Өлең, жыр, ақындар

Мектептің этикалық ережелерін сақтау

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№28 жалпы білім беру орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Суйекенова Гулнар Койбагаровна

Мектептегі зорлық-зомбылықтың алғашқы алдын алу жұмыстарының бағдарламасы

1-сабақ

Тақырыбы: Мектептің этикалық ережелерін сақтау.

Мақсаты: Оқушылардың мектепте қауіпсіз әрі қамқор орта құруда этика ережелерінің болуының маңыздылығын түсінулеріне көмектесу. Оқушыларға мектептің сыныпқа арналған және сыныптан тыс этика ережелерін меңгерту.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Негізгі бөлім

Мектептің этика ережелері

- Жазбаша тапсырма беріледі. Оқушылар орындайды. Мектептегі қауіпсіздік тобы әзірлеген мектептің 3-5 этика ережелері жазылады.
- Оқушылармен бірге мектептің этика ережелері және олардың мектепте қауіпсіз әрі қамқор орта жасауға қалай жәрдемдесе алатындықтарын талқылау жұмысы жүргізіледі.
- Сыныптағы этика ережелерінің нақты мысалдарын талқылау. Тақтаға жаздыру.
- Оқушылардан сыныптан тыс ортада (мысалы дәліз, асхана, дәретхана, спорт залы және ойын алаңы, акт залы) мектептің этика ережелері қалай көрінетінін сипаттап беру сұралады.

Мысалдар мынадай болуы мүмкін:

Абай бол – дәлізді және баспалдақтың торларын бойлап жүр.

Сыпайы бол – басқа оқушыларға жағымды әңгімелер айт

Жауапты бол – қолдарың мен сезіміңді бақылауда ұста.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Сабақ соңында оқушыларға сұрақ қою:

Мектептің этика ережелері біз үшін қажет пе? Кейбір оқушылар осы мектеп ережесін сақтамай, өздерін ұнамсыз етіп ұстаған жайғдайда не болады? Кейбір оқушылардың мектептің этика ережелерін  сақтамауы басқа оқушыларға қандай әсерін тигізеді?

Оқушылардың мектептің этика ережелерін сақтауы мектепте қауіпсіз әрі балаға қамқор орта қалыптастыру қаншалықты маңызды екені түсіндіріледі.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз