Қазақстан тарихынан тест жұмысы
І-нұсқа
1. «Түрік» этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездесті:
А) 542 ж. В) 548 ж С) 603 ж Д) 552 ж Е) 521ж
2. Батыс Түрік қағанатында сот істерін атқарушылар:
А) Ябғу В) Елтебер С) Бұйрықтар мен тархандар Д) Түменбасы Е) Ұлық
3. Түркеш қағанаты бөлінген әкімшілік аймақ саны:
А) 10 В) 15 С) 20 Д) 25 Е) 29
4. 756жылы Түркеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа:
А) Қимақ В) Оғыз С) Қыпшақ Д) Қарлұқ Е) Түрік қағанаты
5. Түркештердің Күнгіт қаласы қай жерде орналасқан:
А) Іле В) Жайық С) Еділ Д)Талас Е) Шу
6. Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты:
А) XI-XII ғ. аяғы В) IIX ғ. басы -XI ғ. басы С) X-XI ғ. Д) IX ғ. басы-X ғ. аяғы Е) IХ ғ. аяғы – ХI ғ. басы
7. Жабғудың “Инал” атты мұрагерін тәрбиелеуші:
А) Сюбашы В) Күл-еркіндер С) Атабектер Д) Елтебер Е) Тат
8. 965ж. оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды:
А) Византиямен В) Қыпшақтармен С) Қытаймен Д) Арабтармен Е) Киев Русімен
9. Оғыздардың күз айларында Ұлытау баурайында көшіп жүргенін айтқан ғұлама:
А) Әл-Бируни В) Ибн Хаукал С) Гардизи Д) Худуд әл-алам Е) Петахья
10. VII ғасырлардың басында Қимақтар мекендеген аймақ:
А) Оңтүстік Жетісу В) Алакөл аумағы С) Батыс Қытай Д) Батыс Алтай
Е)Монғолияның солтүстік батысы
11. Будда ғимараттарының орны табылған жер:
А) Сығанақ В) Самарқан С) Карантия, Имақия Д) Ақбешім,Суяб Е) Ашнас, Алмалық
12. Қарахан мемлекетінің негізін Сатұқ Боғра хан қалаған жыл:
А) 961 ж. В) 948 ж. С) 942ж Д) 941 ж Е) 944 ж
13. Қарахан мемлекетін Хорезм шахы Мұхамед құлатқан жыл:
А) 1231 В) 1212ж С) 1216 ж Д) 1218 Е) 1213
4. Қарахандардың жылқы малына ерекше көңіл бөлетінін айтқан ғұлама:
А) Әл-Бируни В) Ибн Хаукал С) Гардизи Д) Ж.Баласағұн Е) М.Қашқари
15. Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен”-дегенді айтқан саяхатшы:
А) Плано Карпини В) Петахья С) В.Рубрук Д) Марко Поло Е) Гардизи
16. Бабаджа-қатын мен Айша-бибі кесенелері жақын орналасқан қала:
А) Отырар В) Ташкент С) Тараз Д) Түркістан Е) Қызылорда
17. Шыңғысхан әскери феодалдық Моңғол мемлекетін құрды:
А) ХІІІ ғ. басында В) ХІІ ғ. аяғында С) XIVғ. ортасында Д)XVғ. басында Е) ХІІІ ғ. аяғында
18. Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін – деп жариялаған хан:
А) Жәнібек В) Тоқтамыс С) Әмір Темір Д) Едіге Е) Өзбек
19. Алтын Орда тағында билігін нығайту үшін Тоқтамыстың Мәскеуді өртеген жылы:
А) 1383 ж В) 1389 ж С) 1382 ж Д) 1371 ж Е) 1388 ж
20. Алтын Ордада уәзірлер билік жүргізген сала:
А) Әскери іс В) Тайпа көсемі С) Ұлыстың аумақтық бөлігін басқарды. Д) Жергілікті билікті басқарды
Е) Азаматтық іс
21. XI-XII.ғ. жататын “қоржын үй”табылған қала:
А) Түгіскен В) Құйрықтөбе С) Испиджаб Д) Тараз Е) Шаш
22. Теракота кеңінен қолданылған ғасырлар:
А) XI-XII.ғғ В)ХІІ-ІХ ғғ. С) Х-ХІ ғғ. Д) Х-ХІІІ ғғ. Е) ІІХ-ХІІ ғғ.
23. Оғызнаманы” XVII ғасырда толық жазып қалдырған ғұлама:
А) Әл-Фараби В) М.Қашқари С) Әбілғазы хан Д) М.Дулати Е) Ж.Баласағұн
24. Орта ғасырлық ақын Ахмет Иүгнекидің түрік тілінде жазған кітабы:
А) «Даналық кітабы» В) «Құтадғу білік» С) «Диуани лұғат-ат түрік»
Д) “Ақиқат сыйы” Е) « Жүсіп-Зылиқа»
25. XI ғасырларда сәулет өнерінде – терракота:
А) Шикі балшық В) Күйдірілген балшық С) Өңделген ағаш Д) Өрнектелген ағаш
Е) Өңделген тастар
Қазақстан тарихынан тест жұмысы
ІІ-нұсқа
1.Қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «Екі туысқан Орда» деп атаған ғалым:
А) Е.Көмеков В) Ш. Уәлиханов С) С.Сәдуақасов Д) Л.Гумилев Е) Бартольд
2. Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Терек өзенінің жағасындағы шешуші шайқас уақыты:
А) 1396 В) 1387 С) 1394 Д)1395 ж Е) 1399
3. Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша Моғолстанда Тоғылық – Темір тұсында бір күнде қанша мың адам ислам дінін қабылдаған:
А) 160 мың В) 230 мың С) 150 мың Д) 200 мың Е) 195 мың
4. Мал өсірушілерден жиналатын салық:
А)Тағар В) Қалан С) Харадж Д) Иқта Е) Құшыр
5. Моғолстанның негізін қалаған хан:
А)Ілияс Қожа В) Әмір Темір С) Тоғылық Темір Д) Ұрыс хан Е) Тоқтамыс
6. 1511 жылы Қазақ хандығында билікті қолына алған хан:
А) Шығай В) Хақназар С) Қасым Д) Есім Е) Тұрсын
7. Баба сұтанның астыртын жіберген адамдарды Хақназар ханды, оның туыстарын өлтірген жыл:
8. 1603 жылы бірінші қазақ-бұхар шайқасы болған жер:
А) Орбұлақ В) Қаратау С) Батпақ Д) Айғыржар Е) Аққыстау
9. Тұрсын сұлтан өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялаған жыл:
А) 1618 В)1613 С) 1518 Д) 1621 Е) 1628
10. 1628-1652 жылдары хан тағына отырған:
А) Қасым В) Тәуекел С) Тұрсын Д) Жәңгір Е) Хақназар
11. Ноғай Ордасында Едігенің билік құрған уақыты:
А) 1396-1411 В) 1367-1403 С) 1396-1423 Д) 1357-1415 Е) 1391-1399
12. 1456-1457 жылдары Әбілқайырдың ойраттардан жеңілген қаласы:
А) Отырар В) Сауран С) Сығанақ Д) Түркістан Е) Созақ
13. ХШ ғасыр мен ХV ғасыр басында Шығыс Дешті қыпшақта өмір сүрген мемлекет:
А) Ноғай Ордасы В) Ақ Орда С) Моғолстан Д) Қазақ хандығы Е) Әбілқайыр хандығы
14. Ноғай Ордасының орталығы Сарайшық қаласының іргесі қаланған уақыт:
А) X ғ. В) ХІІғ С)ІХғ Д) ХІғ Е) ІІХ ғ
15. Әмір Темір мен Ілияс-қожа арасындағы “Батпақ шайқасы” болған жыл:
А) 1373 қысВ) 1365 күзС) 1365 ж. жаз Д) 1365 көктемЕ) 1373 жаз
16. Отырар апаты болған жыл:
А) 1218 ж В) 1224 ж С) 1217ж Д) 1219ж Е) 1212ж
17. Шыңғысхан әскеріне 15 күндей берілмеген қала:
А) Отырар В) Сығанақ С) Ашнас Д) Баршынкент Е) Сауран
18. Ноғай Ордасының құрылуына себеп болды:
А) Ақ Орданың құрылуы
В) Алтын Орданың әлсіреуі
С) Моғолстанның құлауы
Д) Әмір Темір мемлекетінің әлсіреуі
Е) Қазақ хандығының әлсіреуі
19. 92 ру-тайпадан құралған хандық:
А) Әбілқайыр В) Ноғай С) Ақ Орда Д) Моғолстан Е) Қазақ хандығы
20. Алтын Орда тағында билігін нығайту үшін Тоқтамыстың Мәскеуді өртеген жылы:
А)1379ж В) 1328ж С) 1380ж Д) 1385ж Е) 1382 ж
21. Моғолстан хандығы қай ханның тұсында ыдырай бастады:
А) Әмір Поладшы В) Ілияс Қожа С) Абд ар-Рашид Д) Есен-бұға Е) Тоғлық-Темір
22. Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартқан хан:
А) Тәуекел В) Хақназар С) Қасым Д) Шығай Е) Есім
23. Орбұлақ шайқасы болған жыл:
А) 1640 В) 1654 С) 1645 Д) 1643 Е) 1642
24. ХVІІ ғасырдың 70 жылдары жоңғар әскерлерінің Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіріп, қосып алған қалалардың саны:
А) 10 В) 13 С) 7 Д) 8 Е) 9
Аяулым
Керемет
Асем Өмірбай
Жақсы жазылған тесттер
Нурайым
Турик каганаты туралы тесттер аз
Аяулым
Қыпшақ қағанаты жоқ
Нұрай2011
Өте керемет тест!!!..
Нұрай2011
Жақсы
Мұхаммеди Нұрбике
Мен Мұхаммеди Нұрбике
Мұхаммеди Нұрбике
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары