Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Б.Бегалиев атындағы орта мектептің
жоғары санатты мұғалімдері
Қуаншалиева Сания
Қайырғалиева Асима
Бүгінгі қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі қарқынды дамып отырған заманда адамның интеллектуалдық еңбек үлесі өсіп, білім деңгейіне және әрбір жеке тұлғаның шығарм ашылық даралығының дамуы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талаптар арта түсуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» мәселесі аталып көрсетілген [1]. Жалпы білімнің басты үш міндеті бар, олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, және оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу – ең көкейкесті мәселеге айналып отырғаны дәлелденді. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу.
Адамның белгілі бір әрекетке бейімделуіне негіз болатын факторлар бөлігіне мыналар кіреді:
- азаматтық қасиеті;
- еңбекке деген қарым-қатынасы, мамандыққа қызығуы;
- тұлғаның кәсіби еңбек бағыттылығы;
- дене және ақыл-ой өрісінің жарамдылығы;
- арнайы қабілеттері (белгілі бір іс-әрекетіне қажетті сапалар);
- білім, дағды, тәжірибе.
Әрбір оқушының сана-сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, әртүрлі мамандықтардың ерекшелік сипаттарына қабілеттері бірдей бола бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі - тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты.
Мектеп – оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Ал мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық ұжым болып саналады.
Мұғалім оқушыларға терең білімді береді, оны кәсіптік бағдар беру жұмысымен байланыстырады, мамандықты таңдауда оларға көмектеседі, әрбір мектеп бітіруші оқушының тағдырына жауап береді, сынып жетекшілеріне, ата-аналарға көмек көрсетеді. Сынып жетекшісі сыныптағы барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты таңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің компоненттеріне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы, кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік кеңестер беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орнату т.б
Мектепте оқушылардың кәсіптік деңгейін шыңдауда үйірмелердің атқара рөлі зор. Біздің мектебімізде шығармашылық, дарындылық қабілетін арттыру мақсатында құрылған бірнеше қоғамдық үйірмелер мен клубтар, бірлестіктер бар. Мектебімізде оқушылардың дарындылығы мен шығармашылығын бірнеше қоғамдық үйірмелер мен клубтар, бірлестіктер бар. «Қуыршақ» шағын театр үйірмесі, «Қыл қалам», «Жас техник», «Жас жауынгер», «Жас географ», «Жас биолог», «Жас физик», «Жас математик», «Жас информатик», «Мәнерлеп оқу», «Ұлттық ойындар», «Тоғыз құмалақ», «Қазақша күрес», «Жас өркен» үйірмелері, «Назерке» фольклорлық ұлт-аспаптық домбырашылар үйірмесі, «КВН» клубтары жұмыс жасап келеді. Мұндай үйірме мен клубтардың ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстар оқушы қабілеті мен дарынын ұштаудың негізгі алаңы. Оқушылардың дарынын дамыту олардың қабілеттілігін ғана арттырмайды, болашақ өмірге дайындап, мамандық таңдауына да әсер етеді. Оқушының шығармашылығын арттыруда балалармен жеке жұмыстың да маңызы ерекше. Мектептен-ақ оқушылар өнер, кәсіп түрлерінен, зияткерлік және интеллектуалдық тұрғыдан ақыл-ойы мен қабілеті жағынан ерекшеленіп тұрады. Олармен жұмыстың нәтижесі қоғам мен мемлекетке, Отанымыздың болашағына өлшеусіз пайда әкеледі. Балалар сурет салады, ән айтады, мүсін салады, аспапта ойнайды, белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады. Мектеп мұғалімі осы қабілеттілікті жүйелі дамытып отырмаса, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.[1]
Мектебімізде сонымен қатар дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу практикалық тұрғыда негізінен төрт бағытта ұйымдастырылған. Олар - интелектуалдық, спорттық, өзін-өзі басқарушылық, ұйымдастырушылық,көркемөнерпаздық. Осы аталған бағыт бойынша тоқталатын болсақ, ақыл-ой, тіл, интелектілік жағынан дарындылармен жұмыс оқушыларды ойлауға, есте сақтау қабілеттерін арттыруға, сөйлеу өнеріне, ғылыми тұрғыда ізденуге, жадын дамытуға, пікір таласып ойталқыға түсуге, көркем сөйлеуге үйретеді. Осы негізде ғылыми жобалар жұмысы бойынша төрт оқушымыздың республикалық байқауға жұмыстары ұсынылып, бір оқушымыз жүлдегер атанып, республикалық дарынды оқушылар тізімімен жинаққа енді. Астана қаласында өткен республикалық “Жарқын болашақ” олимпиадасында “Мәнерлеп оқу” байқауы бойынша да оқушымыз жүлдегер атанып, сертификатқа ие болды. “Жас биолог” бағыты бойынша да оқушымыз республикалық “Құс білгірі” байқауына қатысып, жүлделі бірінші орынды иеленді. “Абай-Шәкәрім”, “Махамбет”, “Мұқағали”, “Жұмекен” оқулары бойынша да оқушыларымыз облыстық жүлдеден құр алақан емес.
Спортпен шұғылдану – салауатты өмір салтын ұстанудың маңызды бағыты. Бұл бағытта мектебімізде волейбол, баскетбол, гандбол, шахмат, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, дойбы, күрес сияқты ойын және спорт түрлерінен сайыстар мен жарыстар, сыныптан тыс шаралар өткізіліп тұрады. Осы бағыт бойынша оқушыларымыз республикалық деңгейден көрініп, жетістіктерге жетіп жүр. Өзін-өзі басқарушылық – ұйымдастырушылық бағытында атқарылған шаралар да оқушылардың қарым қабілетін, дарыны мен шығармашылығын дамытады. Мектепте оқушылардың өзін-өзі басқаруы бағытында құрылған “Шапағат” қоғамдық ұйымының өзіндік орны бар. Ұйым мүшелерінің өзара өзіндік бөлінген және айыны бір рет мектепшілік шара өткізіліп тұрады. Ұйымның құрамындағы оқушылардың тұрғылықты жердегі тұрғындардың әлеуметі төмен, қайырымдылықты, қамқорлықты қажет ететін жалғыз басты қарияларға қол ұшын беріп, мүгедек жандарға көмек беру басты мақсаты. Осы бағытта да ұйым оқушылары өткен оқу жылында “Өмір – ізгілік нәрі” атты республикалық өткізілген шараға қатысып, сертификатқа ие болды. Көркемөнерпаздық бағытында да мектебімізде көптеген шаралар ұйымдастырылып, оқушылар биік тұғырдан да көрініп жүр.
XXI ғасырда қоғамда тәрбие мен білім беру маңызы артуда. Білім беруді модернизациялау жағдайында тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеу,кәсіпке бейімдеу жаңа әдіс-тәсілдермен толықты. Заман талабына сай мектептерде саласы дарынды оқушылармен жеке жұмыс жүргізілуде өзіндік моделі қалыптасқан. Кәсіптік білім мен тәрбие берудегі кәсіпке бейімдеу ерекшеліктерінің оқушы бойында кәсіби және тұлғалық сапаларды жоғары қалыптастыруда маңызы зор.[2] Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді теориялық зерделеу мен мектептердегі тәжірибелік жұмыстар оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасауға мүмкіндік береді. Оқушылардың жас шамасына бай ланысты кәсіби құндылық бағдар беруді басқарудың жүйелілігін, сабақтастығын, үздіксіздігін, оқушыларға мектептің, отбасының ықпалын қамтамасыз етеді, жоспар негізінде кәсіби құндылық бағдарды қалыптастырудағы қиындықтар Жанықталынып, негізгі міндеттер белгіленеді. Кәсіптік білім – оқушылардың әлеуметтік-экономикалық, психикалық-физиологиялық ерекшеліктері бар түрлі мамандықтар туралы білім жиынтығы; сол кәсіптердің біреуін дұрыс таңдауға жағдай жасау; оқушылардың кәсіби және қоғамдық қызметтерге деген көзқарасын дұрыс тәрбиелеу, психикалық-физиологиялық мүмкіндіктерін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін дұрыс түсінуін қалыптастыру. Өз кезегінде кәсіптік ағарту кәсіптік хабарламадан, кәсіптік насихат пен кәсіптік үгіттен тұрады. Мысалы, оқушыларға ауыл шаруашылығының кейбір салаларына қажетті мамандар жайында хабарлама және сол мамандықтарды оқып үйренуге жағдай жасау, сонымен қатар ауыл шаруашылығына қажетті мамандықтар туралы насихат жүргізу. Бұл жұмыстардың бәрі оқушылардың ой-өрісіне бағыт береді, мұны кәсіптік үгіт деп те қарауға болады. Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде олардың әр саладағы мамандық иелеріне қызығуы үлкен орын алады.
ә) Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу – жеке адамға әсер ету оның психикалық ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі. Балалардың ой-өрісі, мақсат, мұраты, пәндерді саналы оқытуда қалыптасады.
Адамдардың белсенділігінің жоғары болуы да пәндерді оқыту арқылы іске асады. Әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру – адамдар арасындағы қарым-қатынастың дамуына әсер етеді. Пәнді, білім, білік, дағдыны игеруде, оқушылардың өмір тәжірибесінде, қоғамдық қатынас жүйесінде адамгершілік нормалары орнығады. Оқыту белсенділігі сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да жүзеге асырылады. Оқушылардың мамандық әлемімен, техника негізімен және өндіріс технологиясымен танысуы олардың қызығуына, беіймділігіне, белгілі бір жұмысқа ынталануына көмектеседі. Кәсіби ақыл-кеңес беру арқылы оқушының өзіне тән ерекшелігіне, таңдаған кәсібінің талаптарына баса назар аударылады. Кәсіби кеңес беру оқушыларға әлеуметтік кәсіптік жоспар жасауға көмектесумен ғана шектелмей, олармен бірігіп, жоспарды іске асыру, жалпы және кәсіптік білім алу деңгейін көтеру мәселелерін, мамандық таңдауға идеялық, адамгершілік негіздерінің қалыптасуын, сол сияқты оқушылардың мәдени-өсіп қалыптастырады. Мамандықтар туралы кеңес беру нәтижесі, атап айтқанда, оқушылардың қабілеттеріне байланысты іс-әрекеттерін ұйымдастыру жұмыстарымен тығыз байланысты. Сонымен қатар қызметін атқарады. Мамандық таңдау – мектептен тыс, арнайы зертханада және таңдаған мамандығының өзіне тән еңбек жағдайына байланысты жүргізіледі. Мамандық таңдаудың мақсаты – оқушының белгілі бір еңбек түріне жарамдылығын анықтау.
Қорыта айтқанда, оқушылардың кәсіби біліктілігін, бағдарларын қалыптастыру оқушы тұлғасының дамуымен байланысты. Ал оқушылардың жеке бас дамуынан олардың кәсіби өзін-өзі анықтауын бөліп қарауға болмайды. Міне, осының негізінде ғана оқушылардың кәсіби бағдары ұғымы анықталады. Сондықтан оқушылардың кәсіби бағдарларын олардың кәсіби өзін-өзі анықтауынан бӛліп қарастыруға болмайды. Оқушылардың кәсіби бағдарларына кәсіптің бір саласына қызығушылықтары, бейімділіктері мен қабілеттері жатады.
Ұрпақ тәрбиесі - болашақ қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, кәсіпке икемді, ақыл-прасты мол, мәдени ой-өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Болашақ ұрпаққа кәсіби мамандыққа көзқарас, негізінен оқыту-тәрбиелеу ісінің сипатымен анықталады. Кәсіптік білім берудің жалпы мақсаты – жастар бойында кәсіби және тұлғалық сапаларды жоғары қалыптастыру болса, мектеп мұғалімдері оқушыларға кәсіби бағдар беріп, мамандық таңдауға жол сілтейміз.
Мұғалім мен тәрбиеші төмендегі жайттарға ерекше мән берсе:
- оқушылардың бойында ішкі психологиясына, әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлеріне тәрбиелеу;
- түрлі кәсіп қызметтері мен сыйластық қатынастарына тәрбиелеу;
- мамандықты өз бетінше таңдай білуге баулу.
Сонымен, ХХІ ғасырды білімділер ғасыры десек, білім қызметкерлері алдында үлкен жауапкершіліктер тұр. Біз жас ұрпақтың кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына бағыт-бағдар беру – басты мақсатымыз екенін естен шығармағанымыз жөн.
Пайдаланған әдебиеттер
1. «Мұғалім және қоғам» №2, 2012
2. «Қазақстан мектебі» № 2, 2011
3. «Қазақстан мектебі» № 11, 2006
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі