Өлең, жыр, ақындар

Төрт түліктің кеңесі

Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы, Күршім ауылы
№3 Күршім гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі: Б.К.Кабдуалиева

Әдебиеттік оқу 2-сынып

   Сабақтың тақырыбы

   Төрт түліктің кеңесі

   Сабақтың мақсаты

   Топтық жұмыс арқылы оқушылардың қызығушылықтарын  арттыру, төрт түліктің жайлы орынын анықтау арқылы адамзатқа тигізер пайдасын білу.

   Сілтеме

   2-сынып, әдебиеттік оқу кітабы

   Оқыту нәтижелері

 - Оқушылар топпен жұмыс жасай отырып, өздігінен білім алуға дағдыланады.
 - Төрт түліктің пайдасын, оларды жабайы жануарлардан ажырата білуді үйрету.
 - Мұғалім тұрғысынан оқу үдерісіне оқушының топтағы жұмысын диалогтық оқыту арқылы еліктіру.

   Сабақтың түрі

Аралас сабақ

   Әдіс-тәсілдер

   Топтық жұмыс, миға шабуыл, диалогтық оқу, Жиксо әдісі, «Т» кестесі,топтастыру әдісі, Венн диаграммасы, рөлдік ойын, өзін-өзі бағалау, жиынтық бағалау, кері байланыс.

   Ресурстар

   Ақ қағаз, фломастер, стейкерлер, тақырыптық суреттер, ағаштың макеті.

Сабақ кезеңдері

Әдіс-тәсілдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту

Шаттық шеңбері

Амандасу, сәттілік тілеу.

Бір-біріне жылы сөздер айту.

Топтарға бөлу

Төрт түліктің төлдерінің суреттері бар карточкалар арқылы топтарға бөлу.

Қолдарындағы суреттер арқылы топтарға бөлінеді.

Миға шабуыл

 

 

 

Болжау стратегиясы

Стейкерлерге төрт түлік туралы не білемін? сұрағына жауап жазуды ұсынады.

Тақырып бойынша не туралы оқитындарын сұрау.

Жауаптарды жазып, оқи отырып әр топ жауаптарын тақтаға іледі.

Әр топ өз болжамдарын ортаға салады.

 

Мағынаны тану

Диалогтық әдіс

Топтарға мақал-мәтелдер жазылған үлестірме таратып, бір-бірлеріне мағыналарын ашып, түсіндіруді тапсырады.

 

Мақал-мәтелді түсініп оқып, мағынасын топ ішінде талдап, келесі топқа түсіндіріп береді.

Жиксо әдісі

Мәтінді өз беттерімен мәнерлеп, рөлге бөліп оқу тапсырылады.

Топ ішінде рөлге бөліп оқиды

 

«Т» кестесі

 

 

Топтастыру әдісі

 

 

 

 

 Венн диаграммасы

1. Өлеңдегі сөздерді пайдаланып, сызбаны толтыру.

2. Суреттер таратылып ақ қағазға төрт түліктің пайдасы мен қай малға қандай жер жайлы екенін жазу.

3.Төрт түлікті бағып күтуге байланысты еңбек түрлерін ата.

4. Төрт түлік пен жабайы аңдарды салыстыр.

1. Оқушылар сызбаны толтырып, тақтада қорғайды.

2. Топ ішінде ақылдасып орындайды, тақтаға шығып түсіндіріп айтады.

 

3. Жауаптарын қағазға түсіріп, оқып береді.

 

4. Ақ қағазға салыстырып жазады, үш оқушы кезекпен оқып береді.

Ой толғаныс

Рөлдік ойын

 

 

 

Үш қадамды сұхбат

Әр топтан бір оқушының тақтаға шығып мәтінді сахналайтынын айтады.

1-2, 3-4 топтардың оқушылары сұхбат беруші, 5-ші топтың оқушылары тыңдарман бола отырып, ең жақсы сұрақ пен ең толық жауапты анықтайтынын айтады.

Әр топтан бір оқушы шығып өзінің актерлік шеберлігін көрсетеді.

 

Топтардың мүшелері оқылған мәтіннен негізгі ойды тауып, мағыналы сұрақтар қойып, жауаптар қайтаруға, басқалары барынша есте сақтауға тырысады.

Бағалау

Өзін-өзі бағалау.

 

 

Жиынтық бағалау.

Топта әр оқушыға қызыл, көк, жасыл түсті гүл стейкерлерді бағалау критерийлері бар бағалау парағына жабыстыру ұсынылады.

Жиынтық бағалауды жүргізеді.

Өздерін бағалау арқылы шынайы бағаға қол жеткізеді.

Кері байланыс

«Пікірлер ағашы»

Жапырақ пішінді стейкерлер таратып,

- мен жаңаша не білдім?

- Нені білгім келеді? Сұрақтарына жауап жазуды тапсырады.

Жауаптарын жазып, тақтадағы «пікірлер ағашына» апарып жабыстырады.

Үйге тапсырма

Шығармашылық ізденіс

Үй тапсырмасы жазылған парақ таратып, орындау жолдарын түсіндіреді.

1. Өзіңе ұнаған үй жануары туралы шығарма жаз.

2. Мәтін бойынша суретті журнал құрастыр.

3. Төрт түлікке байланысты айтылған тыйым сөздерді жаттап кел.

4. Төрт түлік туралы жұмбақ жатта немесе жаз.

Берілген тапсырмалардың ұнағанын немесе шамасы келгендерін, мүмкіндігі болса толық орындап келуге тырысады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз