Қойшыбаева Алтын Боранбайқызы.
Қызылорда қаласы
№5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицей кітапханашысы
Тақырыбы: «Кітап - ақылшы досың»
Сыныбы: 4 «А»
Өткізілетін орны: Кітапхана
4 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілетін сайыстың мақсаты:
- Оқушыларға кітаптың және кітапхананың пайдасы жөнінде түсінік беру.
- Күнделікті алған білімдерін өмірде қолдану дағдысын қалыптастыру.
- Білімді, талапты, білгір оқушы болуға, кітаптарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: интер белсенді тақта,слайдтар, кітаптар, маркер, плакат, т.б
І. Әнұран орындалады.
ІІ.Құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгін біз дүниедегі ең қымбат байлық,рухани азық кітаптың сан алуан қыры мен сырын ұғып білмекпіз.Кітап –ақыл мен жан азығы.Халқымыз «Білекті бірді жығады,білімді бірді жығады»- деп бекер айтпаған.Сол дана сөзімізді ту етіп 4 «А» сынып оқушыларының сайысын көруге шақырамыз.
Кітапханашы: Оқырмандарымыздың білім деңгейін бағалар әділқазыларымызбен таныстырып өтейін:
Ал келіңдер, келіңдер!
Дұрыс жауап беріңдер.
Білімдеріңді көрсетіп,
Алға оза беріңдер!
Қазір сайысқа түсетін 3 топ оқушыларын таныстырайын.
1. «Білімділер».
2. «Ақылдылар»
3. «Кітапқұмарлар»
Адамның досы-кітап,өмір кілті,
Тең келмес оған бүкіл жиған мүлкі.
Ақылшы жанға серік,жол бастаушы,
Асыл ғой қазынасы өмір көркі.
Сайыс мазмұны:
І кезең:
Тұрады басын құрап әріп неден?
Басталған білім білім басы әліппеден,
Қарасаң, шалқар-теңіз,түпсіз-мұхит,
Оқысақ кітап сырын ашып терең!
Қазақ әліпбиіндегі 42 әріпті рет-ретімен қатесіз айтып шығу. (5 ұпай)
ІІ кезең:
Балалар,бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер,оқып байқап қаралық та
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық –өшпес жарық ,кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп,тауып алалық та!
Бұл кезеңде сіздерге мәтін беріледі.Бір минут ішінде сол мәтінді дауыстап ,сауатты,жылдам әрі анық оқыған топ жеңімпаз болады.
ІІІ кезең:
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын салып қинамаған,
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін
Сол кітап –тек ақылшы күнде маған.
«Баланың айласы» мәтінін 3 бөлікке бөліп талдау.
Баланың Айласы
Бір әлім адам жапанда келе жатып, аяғы астында бір үлкен тасқа сүрініп жығылып, ойлады: бұл тас адамға зиян келтіретін тас екен , жолдан алып тастайын деп. Сол оймен тасты көтеріп еді, астынан бір сандық шықты, сандықты ашып еді, ішінен бір жылан шықты, шағамын деп әлімге ұмтылды, әлім айтты:
- Мен сені қараңғы, тар жерден, тұтқыннан шығардым, жақсылыққа жамандық бар ма?
Жылан айтты:
- Бар.
Әлім айтты:
- Олай болса біреуге жүгінелік, төре саған тисе шағарсың,-деп
Жылан да бұл сөзге тоқтап, екеуі келе жатып, түйеге жолықты. Түйеге бұлар істерінің мәнісін айтып еді, түйе айтты:
- Жақсылыққа жамандық бар; не үшін десеңіз:мен адамның қанша ауыр жүгін, мүлкін тасып, өмірімше қызмет істесем де, адам қай уақытта шамамнан тысқары жүк артады да, жүре алмасам ұрып-соғып ренжітеді.
Жылан мұны есітіп, әлімнің мойнына бір оралды. Мұнан шығып жеміс ағаштарына келіп жүгінді. Бұл ағаш та айтты:
- Жақсылыққа жамандық бар; не үшін десеңіз: менің жемісеммен қанша адам күн көріп пайдаланып тұрса да, жемісімді жан ауыртпай қолымен алмай, түбімнен қатты ұрып, жемісемді жерге түсіріп алып жейді, -деді.
Жылан әлімнің мойнына тағы бір оралды. Онан кетіп, бір итке жолығысты.
Ит те айтты:
- Жақсылыққа жамандық бар; мен иеме қанша түн-күн ұйықтамай мүлкін, малын, өзін бағып қызмет қылып едім, ақырында мен қартайып аурулы болған соң, таяқтап ұрып мені қуып жіберді,-деді.
Жылан және бір оралып, енді шағамын деді
Әлім айтты:
- Енді тағы біреуге-ақ жүгінейік, төрелік тағы саған тисе, шаға бер.
Сонан шығып бір топ ойнап жүрген балаларға келді. Ішінде бір бала әлімге сәлем берді. Әлім сәлемін алып, сол балаға істерінің мәнісін айтты.
Бала естіп болып:
- Әй, ата, бекер сөйлейсің, осы қолыңдағы кіп-кішкентай қобдиға мойныңа үш оралған әйдік жылан сыюшы ма еді?-деді.
Сонда жылан да айтты:
- Бұл сөз рас,-деп.
Бала тіпті нанбады: «бұл сөзге көзбен көрмей кісі нанып болмас» деп.
Сонда жылан баланы нандыру үшін иіріліп барды да, манағы қобдиға кіріп жатты.
Бала сонда тарс еткізіп сандықты жауып бекітті де, әлімнің қолына берді: «апарып алған орныңызға қойыңыз» деп.
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе,
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке!
3 топтан үш оқушы шығып желімдеу,түптеу.
Сергіту сәті
1- топ: Мақтаншақтарды
Бұл сөзден сөз теріп, терген сөздерінің ішінен заттың сынын білдіретін бір сөзді алып, сол сөздің әрбір әріпінен келетін заттың сынын білдіретін сөздерді табу.
2-топ: Құмырсқалардың
Терген сөздердің ішінен заттың атын білдіретін бір сөзді алып, сол сөздің әрбір әріпінен келетін заттың атын білдіретін сөздерді табу.
3-топ:Жұмыртқаларды
Бұл сөздін ішінен заттың қимылын білдіретін сөзді алып,сол сөздің әрбір әрпінен келетін заттың қимылын білдіретін сөздерді табу
Пайда ойлама, ар ойла.
Талап қыл, терең білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге!-деп Абай атамыз айтқандай кітапты әр уақытта оқып,дос санап қолдарыңыздан тастамуларыңызды сұраймыз.
Сайысқа белсенді қатысып,білгірлік танытқан топтарды марапаттау.
(әділ қазылар алқасына сөз)
«Кітап-досың,ақылшың» 4 а сыныбы
Тобы |
Алфавит айту |
Жылдамдыққа оқу (1 минут) |
Мәтінмен жұмыс |
Кітап түптеу |
қорытынды |
«Білімділер» |
|
|
|
|
|
«Алғырлар» |
|
|
|
|
|
«Кітапқұмарлар» |
|
|
|
|
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі