекілік: Әр баланың алдында 2 дискіден (қызыл, көк) тарелкаларда түрлі түсті геометриялық пішіндер. Сызбаның көмегімен балалар сұраған пішіндерді дискілерге лақтырады.

-Міне біздің геометриялық пішіндер туралы барлық ақпараттарымыз дискеталарда сақталады деп ойлаймыз.

-Балалар, енді сендермен компьютерлік «Лото» ойынын ойнайық, мұның да нәтижесі сәтті болса, вирусты жоюға көп көмегі бар.

Дидактикалық ойын: «Лото»

Мақсаты: Кеңістіктегі бағдарлай ілу шеберліктерін шыңдау.

Көрнекіліктер: Ақ қағаз беті (монитор), көк түсті шеңбер.

-Мониторларыңды алдарыңа жақындатыңдар.

-Шеңберді экранның қақ ортасына қой.

-Енді жоғарғы оң жақ бұрышқа апар, төменгі сол жақ бұрышқа түсір, төменгі оң жақ бұрышқа жеткіз, жоғарғы сол жақ бұрышқа көтер.

-Балалар, жарайсыңдар! Енді мен осы нәтиженің бәрін электрондық пошта арқылы математика патшайымына жіберемін.Егер ол біздің жауаптарымызға риза болса, мына шам жану керек, яғни вирус жоғалды деген сөз. Тәрбиеші ойыншық компьютердің көмегімен ақпараттарды жөнелтеді. Шам жанады.(телефон шырылдайды).

-Алло! Ия, рахмет! Бәрі де өте жақсы болды. Мен міндетті түрде жеткізем (балаларға қарап). Математика Патшайымы бәріңізге рахмет айтып жатыр. Мен де сендерге ризамын, қай уақытта да қиналғандарға қол ұшын беретіндеріңізге сенімдімін.

Енді үйімізге ұшақпен қайталық. Кәне орнымыздан тұрып қолымызды жоғары көтерелік, енді алдымызға, енді жанымызға, міне біз ұшып келеміз, ал енді қоналық.

Міне қондық.

Осы кезде қайтадан кондуктор келеді.

-Балалар! Мен сендердің іс-әрекеттеріңді манадан сырттай бақыладым. Сендердің білімділіктеріңе, тапқырлықтарыңа сүйсіндім. Сондықтан да сендер тегін серуендеуге лайықты деп есептеп, жол ақыларыңды қайтарғым келіп тұр. Оқу құралдарын сатып алыңыздар. Көп рахмет сендерге, алдағы уақытта да көп оқып, үйреніңіздер.

Материалдармен жұмыс

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

Рефлекс

 коррек

Тәрбиеші ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетін түрлі  сұрақтар қоя отырып тақырыпты қайта пысықтап қортындылайды.Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.

 

Балалардың жауаптары

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Фигураладың атауларын

Игереді: Үшбұрыш пен олардың түрлерін.

Меңгереді: заттар мен фигуралардың үш белгісі түсі, пішіні, көлеміне қарай салыстыру.


Пікірлер (2)

Зилола

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз