Өлең, жыр, ақындар

Бірдей сандарды қосу

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Шайыр орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі: Сугирбаева Айгул Тажибаевна

Пәннің аты: Математика

Уақыты: 15.02.16

Кабинет: №16

Мұғалім: А.Т.Сугирбаева

  Сабақтың атауы

   Бірдей сандарды қосу

  Мақсаты

 Оқушылардың таңбалары бірдей және әр түрлі екі санды қосу тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу.

 Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері, білім, білік дағдылары дамиды, математикаға деген қызығушылығы артады.

 Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндіктеріне сенуге, үлкен жетістікке ұмытылады.

 Математика әдістемелігі,  математика оқулығы, ғаламтор көзі, қағаз  А4, маркер, стикер, флипчарт, суреттер, бейнежазба

 Блум таксономиясы, ойын, бағдаршам

  Күтілетін нәтиже

 

 

 

  Ресурстар:

  Әдісі:

Психологиялық ахуал /2 мин/

Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барлығына құрметпен
Бас иеміз біз

Сандар арқылы топқа бөлінеді.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Білу  /3 мин/

«Кім жүйрік?» ойынымен

          10 асықтың 3 – еуін
          Досың сұрап алады.
          Айтшы сонда нешеуі
          Өз қолыңда қалады?   (7)

          Бір – бірімен жарысқан
          Төрт аю, бір арыстан.
          Екі қой мен бір түлкі
          Бәрі нешеу кім білді?  (8)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Түсіну  /5 мин/

 - Екі екіден неше домбыра?       2+2+2 

 - Екі домбырадан неше сөреге қойылған?  3        2+2+2=6

 - Екі екіден нешеқобыз? 2+2+2+2 

 - Екі  қобыздан неше сөреге қойылған? 4             2+2+2+2=8

Қолдану  /7 мин/

 

Оқулықпен жұмыс.

 

   І топ: 10 санын бірдей қосылғыштардың қосындысымен  алмастырады.

   ІІ топ: 9 санын бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастырады.

  ІІІ топ: 12 санын бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастырады

Талдау   /15 мин/

   І топ:  №3 есеп

 Түсті қағаз –  37  парақ

 Ақ  қағаз - ?, 18 парақ артық 

 Барлығы.- ? 

 Ш:  1)   (37 + 18) +37=  92 (парақ) 

 Ж: барлығы 92 парақ 

 Түсті қағаз– 37 парақ. 

 Ақ  қағаз - ?, 18 парақ артық 

 Ақ  қағаз  қанша .-  ? 

 Ш:  2)   37+ 18 = 55 (парақ) 

 Ж: 55 парақ ақ қағаз

 

 ІІ топ:   №5 есеп.  Теңдеулерді шешу.  Тақтадаорындау. 

                   х-32=53                            84-х=24             х+38=40

 

 ІІІ топ:   №6 есеп.. «Кім жылдам?» ойыны арқылы амалдарды  жазбаша  түрде  орындау. 

   16+44=60          100-77=23       65+35=100           39+38=77

   24+48=72          59+26=85        100-59=41            74-46=28    

Сергіту сәті  /3 мин/

«Көңілді күн» әніне билейді.

Ой сергітеді, шаршағандары басылады

Жинақтау  /3 мин/

 

 

 

І-топ:

1.Ұзындығы 5 см, ал ені 4 см тік төртбұрыштың периметрін тап.
2. Шаршы дегеніміз не?
3. 50 – ге 4 және 2 сандарының қосындысын қос.


   ІІ топ:                                    

1. Тік төртбұрыштың  қасиеті дегеніміз  не?

2. Тал басында тізіліп,
50 алма тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Түсті алманың 20 - сы.
 Ізінше оның тағы да
Түсті және 5 алма.
Айтыңдаршы, балалар,
Тұр әлі ілініп,
Алманың нешеуі? 

 3. 15= 5+2+5+5   Қай сан артық?

 

ІІІ топ:

1. Үйге жұмсап Жарқынды

Алдырдық біз үш түйе

Қос қап бидай артылды

Әр түйенің үстіне

Тапқыр болсаң ал санап

Бидай алдық қанша қап? 

 

 2. 20= 10+10+10  Не артық?

          3. 30-х= 10 теңдеуінің шешімі нешеге тең?     

Үйге тапсырма /2 мин/

 

Үйге тапсырма: 171- бет 7-есеп

 

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау /2 мин/

«Ашық журнал»

Оқушылар өздеріне  қойылған бағаны тақтадағы ашық журналдан көреді

Кері байланыс /2 мин/

«Бағдаршам»

Стикерлерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз