Қызылорда облысы, Арал ауданы
№62 мектеп-лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі: Ерғазиева Әсия Амангелдіқызы
Күні: 20.12.2015
Сыныбы: 1 в
Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті Әліппем»
Мақсаты:
1. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
2. Ата-аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс-жүзінде көрсету.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәбиелеу.
Көрнекілігі:
«Әліппе, саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат, шарлар, нақыл сөздер.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн – «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - «Әліппемен қоштасу». Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен «Қош бол, сүйікті Әліппем!» ертеңгілігін бастауға рұхсат етіңіздер!
Сұрақ-жауап
Балалар, біз осы уақыт аралығында не үйрендік?
Оқуды, жазуды, ән айтуды, ертегі айту.
Қандай ертегі білеміз?
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Ерте-ерте – ертеде Мақта қыз бен мысық өмір сүріпі. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді.
Мақта қыз: «Келмесең келме!» деп мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң.
Мысық келіп: - Неге шақырдың? - деп сұрайды.
Мақта қыз айтпайды:
Сонаң соң Мысық: - Ендеше қатығыңды төгемін! - дейді.
Мақта қыз: - Мен құйрығыңды кесіп аламын! - дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық: - Апа, апа құйрығымды берші - дейді
Мақта қыз: - Менің қатығымды төле! – дейді.
Балалар біз мысықтың қатық табуына көмектесіп жіберейік. Мысықпен бірге тапсырмалар орындайық.
1. Сиырдың тапсырмасын орындаймыз.
«Сиыр-сиыр, маған қатық берші», – дейді, сиыр айтады: «Менің қарным ашып тұр, маған жапырақ әкеліп бер», – дейді.
-Жапырақты қайдан табам?
- Маған тақпақтар айтып берсең, жауабын өзің ақ білесің.....
1 - оқушы: Елдос
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
2 - оқушы: Олжас
Хош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар!
Әліппемен қоштасу тойымызға.
3 - оқушы: Нұрым
Армысыздар, аналар!
Бармысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз!
4 – оқушы. Ибрахимжан:
Таныстырар әріппен
Мынау кітап - әліппең
«Әліппе» деген аты оның
Басталған қай әріптен.
5 – оқушы. Гүлвира:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің сүйікті әліппем.
6 - оқушы. Шахар:
Сенің арқаң оқи жаза білгенім
Сауатты адам қатарына кіргенім.
«Әліппе» әні хор
Мұғалім:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл – ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың
Сұрақ: Біз кітап пен журналдарды оқи алатын болдық. Бұл білімді бізге не үйретті?
Хормен: Әліппе досымыз!
Мұғалім: Иә ендеше сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе.
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғалымның,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік не білдік,
Қане, ортаға салайық!
7 - оқушы. Жансая:
Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
8 - оқушы. С.Ернұр:
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді.
9 – оқушы. Айкөркем:
Арналды ұстаздарға
Құрмет деген, төр деген.
10 – оқушы. Ерасыл:
Біздің елде адам бар ма
Ұстаз алдын көрмеген?
Ән «Ардақты ұстазым» Сымбат
2. Ағаштың тапсырмасы:
Мысық ағашқа барып: «Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші!» – дейді.
Ағаш айтады: «Мен шөлдеп тұрмын, су әкелсең, жапырақ беремін», – дейді.
-Суды қайдан табам?
- Егерде мына тапсырмаларды орындасаң, өзің ақ білесің
Сұрақ:
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
2. Неше белгі бар?
3. Қандай дыбыс дауысты да, дауыссызда болып келеді?
4. Отаныңның президенті кім?
5. ҚР астанасы қай қала?
3. Қыздардың тапсырмасы:
Суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көріп: «Қыздар, қыздар, маған су берші», – дейді. Қыздар: «Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз», – дейді. Сағызды қайдан алам? Біз қыздардың биін көргіміз келеді. Егерде бізге қыздар би билеп берсе, жауабын өзің ақ білесің
«Алдаймын» Қыздар биі
4. Дүкеншінің тапсырмасы:
Мысық дүкенге барады. «Ай, дүкенші, маған сағыз берші», – дейді. Дүкенші: «Маған жұмыртқа бер», – дейді
--Жұмыртқаны қайдан табам? дейді.
- Егерде маған санамақ жатқа айтып берсең, жауабын өзің ақ білесің.
Жасмин
Бір дегенім - бесік,
Шықтың содан өсіп.
А.Аружан
2 дегенім - елім
Далам, тауым, көлім.
Әділет
3 дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
Сымбат
4 дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
И.Аружан
5 дегенім - бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Ж.Ернұр
6 дегенім - ақыл
Тыңдағаның мақұл.
Ақтоты
7 дегенің - жалау,
Жүректегі алау.
Назерке
8 дегенің - сөзің,
Серт беретін кезің
Беглан
9 дегенің тоқтау
Елдің жоғын жоқтау.
Мерей
10 дегенім - Отан,
Қорға соны ботам.
Ән « Рахмет саған әліппе» Әділет, Ж.Ернұр, Елдос, Беглан
11 – оқушы. Али:
А – ны айтқанда дауысымыз дірілдеді
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем
Сөз оқимын айырып әріпті енді.
12 – оқушы. Бауыржан:
Әліппе – білім анасы
Әліппе – кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?!
- Тууу мен қатты шаршадым, Шіркін бір би болса ғой –дейді.
«Шляпа» Ер балалар биі
Би: Өзбек халқының биі
5. Тауықтың тапсырмасы.
Мысық тауыққа барады: «Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші», – дейді. Тауықтар айтады: «Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз», – дейді
- Дәнді қайдан табам?
- Маған бір өз жанынан шығарған өлең болса, әрі қарай жауабын өзің ақ табасың
Мерей шығады
13 – оқушы. Мейрхан:
Әліппем, менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
14 - оқушы. Азат:
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға «Ана тілін» аламыз
Ата - ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Әліппе:
Ризамын балалар
Меңгердің болмадың босқа тек
Ана тілі атты әпкем бар
Сендерді жетелеп әкетер
Ана тілі:
Сәлеметсіздер ме, балалар.
Туған елдің тілімін
Ақылымен танылам
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен балам
Ана тілің – арың бұл
Ұяттың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.
Мұғалім: Ана тілі бізге Әліппенің не үйреткенін көріңізші
Ал, қане балалар өнерімізді көрсетіп жіберейік
Ақтоты мен Али кітап оқып берсін
Ана тілі: Рахмет саған Әліппе осындай балалар көп болса мен қуанамын.
Ән «Анамның тілі»орындайтын Мереймен Аружан қызымыз
Әліппе:
- Ал енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар.
Хормен: «Қош бол, құтты Әліппем!»
6 – Тышқан да дәнін оңай бере салмайды екен.
Мысық: «Енді не қыламын», – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді.
Мысық тышқанды қорқытып: «Жаның барында айт, үйіңде не бар?», – дейді.
Тышқан қорыққанынан: «Үйімде бір табақ тары бар», – дейді. Мысық айтады: «Маған бір уыс тары бер», – дейді.
- Егерде сіз менің мына тапсырмамды орындасаңызмен сізге тары әкеп берем дейдіТышқан үйіне барып, бір уыс тары береді.
Тапсырмасы: Жұмбақтар жасыру:
1. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза жаза арықтаған (бор)
2. Алты қырлы, Алтын сырлы (қарындаш)
3. Қабат - қабат қаттама, Ақылың болса аттама. (кітап)
4. Үйреткен ілімді, Қырық екі білімді. (Алфавит)
5. Өшірді сүртті, Өзгені құртты, Өзін де құртты. (Өшіргіш)
Сөйтіп мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді. Жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді, Қатықты мақта қызға берді, Мақта қыз құйрығын беріп отырып, біреудің еңбегіне қол сұқпа, үлкендердің тілін ал, әдепті болып жүр, - деп ақылын айтып, екеуі дос болыпты.
Ал біз қандай болуымыз керек?
- Біз де әдепті, алған затымызды уақытында қайтаратын, үлкенді сыйлайтын, адам болайық!
Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.
- Бүгінгі қуанышымызды бірге бөлісіп, кешіміздің куәсі болып отырған қонақтарға сөз береміз. Құттықтау сөз мектебіміздің директоры _______________________________ және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары _________________ беріледі.Оқушыларды мақтау қағазымен марапаттау.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан.
Балалар Ұлы Абай атамыздың бұл өсиетін болашаққа бастар ұран ете отырып, біз бүгінгі кешімізді әнмен аяқтайық.
Ән «Әрқашан күн сөнбесін» С.Ернұр Жасмин Нұрым
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі