Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Қызылсай ауылы
«Айналайын» балабақшасының тәрбиешісі
Утепбаева Бақтыгүл Наурызовна
Тақырыбы: Тәрбие тілден басталады
Мақсаты: Балалардың ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып танымдық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд көрсетіледі. Еліміздің рәміздері. Үш би.
Әдіс - тәсілдер: Аралас, түсіндіру, сұрақ - жауап, қорытынды.
Тәрбиеші: Балалар бүгін ерекше күн екен. Біздің іс - әрекетімізге көптеген қонақтар келіпті. Олай болса алдымен амандасып алайық.
Арайлап таң атты
Алтын шуақ таратты
Қайырлы таң балалар
Қайырлы таң апайлар
Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату - тәтті доспыз, Қәне бір - бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.
Балалар: Күніміз жарық болсын
Аспанымыз ашық болсын
Деніміз сау болсын
Еліміз тыныш болсын
Досымыз көп болсын
Балабақшамыз жайнай берсін
Нанымыз көп болсын
Тәрбиеші: Иә, балалар осындай жақсы көңіл - күйімізбен орындарымызға жайғасайық.
Балалар, бір аптада неше күн бар?
Балалар: Жеті күн бар
Тәрбиеші: Аттарын атап айтайықшы?
Балалар: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күз мезгілі неше айдан тұрады?
Балалар: Үш айдан
Тәрбиеші: Аттарын атап айтайықшы?
Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша
Күз мезгілінің ерекшеліктері күн суытады, адамдар жылы киіне бастайды, ағаштар жапырағы сарғаяды жерге түсе бастайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.
Білім беру саласы: Қатынас. Ұйымдастырылған іс - әрекет: Тіл дамыту.
Тақырыбымыз: Тәрбие тілден басталады.
Ғажайып сәт: Есік қағылады. Балалар бізге шет мемлекеттен қонақ келді. Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.
Қонақ: Сәлеметсіздер ме, балалар. Балалар бұл қай мемлекет!
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Қонақ: Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?
Балалар: Астана қаласы
Қонақ: Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білем деп отырмын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә, көмектесеміз.
Қонақ: ҚР елбасы кім?
Балалар: Біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев
Қонақ: Сіздердің ұлттарыңыз кім?
Балалар: Біздің ұлтымыз қазақ.
Қонақ: Сіздер қай тілде сөйлейсіңдер?
Балалар: Біз қазақ тілінде сөйлейміз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Біздің мемлекеттік тіліміз қазақ тілі. Біз бәріміз бір - бірімізбен қазақша сөйлесеміз. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 1998ж 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні мерекесі болып аталып келеді. Біздің Республикамызда 120 - дан астам әр ұлтың ұл - қыздары тату - тәтті ынтымақтастықпен жемісті еңбек етеді.
Тәрбиеші: Кәне, балалар біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік.
Балалар: Ән ұран орындайды.
Тәрбиеші: Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Азамат: Ана тілің біліп қой
Еркіндігің теңдігін
Ана тілің біліп қой
Мақтанышым елімнің
Шахризада: Сүйесің өз тіліңді
Боласың білімді
Өз кілтіңді үйретер
Өнерді де, ғылымды
Ардақта тіліңді
Рауан: Жанымнан қымбат
Ана тілім маған
Ана сөзден тыңдап
Үлгі өнеге алам
Айзере Ш Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл - қызын мәңгң сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Дария Ана тілім – анам
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жарым
Ханшайым Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған
Аллижан: Ана тілім - тірегім
Ана тілім - жүрегім
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін
Жарас: Ана тілім елдігім
Ана тілім ерлігім
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі