Өлең, жыр, ақындар

Өнеге - отбасынан

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
№ 20 жалпы орта білім беретін дамыта оқыту мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Ракишева Толкын Бекмухамбетовна 

Тақырыбы:  Өнеге – отбасынан.

Ата – аналар балаларымен шеңберге тұрып айтады:

1. Мынау - менің жүрегім,

    Бәріосыдан басталады.

    Мынау – басым ақылды,

    Бәрін осы атқарған.

    Мынау – менің оң қолым,

    Барлық  істі атқарған.

2. Тақырыппен таныстыру:

Отбасы олар - әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Бала ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы. Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып, өсуі жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға үлгі бола алсақ жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап  ұл өсер, шешеге қарап  қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы. 

3. Тақпақтар: 

1-бала:  Сөздерді ең аяулы

             Жақсы көріп жаттауым.

             Енді білдім оларды

             Кімнің ойлап тапқанын.                                    

2-бала:  Атамнан басталар

             Әжемнен қосталар.

             Отбасым мыналар:

             Ең жақан адамдар-

             Әкем мен анам бар,

             Бір туған ағам бар,

             Бір туған апам бар...

             Бәрін жақсы көремін,

             Еркелеймін, еремін!

3-бала:  Жаз келісімен, күн қызып,

             Машинасын жүргізіп.

             Барлықкөрші баланы

             Маған қоса мінгізіп,

             Аралайтын даланы,

             Қыдыратын қаланы-

             Әкем менің қандай-ды!

4-бала:  Кішкентай-мен үшін

             Тағат, байыз таппайтын,

             Не жемесін, не ішсін,

             Менсіз тағам татпайтын.

5-бала:  Қарғанда басқаға

             Қызықты көп бастайтын

             Күнде ертемен бақшаға

             Мені апарып тастайтын.

Ән: «Аяулы анашым»  хор.

4. Ата-аналармен  жұмыс:

Сіздер бізге көп сұрақ қоясыздар балаларыңыз жайлы. Менің балам қалай деп? Сол сұрақтарыңызға қазір жауап аласыздар. Баланың сырт  келбеті бірдей болғанымен балалар әр түрлі болады. Тапсырма бәріне бірдей барлықтарыңызға бірдей сүлгі таратамын. Сүлгіні бүктей  отырып төртбұрыштығып, оң жақ бұрышын жыртып отырымыз. Сүлгі кішкентай болғанша.   

Ойын: «Өтінемін»  балалармен.

Сүлгіні  қорытындылау. Енді ашамыз. Көрдіңіздерме мен сіздерге бірдей сүлгі тараттым, ал сіздердікі әр түрлі болып шықты. Балаларда  солай әр түрлі болады, сабақты әр түрлі қабылдайды.

5. Ән: «Асыл әжем»

6. Ертегі: «Шалқан»


7. Тақпақтар:

6-бала: Отын жарып беремін

            Суды да алып келемін

            Аялаймын анамды

            Тиеді ылғи көмегім.

7-бала: Ең елгезек баламын

            Үлкен тілін аламын

            Өсем деген ойым бар

            Таудай биік талабым.

8-бала: Үлкенге де сіз

            Кішіге де сіз

            Барша жанды құрметтеп,

            Бас иеміз біз.

9-Бала: Төрт жас үлкен өзімнен,

            Оқи жаза білетін.

            Мені титтей кезімнен

            Ойнатуды сүйетін.

            Кітабынан кіл қызық

            Әңгіме оқып беретін-

            Әпкем менің қандай-ды!

10-бала: Ерте кетіп жүмысқа,

             Үйге кештеп қайтатын,

             Болған күндіз құрылыста

             Қызықтарды айтатын.

8. Ата-аналарға тапсырма: Бір-бір ақ бет таратамыз. Қолдарының саусақтарын бастарады да, отбасындағы тұратын мүшелерін жазып  шығады. Өзін қосып жазады.

9. Асық арқылы балаларға сұрақ қою:

1. Отбасы дегенімі  не?

2. Отбасын кімдер құрайды?

3. Отбасында адамдар бір-бірін қалай сыйлайды?

4.Отбасында неше адам бар?

5. Өз отбасын туралы әңгімелеу?

6. Ұл мен қызды жасына  қарай  қалай  атайды? (қарындас, әпке, сіңілі, аға) 

7. Отбасының бүкіл міндетін кімдерге негізделген? (ата-анасына)

- Ата-аналардың тапсырмаларын қорытындылау:

Сіздер аттарыңызды жаздыңыздар.  Өзіңізді табыңыз, ал енді балаңыз қай саусақта жазылып тұр? Балаңызбен қаншалықты жақын екеніңіз  көрініп тұр. Өздеріңізде көрдіңіздер. Сондықтан балаңызға жақын болуға тырысыңыз.

10. Шаттық шеңберге қайта бәріміз:

     Күніміз ашық болсын

     Түніміз тыныш болсын

     Ауамыз таза болсын

     Суымыз мөлдір болсын

     Ұл қызымыз аман болсын!

Балалар сіздерге жүрекшелер жасады, жүрекшені тапсыра отырып балалар жылы лебіздерін білдіреді. Ал сіздер балаларға жауап беріңіздер.

11. Қорытындылау:

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі

Көңіліне көп жұбаныш

Гүлденіп ой өлкесі-деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзет сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген  екен. Ендеше ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылып тәрбиелейік және оларға үлгі болар екенімізді ұмытпайық. Егер  ата-анамен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойылып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздпры  жаң-жақты  дамыған азамат болып өседі.

Ата-аналарға жапырақтар үлестіріледі. Тілек ағашына балаларыңызға еркелеткенде айтаты  сөздеріңізді жазыңыздар. Бүгінгі тәрбие  сағатынан әсер, ұнағанын, ұнамағанын жазып беріңіздер.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз