Мұғалім: Магауина Жадыра Магауевна әл-Фараби атындағы №145 ЖББМ
Сынып: 5
Тақырыбы: Операциялық жүйе
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: операциялық жүйелердің анықтамасын білу; олардың түрлерінмен танысу және программаларымен танысу; терезелер түрлерін баптауды үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелігі: жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Көрнекі құралдар: компьютер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Дәл бүгінгі күні біз бәріміз білімді болып, биікке көтеріліп ортамызға жағымжы жақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз.
ІІ. Миға шабуыл. Өткен сабаққа шолу. Тест алу.
І-нұсқа
ІІ-нұсқа
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Алдыңғы тарауларда біз адам өмірінде компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін қарастырдық. Бүгінде компьютер қолданылмайтын сала кемде-кем. Бұған түрлі программалық жабдықтаманы қолдану арқылы қол жетті. Программалық жабдықтамасыз компьютер – тек микротәсілдер жиыны ғана.
Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалық жасақтамасын құрайды.
Компьютер іске қосылған соң, ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіңдер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.
Жүйелік программалық жасақтамаға мына бағдарлама жатады: операциялық жүйе.
Енді интерактивті тақтаға назар аударайық (түсіндірме видео).
Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.
Операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді.
Атап айтқанда, ОЖ-лер:
1. Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
2. Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
3. Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немесе графикалық
(немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.
Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.
Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.
Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.
Операциялық жүйе екі негізгі қызметті орындайды:
1. Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір - бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;
2. Әрбір адамға ЭЕМ -ді жалпы басқару мүмкіндігін беру. Жаңа тақырыпты түсіндіру - мазмұнын экранда паралель көрсетіп отыру арқылы жүргізіледі.
Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:
І. Ядро - командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.
ІІ. Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері т.б.
ІІІ. Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда Жұмыс үстелі пайда болады.
Жұмыс үстелі
Жұмыс үстелінің сыртқы түрін тұтынушының өзі жеке таңдайды. Әдетте Жұмыс үстелінде Компьютер, Желі, Қоржын, Басқару тақтасы сияқты нысандардың белгішелері, Есептер тақтасы мен Бастау батырмасы орналасады.
IV. Тәжірибелік тапсырма компьютер арқылы жасалады (1,2 жаттығу)
V. Сабақты бекіту. Сабақты бекіту үшін компьютерде өткен тақырып бойынша тест жұмысы алынады
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма: §8 оқу. Тақырып соңындағы тест тапсырмасын орындау
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі