Тақырыбы: «Қонақ күту – қазақтың бөлінбеген еншісі»
Мақсаты: білімділік – қонақжай адамға тән жақсы қасиеттерді білуге үйрету;
дамытушылық - ойын арқылы, мақал – мәтелдер айтқызу арқылы білімдерін дамыту, қонаққа шақыру, қонақтың түрлерімен таныстыру;
тәрбиелілік - үлкенді сыйлауға, кішіпейілдікке, әдет – ғұрпымызды үйренуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер, буклеттер, мақал – мәтелдер.
Барысы.
Ұйымдастыру.
Жүргізуші: Біздің халқымыз үйге кірген жыланның да басына ақ құйып шығарады. Бұл - үйіңе қонақ болып дұшпаның келсе де, одан барыңды аяма деген ұғым шығар, өйткені қазақ халқына жомарттық, кеңдік тән.
Қонақжайлық - «қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін» халқымыздың қанына сіңген дәстүрлі әдебі.
Міне, ата–бабамыздың осындай аяулы салт–дәстүрін білу – біздің парызымыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздан қонақ күту, қонақты баптау сияқты әдет–ғұрпымызды үйренеміз деп ойлаймын. Тек бар ықыласымызбен тыңдай білейік.
1 – оқушы: Армысыздар, аналаар мен аталар,
Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Хош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.
2 – оқушы: Алдарыңа жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
Хош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Би билеп, ән де бүгін шырқалған.
1 – тапсырма: Қонақ күту туралы өлеңдер оқу.
«Қонақжайлық»
Сырттан келген мейманға
Сәлем беріп, қол алсаң –
Бірінші еткен қызметің.
«Түсіңіз» деп түс берісіп,
Шылбыррына оралсаң –
Екінші еткен қызметің.
Есік ашып енгізіп,
Көрпе төсеп құп алсаң –
Үшінші еткен қызметің.
Мейман риза болмағы –
Құрметпен үйге қонғаны.
Кешіктімей шай берсең –
Ұмыт болар тоңғаны.
Тысқа шықса қария –
Қолыңда болсын құманы,
Ірікпесең барыңды
Қонақжайлық сол – дағы.
«Қазақы дәстүр»
Жолаушы келсе үйіне,
Жайған қазақ дастархан.
Қарамай қазақ күйіне,
Малын сойып бас тартқан.
Шайын қояр келіндер,
Жайма шуақ мінездер.
Маймаң басып бәйбіше
Теңін шешер лезде.
Ұл–қыздары аз сөйлер,
Жайғастырып шаруасын.
Отағасы сөз сөйлер,
Түгендеп қонақ мал басын.
Бата беріп қонағы,
Қойын сояр қожайын.
Етке табақ толады
Салғаннан соң толайым.
Ә дегенше шай келер,
Ызылдап сары самаурын.
Құрт, ірімшік, май берер,
Жесін деп қонақ қалауын.
Жантая жатып дем алар,
Шайды ішіп қанғасын.
Көлігі де бел алар,
Суытып, жемдеп алғасын.
Қонақжайлы қазақпыз
Қазақтың қасиетті салты сондай,
Сүйсінер көрген халық қағып таңдай.
Күз болып жолаушылар жолы түсіп,
Құрметті қонақ болар, тіреп таңдай.
Ақ көңіл, ақ дастархан кең жайылған,
Қонақты аямаған дәм бұйырған.
Қонағын қол қусырып көңілін тапқан,
Қазақпыз қонақжайлы баяғыдан.
2 – тапсырма: «Дәстүрді білесің бе?»
Жүргізуші: Біздің қазақ халқы «Өнеге отбасынан» деп үйде қатаң әдет ұстанған. Дастархан басында, қонақты қалай баптау, қонақты шығарып салу жайлы не білесіңдер?
Азамат: Қазақтың дәстүрлерін білесің бе?
Білгеніңді ойға тоқып жүресің бе?
Білмесең тыңдап алғын бүгін бізден,
Содан соң шын мәнінде істеп үйрен.
Алишер: Дастархан басында
Қазақ халқының аса мән – маңыз беретін орны - дастархан басы. Әрбір қазақ шаңырағы үшін дастархан басы тәрбие мектебі болған. Тамақты бас қосып отырып үй–іші болып ішеді. Дастархан басына әуелі үлкендер жайғасады, содан кейін барып жасы кішілер орналасады. Жас адам үлкендерден бұрын бас салып тамақ алмайды. Тамақ ішіп болған соң да елден бұрын тұрып кетуге болмайды, бұл - біздің халқымызда тым тұрпайы, көргенсіз қылық. Егер асығып отырған адам болса, дастархан басындағылардан кешірім өтініп, кетуге рұқсат сұрайды. Рұқсат алса ғана орнынан тұрып кетуге болады.
Бағжан: Қонақтың бабы.
Үйге келген қонақты апыл – ғұпыл тамақтандырып, шығарып салуға асықпайды, шай ішкен соң ас дайын болғанша қонақтардың көңілді отыруына, бабын табуға мүмкіндік жасайды. Ол үшін әңгіме дүкен құрып, үй иесі қонақпен бірге отырады. Реті келсе, ауылдағы әнші, күйші деген жастарды өнерлерін ортаға салады. Үй иесінің өнерлі балалары болса, олар да көңіл көтеруге атсалысқаны ерсі емес.
Рустам: Қонақты шығарып салу
Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын ел. Сондықтан қонақты қарсы алып, шығарып салуға ерекше мән берген. Үй иесі «шақырылған қонақ», «құдайы қонақ» деп бөліп жатпай бәріне бірдей сый – құрмет көрсеткен. Ертеректе адамдар көбінесе атпен жүретіндіктен қонақтың атының шылбырын ұстап, аяған үзеңгіге салғанда екінші қолтығынан демеп атқа мінгізген.
«Ал, сау болыңдар!» деп үйде қала бермей, далаға бірге шығып қоштасқан абзал.
3 – тапсырма: Адам өмірінде әр түрлі қуанышты сәттер жатады, оны достарыңмен, жақындарыңмен қызықтағанға не жетсінн!
1. Қонақжайлық адамға тән ең басты қасиеттер қандай болуы керек?
Ержан: Кішіпейіл адам қонақтарды жылы қабақпен жарқылдай қарсы алады. Киімін іліп, көңілін аулауға тырысады.
Абдрасул: Жомарт адам дастархан жұтатпайды, тарылмайды. «Былғап қояр, сындырып алар» демей, заттарын көрсетеді. Қонағының неғұрлым көңілді отырғанын қалайды.
Айымжан: Кеңпейіл адам келген кісі байқаусызда бір затын бүлдіріп алса, оны байқамаған болады. Бетіне баспайды. Қайта тыныштандыруға тырысады. Өз ойын сыпайылап жеткізеді. Достарын үйіне шын ниетпен шақырады, оларды бір – біріне жамандамайды. Нашар мінез көрсетпейді.
2. Қазақ халқының қонаққа шақыру түрлерін ата.
Бағжан: түрлері: «Шілдехана», «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Тоқымқағар», «Беташар», «Қыз ұзату», «Ерулік». Сонымен қатар қазақтың төрт тойы бар: жаңа жыл тойы – Наурыз, жаз тойы – «Қымызмұрындық», күз тойы – «Сабан той», «Мизам», қыс мерекесі – «Соғым басы».
3. Қонақтың неше түрі бар?
Төрт түрі бар.
Ержан: Арнайы қонақ - алыстан әдейі іздеп келген қонақ.
Айымжан: Құдайы қонақ - тосыннан келген қонақ.
Ұлпан: Қыдырма қонақ - ерігіп, желігіп, үйден үйді, ауылдан ауылды кезіп жүрген қонақ
Әлия: Қылғыма қонақ – өрісі тар, ауылдағы түтіні түзу шыққандарды торып, өзінің құлқыны үшін аузына салғанын шала шайнап қылғытатын қонақ.
4 – тапсырма.
Жүргізуші: «Мақал айтсаң - жол көрсееттің, мәтел айтсаң – жанымды жайландырдың» демекші қазір балалар мақал – мәтелдер айтып жарысады.
5 – тапсырма.
Қонақтарды ренжіткен кім? (көрініс)
- Алишер, сені туған күніңмен құттықтаймын!
- Қап, бұл шоколад екен ғой, мен «сникерсті» жақсы көремін.
- Сүйікті немерем, денің сау болсын, спортта жетістікке жет!
- Әже, мына кроссовкиді неге алдыңыз, маған «адидас» кереек!
Отырма, ойбай, диванға,
Ортасын онда оясың.
Үстімен жүрме кілемнің,
Бір жерін тесіп қоярсың.
Ұстай көрме төсекті,
Кір қолыңмен былғайсың.
Үшкір екен тырнағың, тиіспе еш кітапқа
Парақтарын жыртасың,
Тұрғаның жолда неткенің,
Дұрыс болар кеткенің!
- Балалар, бұлай қонақ қарсы алған дұрыс па?... Онда келесі «қонақты қаббылдау» көрінісін көріп, жақсылап көңіліңмізге түйіп алайық.
«Әдепті сөз»
Немере: Ассаллаумағалейкум, ата!
Ата: Уағаллейкумассалам, балам!
Немере: Кешіріңіз, ата, кешігіп келдім.
Ата: Оқасы жоқ, балам, «Ізетке найза болмайды деген». Маған инабатың мен ілтипатың бәрнен де қымбат. Айыбы жоқ, балам, «Жолаушының жолы біледі» деген.
Немере: Ата, ғафу етіңіз. Сізге сыйлайтын сый – сияпатым да көңілімдегідей емес...
Қорытынды.
- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы не туралы?
- Қонақ күту.
- Біз бұл тәрбие сағатынан нені үйрендік?
1. Үйіңе қонақ келгенде қандай қызмет жасайсың?
2. Үйге келген қонақты қалай күтеміз?
Ата – аналармен ойын.
1. Жағдаяттық сұрақ – тапсырма.
Күнде ертемен әкесі мен баласы спорттық киім киіп алып бірге жүгіреді, бірге үйге келеді. Баласы әкесіне ұқсап сөйлейді, анасына көмектеседі, сонымен қоса автобусқа мінгенде және түскенде қолын ұсынып көмектеседі.
Сұрақ: 1. Сіздің көзқарасыңыз қандай? Бұл отбасы мықтты ма?
2. Отбасы туралы мына мақалды қалай түсінеміз? «Отан отбасынан басталады». Балаңызға мақал – мәтел айтып отырасыз ба?
3. Балаңыздың кішкене күнінен қалған қылықтарын айтып беріңізші?
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылы №99 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нұрмаханова Зейнеш
Молдир
Нақыл создер барма
Кымбат
Ұлағатты сөздер бөлімінде
Шыныбекова раушан
Нақыл сөздер бар ма?