Өлең, жыр, ақындар

Бабаның еккені - балаға сая

Маңғыстау ауданы Шетпе кенті
Алшын Меңдалыұлы атындағы орта мектеп
Ағылшын пәні мұғалімі: Дауылбаева Жанылхан Аманкосовна

Мақсаты: Атадан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.

Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, ақын-жазушылардың суреттері.

Жоспар:

1. Ата тәлімі.
2. Ескірмейтін ескі сөз.
3. Құпия хаттарға жауап.

Барысы:

Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адам табиғаттқа тәуелді. Сондықтан өзінің өмір сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл жасайтын, аяулы армандарын жүзеге асыратын ортасы, күн көріс көзі болып табылатын табиғатқа адамның қалай болса, солай емес, аялай, есіркей қарауы – оның перзенттік міндетті. Біздің ата–бабаларымыздан бізге жеткен көптеген үлағатты, ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздер көп. Бүгінгі таңдағы жас ұрпақ, сіздердің міндеттеріңіз осы қасиетті сөздермен танысып, оның мән мағынасын жете ұғынатын дәрежеге жету болып табылады. Тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады.

I бөлім: «Ата тәлімі»

1-оқушы: Арман деген не? - деп сұрапты қария жігітпен.

Жігіт: Ата, арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, қыз көрікті болсам дейді, жігіт бақытты болсам дейді, қарт жүзге жетсем дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді.

Ата: Арманына адаспаған жетеді, адасқан жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, -дейді қарт.

2-оқушы:

- Бақытты болу оңай ма? – дейті қарт.

- Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында, - дейді жігіт.

- Жоқ, балам, ақыл басында болса, бақыт жанында болады.

Ақыл адамды азаптан да , мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең, ақылдықты үйрен, не ақылды қызға үйлен.

3-оқушы:

- Дос табу оңай ма? – депті қарт.

- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын, - дейді жігіт.

- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.

4-оқушы:

- Өмірде не жтім? – депті қарт.

- Ата-анасы жоқ бала жетім, - депті жігіт.

- Дұрыс, балам, өмірде ата-анасы жоқ болса, бала тірі жетім. Өмірде 7 жетім бар. Халқына сенімсіз болса, хан жетім, кеңесшісі ақылсыз болса, әкім жетім, суы жоқ құдық жетім, ұлы жоқ әке жетім, қызы жетесіз болса, шешесі жетім, досы жоқ жігіт жетім, шәкіртсіз ұстаз жетім. Өмірде жетім болсаң есірме. Ақылды жетім кеңесуге құмар, ақылсыз жетім егесуге құмар. Егескен ел болмайды.

5-оқушы:

- Үйде кім, елде кім қадірлі? – деп сұрайды қария.

- Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі, - депті жігіт.

- Жоқ, балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала-үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй-мазар, - депті қарт.

6-оқушы:

- Елден кім, үйді кім бүлдіреді? – деп сұрайды қарт жігіттен.

- Ата, елді өсекші бүлдіреді, үйді бала бүлдіреді, - депті жігіт.

- Жоқ, балам, елді өсек бүлдіргенмен, үйді ақылсыз бала бүлдіреді. Есіңде болсын ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдіреді.

7-оқушы:

- Үйдегі алтын қазық кім?

- Ата, үйдегі алтын қазық бала, - депті жігіт.

- Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанаттың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақыл кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.

8-оқушы:

- Өмір сүру үшін не қажет? – депті қарт.

- Өмір сүру үшін алтын, ақша, мал, нан қажет - депті жігіт.

- Жоқ өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін береді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін береді. Адам ақылмен ағайынды табады, ақылсыз адам ағайыннан безеді.

9-оқушы:

- Достықты нығайтатын не? – депті қарт.

- Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, тереңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады, - депті жігіт.

- Дұрыс, балам, айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән.

Мұғалім: Міне, балалар, көрдіңдер ме, дос табу үшін елді кімнің қадірлі екенін, өмір сүру үшін не қажет екенін, шындықты бұзатын, достықты нығайтатын не екенімен таныстық және осындай ғибрат алатын сөздерді есте сақтау керектігін ұмытпаңдар.

II бөлім: «Ескірмейтін ескі сөз»

Мұғалім: Бұл бөлімге дайындалу балалардың өздерін тапсырылады. Күнделікті өмірде ата-әжелердің, ата-аналардың айтып отыратын ырым мен тиым сөздер жарысын өткіземіз. Кім көп біледі екен?

1-оқушы:

Таза мінсіз асыл сөз,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.

2-оқушы:

Әділ төре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар.
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Құсты жисаң, бүркіт жи,
Қыс тоныңды түлкі етер,
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлік етер,
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндеріңді күні болғанда,
Бүкіл ғаламға күлкі етер.      

3-оқушы:

Қол бастау қиын ба, жол бастау қиын ба?
Сөз бастау қиын ба?
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса,
Жол бастау қиын емес,
Соңында ерген елің болса.
Бәрінен де сөз бастау қиын,
Тауып айтсам мереке қылады,
Таппай айтсаң келеке қылады.         

4-оқушы:

Ақыл-адамды аздырмайтын ем.
Білім-таусылмайтын кен.
Адамның басшысы-ақыл.
Жетекшісі-талап.
Шолғыншысы-ой.
Жолдасы-кәсіп. Қорғаны-сабыр.
Қорғаушысы-мінез.           

III бөлім: «Құпия хаттарға жауап»

Құпия хаттарды қатарға қойып, дауыстап оқып, жауабын ойланып айту.

- Мектептен шығысымен үйіңе қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықса, сен не істер едің?

- Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.

- Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек.

- Үлкендердің әңгімесін бұзып, сөзге араласпайды.

- Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің?

- Асықпай түсіндіріп беремін.

- Автобуста егде адамдарды көрген де не істейсің?

- Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

- Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?

- Үлкен кісімен сіз деп сөйлесу керек.

Қорытынды: Қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеннен төге сөйлейтін тапқыр да, қанатты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Би, шешендер даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Келіп тыңдағандарыңызға көп рахмет.       


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер