Өлең, жыр, ақындар

Өзіңді өзің сынап көр!

Ақмола облысы
Атбасар ауданы, Сергеевка орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Хабылхалым Айнагуль

Сабақтың тақырыбы: Өзіңді өзің сынап көр!
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Міндеттері:
а. Білімділік: Оқушыларды пәнге, оқуға деген қызықтырудың бір түрі - сайыс. Бұл сайыстарда оқушылар тез есептеуге, ойын тез жинақтауға дағдыланады. Оқушылардың сайысқа дайындалу кезінде олардың ізденімпаздығы, шығармашылық қабілеті артып, практикалық дағдысы дамиды. Оқушылар білімдерін шыңдайды
ә. Тәрбиелік: Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достыққа тәрбиелеу. Білімге үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Есте сақтау, логикалық ойлау, шапшаң қимылдау, тапқырлыққа тәрбиелеу.
б. Дамытушылық: Бір-бірімен қарым-қатынастарын бекіте отырып, бірігуі, сыйлау, көмектесу сияқты қасиеттерді бойларына сіңіру.
Сабақ барысы:
- Сайыс өту барысында сарапшы мұғалім өзім боламын.
- Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

Мен қазақтың тілімін,
Беретін көп білімім.
Жақсы көріп оқитын
Пәндеріңнің бірімін.
Үйретем тіл заңдарын,
Сөзіме құлақ сал бәрің.
Менімен тез іске асар,
Білімдерің барларың
Тапқырлық пен талапты
Қастарыңа жинап ал бәрін дей келе сайысымызды бастаймыз.

1-ші бөлім Топқа ат қойып оны Мәтін арқылы таныстыруы керек

2-ші бөлім Блиц сұрақтар 1 минут аралығында ауызша қойылған 10 сұраққа тез әрі дұрыс жауап беруі

1. Уақытты үнемдеуі              2. Дұрыс шеше білуі
1 - «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз. A) Ақан сері.
2 - Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз. Ғылым таппай мақтанба
3 - Қ. Шәкәрім шығармасын табыңыз арақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз. Қалқаман-Мамыр
4 - Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.  A) Т.Айбергенов.
5 - Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз. Ертөстік ертегісінде
6 - Асан атына ’’қайғы’’ деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.C) Халық қайғысын, мұң-зарын ойлаумен өткен адам.
7 - Қиял-ғажайып ертегіні табыңыз. Күн астындағы күнікей қыз
8 - Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кімге арнаған. Балаларға
9 - Абайдың өнер-білім туралы өлеңін табыңыз: Өнер білім бар жұрттар.
10 - С. Мұқановтың әйгілі романын табыңыз. Ботагөз

3-ші бөлім «Сөз сыры» Қазақтың бай тілінде кездесетін тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу
1. Сөз тіркесінің мағынасын ашуы
2. Осы сөз тіркесіне байланысты мысал келтіре алуы, дәлелдеуі
3. Сөз саптауы, әдеби тілде сөйлей алуы.

1.  Ит өлген жер - алыс                           
2.  Тайға таңба басқандай - анық.
3.  Тілді үйіреді - тәтті                              
4.  Көз шырымын алу - ұйықтау
5.  Ағама жеңгем сай, апама жездем сай - мінез қылығы ұқсас
6.  Ағынан жарылды - ештеңені жасырмай, бар шындығын айтты
7.  Ажал оғы атылды - мерт болды      
8.  Ажары кірді - көріктенді
9.  Аузы алты қарыс- қаһарлы        
10. Азуын айға білеген - батыл
11. Айдар тақты - әйгіледі           
12. Айдарынан жел еседі - рахат өмір
13. Айды аспанға бірақ шығарды - аты шықты.
14. Айдың күні аманда - аман есенде.
15. Тату дос - арасынан қыл өтпейтін
16. Ұялу - жерге кіріп кете жаздау
17. Ұрлық – қолды болды.
18. Момын - қой аузынан шөп алмас
 

4-ші бөлім: «Бейнені тап» жасырын суретті екінші оқушы қимылмен көрсету
Бағалау критерилері:

1. Нақты жауап бере білуі                
2. Оқушының ой жүйесі

Жылқы, Қайрат Нұртас, Серік Сапиев
Маймыл, Серік Ибрагимов, Генадии Головкин

5-ші бөлім: «Сөз ойла, тез ойла» Берілген сөздің бас әріптерінен келетін сөз ойлау
1. Уақытты үнемдей білуі
2. Мағынасы бар сөз ойлап сөйлем  құрау керек
М: Бақыт          Қазақстан        Мекеме       Айдар       Шахмат
М: Әрқашан     Қырғызстан      Патриот       Жакып      Доп
 

6-шы бөлім: Блиц сұрақтар 1 минут аралығында ауызша қойылған 10 сұрақ

1. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табады? А көбейту 4
1. Тауық бір аяғымен тұрса 5 кг, ал екі аяғымен тұрса неше кг? 5 кг
2. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұстаз?  Ы.Алтынсарин
2. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына неше күн қалды?
3. Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі? Түбір
3. Басқа біреулер айта береді, бірақ өзің айта алмайсың / Есімің
4. Адам денесінің тірегі не?  Қанқа
4. Қаракерей Қабанбайдың шын аты. Ерасыл
5. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қай уақытта сызықша қойылады?
5. «Төбе шашым тік тұрды» қандай мағынаны білдіреді?
6. Тік төртбұрыштың бір бұрышын кессе неше бұрышы қалады?
6. Бір жұмыртқа 5 минутта піседі,ал 10 жұмыртқа неше минутта піседі
7. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
7. Отырарға опасыздық жасаған кімҚарашоқы)
8. “Селт еткізер ” дегеніміз не? (Наурыз мейрамында жастардың бір-біріне сыйлық сыйлауы)
8. Бал да, у да таматын не? (тіл)
9. “Шалға” қарағанда “балада” не көп? (буын, әріп)
9. Кім қартаймайды? (анасы бар адамдар)
10. Кімнің аяғынан----- кімнің таяғынан---------/келіннің ---қойшының/
10. Тіл жүйрік емес------------ не  жүйрік  /ой

Сайыс сабақ соңы оқушылардың ұпай сандары саналу арқылы есептеліп қорытындыланады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз