Өлең, жыр, ақындар

Жасыл шырша жанында

Тілепбергенова Лəззат Жолмұратқызы
№ 7 орта мектебінің мектеп жанындағы интернаттың аға тәрбиешісі

Мерекелік кеш

Өткізген: интернат тәрбиешілері

Күні: 28.12.2016ж

Мақсаты: Оқушылардың мерекелік көңіл күйін тудыру, шыршаның әдемі де сәнді безендірілгеніне, оқушылардың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қары–қатынасын ояту.

Барысы.                         

1-жүргізуші: 

Уа, халайық, жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар

2-жүргізуші:

Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп  тұр.
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дәрмекті
Уа, халайық той бүгін.
Бақыт, шаттық мол бүгін.
Қарсы алайық тауық жылын
Ұзатып сап мешінді.

1-жүргізуші: Ендеше ортаға ескі жыл мен жаңа жылды шақырайық.

Ескі жыл: 

Сау болыңдар, балалар,
Келешегі халқымның
Ашық болсын аспаның
Аман болсын жас-кәрің!
Жаңа жылым, бақытты
Аманат қып барамын,
Балалардың бір жылғы
Сауық-думан кештерін.   

2-жүргізуші: 

Қош болыңыз, Ескі жыл!
Қош болыңыз ескі досымыз!
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл,
Саған әзір жаңа жыр.
Елге табыс, жақсылық
Ала келші, жаңа жыл!
Төрлетіңіз, бізбен бірге болыңыз!

Жаңа жыл:    

Уа халайық, келдім мен де төріңе,
Шат-шадыман шуақ шашып еліңе.
Бақ сыйлармын бәлкім осы жыл бойы,
Қарсы алғайсың мені құтты көңілмен!
Жақсылыққа бағытталған.
Боламын мен жаңа жыл!
Жаңа жылға бәріңіз
Жаңа үмітпен қараңыз.

1-жүргізуші: Ендігі кезекті мектебіміздің директоры Ибраева Гулсайран апайға береміз.

2-жүргізуші: Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді кімдер келген жоқ? Аяз ата мен Ақшақар.

Қане барлығымыз Аяз ата мен Ақша қарды шақырайық.

1-жүргізуші:

Келді жылым, бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.

Аяз ата: 

Аяулы ата-аналар, ардақты ұл-қыздар, барлығыңа бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.

 

2-жүргізуші: 

Сыңғырлашы сырнайым,
Жаңа жылды жырлаймын.
Шашбаулы қыз сырғалы,
Ақша қарды тыңдайық.

 

Ақша қар: Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңізді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен мешін жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз  тауық жылына табысты жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.

1-жүргізуші: Кешімізді әнмен сүймелдей отырып, бәріміз ортаға шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп алайық.

Ән: Қош келдің! Жаңа жыл, қазағыма

2-жүргізуші: Ортаға оқушыларымыздың жаңа жылға арнаған өлең жолдарын айтуға шақырамыз.

Гүлнұр, Мадияр, Жадыра, Бану.

Бану:   

Аппақ бүгін қар далам,
Ақ дастархан жапқандай.
Халық біткен қорбалап,
Қонақ күтіп жатқандай.
Көңілде күп қуаныш,
Әр көңілде-жақсылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.

Ершат:  

Жайраңдап жаңа жыл келді,
Бар аймақ жаздай түрленеді.
Қуаныш май гүліндей түрге сыймай,
Көңілдер жас үмітпен гүлденеді.

Гұлнұр:  

Жаңа жыл- жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Мадияр: 

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейілйне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

 

Жадыра: 

Өтсін талай жаңа өмірдің күндері,
Шарпымасын жүректерді мұң лебі.
Жарқылдасың жаңа жылдың оттары,
Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.
Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын,
Біз тілейміз Ақшарқардың пәктігін.
Аралаймыз ақ ориандай ойларды,
Аялаймыз бұл ғасырдың шат күнін.

Әлішер:  

Төрлетіңдер, төрлетіңдер,
Шырша сәнін көріңдер
Әсем ән мен би билеп,
Күй- жырларын төгіңдер!

 

1-жүргізуші:  

Ал, халайық, тұрмайық.
Әндетейік, жырлайық.
Ортамызды ашайық
Нұрай атты қызымызды
Жаңа жыл әнімен қарсы алайық.

2-жүргізуші: Бибінұр ендігі кезекте кім өнерін көрсетет деп ойлайсың?

1-жүргізуші: Жоқ, білмедім, сен ерекше қылып айтқаныңа қарағанда өнерлі балалар шығады-ау шамасы.

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, ендеше ортада өнерлі биші қыздарымыздың флешмоб биімен қарсы алайық.

1- жүргізуші: Ойын: Ізден, тап.

Шарты: Мен сұраған заттарды тауып акелу қажет. Таба алмаған адам ойыннан шығады.

2 -жүргізуші: Көңілдеріңіз көтеріңкі болсын дей келе, қыздарымыздың көрінісін тамашалайық .

1-жүргізуші: Ортаға қыздарымызды Испан биімен қарсы алайық.

2 -жүргізуші: Ортамызда Ақша қардың да сіздерге алып келген ойыны бар. Ортаға Ақша қарды шақырайық.

Ойын: Досыңа дәм татқыз. жеп қойса, сол жеңеді. Ойын шарты: 2 ұл мен 2қыз бала шақырылады. Қыз бала ұл балаға дәм татқызады. Кім тез

1 -жүргізуші: Алібек енді сен айтып көрші, ендігі кезекте кім шығатынын.

2 -жүргізуші: Әнші қыздар ма? Биші қыздар ма?

1- жүргізуші: Жоқ, таппадың, ол біздің өнерлі ұлдарымыздың квн құрамасы. Ендеше ортаға шақырайық.

2- жүргізуші: Ортаға әнші қыздарымыз Мәдина, Бану, Гұлнұр, "Жаңа жыл", әнімен шақырамыз.

1-жүргізуші: Ендігі кезекте ойын: Шарлар.

Шарты: Берілген шарды өз еркілеріңізбен жарып, ішіндегі жасырылған сөзді қимылмен салып, көрермендерге жасырады.

2-жүргізуші: Ортаға Айнара қызымызды "Жаңа жыл" әнімен шақырамыз.

1- жүргізуші: Ендеше ортаға "Жастар" биімен қыздарды шақырамыз.

2 -жүргізуші: Ортаға әсем қызымыз Риманы "Маған ұқсайды" әнімен шақырамыз.

1 -жүргізуші: Ал, балалар өздеріңе арналған жасыл шырша мерекесі тамаша болды емес пе?

Барлығы: Ризамыз! Ризамыз!

Аяз ата:  Ал, балалар, біз Ақша қар екеуміз тамаша демалдық. Ойнадық, ән айтып, би биледік. Біздің баратын жерлеріміз көп. Біз Ақша қар екеуміз аттанайық. Сау болыңыздар, балалар!

Ақша қар: Сау болыңыздар, балалар! Келесі жаңа жылда кездескенше.

Барлығы: Сау болыңыздар, Аяз ата мен Ақша қар!

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерге тауық жылында табыстарға жетіп, отбасыларыңызға қуаныш пен бақыт дендеріңізге саулық тілей отырып бүгінгі «Жасыл шырша жанында» атты жаңа жылдық мерекелік кешіміз аяқталды, келесі жылда аман-есен, сау-саламатта жолыққанша.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз