Алматы облысы, Алакөл ауданы
Байзерек негізгі орта мектебі
тарих пәнінің мұғалімі
Мендыбаева Салтанат Сериковна
7 сынып Қазақстан тарихы
Күні: 21.01.2017ж
Сабақ № 36
Сабақтың тақырыбы: Әбілқайыр хандығы
Сабақтың мақсаты:
Әбілқайыр хандығының құрылуы, этникалық құрамы мен нығаюы, әлсіреуі туралы кеңінен мағлұмат беру;
Оқушыларды өз бетімен оқып-білуге және салыстырмалы талдау жасауға, қосымша мәліметтермен таныстыра отырып, олардың дүниеге көзқарасын, тарихи ойын дамыту;
Өз отанын шексіз сүйетін патриот, адамгершілік қасиеті мол ұлтжанды ұрпақ тәриелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, іздену, мәселені шешу
Көрнекілік: Карта, интерактивтік тақта, суреттер, схема
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбер «Сенің болашағың»
Жүру барысы: Дәстүрлі амандасуымызды біз бүгін «Сенің болашағың» ұранымен жүргіземіз. Бір-бірімізге амандаса тұрып, болашаққа кішкене болжам жасауымыз қажет. Мысалы, «Салем, Айнур менің ойымша сен .....».
Үй тапсырмасын тексеру
Тест
1. Ноғай Ордасының жер аймағы:
А) Еділ мен Жайық аралығы
Б) Сырдария мен Амудария аралығы
В) Іле мен Шу аралығы
2. Ноғай ордасының екінші аты:
А) Моғол елі
Б) Маңғыт елі
В) Өзбек ұлысы
3. Ноғай ордасының негізін қалаған:
А) Жаңбыршы
Б) Едіге
В) Ноғай
4. Ноғай ордасындағы басым тайпа:
А) Қыпшақ
Б) Керей
В) Маңғыт
5. Мемлекеттің атауы неге байланысты аталған?
А) Таудың атына байланысты
Б) Адамның атына байланысты
В) Жердің атына байланысты
6. Едіге ханның билік құрған жылдары
А) 1227-1310жж
Б) 1550-1555 жж
В) 1396 – 1411 жж
7. Ноғай ордасы ыдырау кезінде халқының көпшілігі кімдердің құрамына қосылды?
А) Кіші жүздің құрамына
Б) Ешкімнің
В) Қарақалпақтардың
8. Батыс Сібір хандығының астанасы
А) Орынбор
Б) Қызыл -Тура
В) Уфа
9. Батыс Сібір хандығының негізгі жерлері
А) Енисей бойы
Б) Объ өзенінің бойы
В) Тура, Тобыл өзендерінің аңғары
10. Қай мемлекеттің ыдырауына байланысты Ноғай ордасы және Батыс Сібір хандығы құрылды:
А) Алтын Орда
Б) Жошы Ұлысы
В) Ақ Орда
Миға шабуыл
- Ортағасырлық мемлекеттер
- Монғол шапқыншылығынан кейін қазақ жерінде құрылған мемлекеттер
- Әбілқайыр хан туралы не білеміз ...
Жаңа сабақты түсіндіру
1. Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы
2. Әбілқайыр хандығы халқының этникалық құрамы
3. Әбілқайыр хандығының нығаюы
4. Хандықтың әлсіреуі
Тарихи шеңбері 1428-1468
Жер аймағы
Әбілқайыр хандығының жер аймағы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты.
Тарихи жазба деректерде бұл хандықтың түрлі атаулары бар
Шайбани ұлысы
Өзбек ұлысы
Өзбек хандығы
Әбілқайыр ұлысы
Қыпшақ хандығы
Әбілқайыр хандығы
Мемлекет астаналары
1) Тура қаласы (1428 ж)
2) Орда базар қаласы (1431 ж)
3) Сығанақ қаласы (1446 ж.)
Әбілқайыр ұлысы 92 ру – тайпадан тұрған
НЕГІЗГІ ҮШ ХАЛЫҚ
ШАЙБАНИЛЕР
ҚАРАҚАЛПАҚТАР
ҚАЗАҚТАР
Әбілқайыр ханның жорықтары
1430 ж. Шайбани әулетінің билеушілері Махмұд- Қожаны, Мұстафа ханды, Маңғыт әмірі Уақас биді жеңеді.
Хорезм мен Сыр бойына сәтті жорықтар жасайды.
1431 ж. Екіретүпте Тоқа-Темір ұрпақтары Ахмет хан мен Махмұд хан иеліктерін тартып алады.
ХVғ. 40 жж. Балқаш өңірінің батысын өзіне қосып алады.
1446 жылы Мұстафа ханды тізе бүктіреді.
Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті қалаларын жаулап алады. Мемлекеттің астанасын Сығанақ қаласына ауыстырады.
Хандықтың ыдырау себептері
Әбілқайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады. 1456 – 1457 жылдары Сығанақ қаласы түбінде ойрат елімен соғыста жеңіліп қалады. Бұл жағдай Әбілқайыр ханның саяси беделін төмендетті.
1457–1459 жылдардан бастап Керей мен Жәнібек Әбілқайыр хандығынан бөлінгеннен кейін, хандық ыдырай бастады.
1468 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандарды жазалау үшін Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Әбілқайыр хан Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болады.
Нәтижесінде Әбілқайыр хандығы ыдырап кетті.
Сергіту сәті
Ребустарды дұрыс шешсеңдер қазақтың батырларының аттарын оқи аласыңдар
Сабақты бекіту
Керуен әдісі
Түйелердің қоржындарында сұрақтар салынған. Сол сұрақтарға кезекпен жауап берейік
Сұрақтар:
1. Әбілқайыр хандығы қай ұлыстың жерінде құрылған? Әбілқайыр ханның билік құрған жылдары.
2. Әбілқайыр хандығының этникалық құрамы туралы не білесін?
3. Хандықтың әлсіреуіне қандай себептер болды?
4. Әбілқайыр хандығының жер аймағы және астаналары туралы не білесін?
5. Қазақ хандығының құрылуына Әбілқайыр ханның әсері тиді ме?
Ыстық орындық
Сыныптың алдына шығып орындыққа 1 оқушы отырады, қалған оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қояды.
Бағалау
"Хан -Тәңірі" шыңы
Оқушылар өздерін бағалайды
Кері байланыс
"Кемпір қосақ"
Мен енді жасай аламын ...
Мен бүгін не үйрендім ....
Маган қиындық туғызған тапсырма ...
Мен бүгін қай тапсырманы сәтті орындадым ....
Мен үшін қызықты болды ...
Мені не таңғалдырды ...
Мен бүгін не білдім ....
Үйге тапсырма: §33
Махатбек асем
Жақсы
Жазира
Тест жауаптары барма