Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебі
Нуртаева Айнаш Аленовна
Мақсаты:
1. Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, тарих пәніне деген қызығушылықты ояту.
2. Оқушылардың тарихи ой-өрісін дамыту.
3. Оқушыларды шапшаңдыққа, алғырлыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, « Ел ертеңі-білімді ұрпақ»
Қатысушылар: 10-11 класс командалары
Қызмет көрсетуші: 8 «А»класс оқушылары (Ойын барысында оқушыларға балмұздақ таратылады, «Мерекелік шашу» торты сыйға беріледі)
Ойын жоспары:
І. Командалардың таныстыруы
ІІ. Сайыс тапсырмалары:
«Мәңгі ұмытылмас салаты»
«Тарихи винегрет»
«Біздің столдан сіздің столға»
«Тарихи рулет»
«Жемістер» ассортиі
«Қаймақпен көпіршітілген «Балмұздақ» дессерті
«Мерекелік шашу»
ІІІ. Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау.
Сайыс барысы:
1-жүргізуші: Саламатсыздар ма оқушылар!
Кешімізді біз бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ-қазыларды шақырайық!
2-жүргізуші: Олар: (Әділ-қазылармен таныстыру)
Құрметті әділ-қазылар, сіздерден кафенің «бухгалтерлік мекеме» деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңыз сұралады.
1-жүргізуші: Қымбатты тарих пәнінің жанкүйерлері мен осы залға жиналған кафе қонақтары! Бүгінгі « Тарихи кафеге» қош келдіңіздер. Біздің кафеде бүгін тарих ғылымының алғырлары, тапқырлары күш сынасады. Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар. Ендеше, олармен таныс болыңыздар.
2-жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар,
«Әл-Фараби» тобын, халайық
Қол соғып қарсы алайық!
Ортаға 10 «А» класс қомандасы шығады.
1-жүргізуші: Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты деп
10 «Ә» класс оқушыларынан құралған «Геродот» тобын қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: Асып әсте саспайтын,
Батыл қадам бастайтын,
Еркін билеп барынша
Жарыстан бір қашпайтын.
11 « А» класының «Алаш» тобын шақырамыз!
1-жүргізуші: Құрметті кафе қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столға жайғасыңыздар. Сіздер біздің кафеде уақыттарыңызды қызықты да, мазмұнды өткізесіздер деп сенім білдіреміз. Кафе мәзірінен ыстық және салқын тағамдарды, сонымен бірге тіл үйіртетін, мәңгі есіңізден кетпес, десерт пен сусындарды таба аласыз. Сонымен бірге, біздің кафеде өз қызметін көрсететін, ас мәзірін ұсынатын даяшылар мен бармендер әрқашанда сіздердің қастарыңыздан табылады. Ендеше, астарыңыз дәмді болсын!
2-жүргізуші: Құрметті кафе қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендіктерізді білгіміз келеді. Өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.
(Бұл бөлімде таныстырумен қатар, әр топ өздері дайындаған команда атына сәйкес газет немесе слайдтарымен таныстырады)
1-жүргізуші: Сонымен ортаға:
1. «Әл-Фараби» командасы
2. «Геродот» командасы
3. «Алаш» командасы (әр топ өздерін таныстырады)
Таныстыру сайысы бойынша сөз кезегі әділ-қазы алқасына беріледі.
2-жүргізуші: Ал енді құрметті көрермендер! Нақты сайысымызды бастайық.
1-сайыс. Қымбатты кафе қонақтары! Біз сіздерге кафенің аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын «Мәңгі ұмытылмас» салатын ұсынамыз. Бұл салат сіздердіңғ бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға кезектесіп сұрақтар қойылады. Егер бір команда сұраққа жауап бере алмаса, онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады. Дұрыс жауап 1 балмен есептелінеді
Сұрақтар:
1. Бұхар, Шаш, Бағдатта білім алып, өмірінің соңғы жылдарын Дамаскіде өткізген, қазақ даласында туған энциклопедист ғалым?
2. Түркі тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын зерттеген, «Түркі тілдерінің сөздігін» жазып қалдырған белгілі ғұлама?
3. Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып, қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан?
1. Түрік қағанатының негізін қалаған тұлға?
2. ХІХ ғасырдың 50 жылдарында Сыр бойы қазақтарының азаттық күресін басқарған батыр?
3. 1960-1980 жж. есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал этнограф, академик-ғалым?
1. « Арабша, тәжікше кітаптар көп. Бұл біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп өз еңбегін түрік тілінде жазған ғұлама?
2. ХVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығын билеген хан?
3. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін «Туысқандық, теңдік және бостандық күні туды» деп жазған кім?
1-жүргізуші:
2-сайыс. Қадірменді қонақтар! Сіздерге келесі кезекте «Тарихи винегрет» салаты ұсынылады. Даяшылар ұсынған астан алып отырыңыздар. Сіздерге ұсынылған тағамда бейнеленген әріптер бойынша құрақ қойылады. Қойылған сұрақтың жауабы сіз таңдаған әріптен басталады. Кәне, кім тапқыр екенін білейік. (Әліпбидегі кеспе әріптер үш подносқа бөлініп салынып, ойыншыларға ұсынылады. Ойыншы бір әріпті атайтын болса, сол әріптен басталатын жауабы болатын сұрақ қойылады)
А - Қазақстандағы ең ежелгі қала? (Арқайым)
Ә - Қазақстандағы қола дәуірін зерттеген ғалым? (Әлкей Марғұлан)
Б - 100 метр қашықтыққа ұшатын, орақ тәріздес қару? (Бумеранг)
В - 1993 жылы 15 қарашада болған уақиға? (Валюта енгізілді)
Г- Сақтарды «Әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық» деп есептегендер? ( Гректер)
Ғ - 100 жыл өтпелі кезеңді қалай атайды? (Ғасыр)
Д - Адалдыққа, имандылыққа, даналыққа шақырған Ахмет Йассауидің еңбегі? (Диуан-и-Хикмет)
Е - ХІІІ ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме? (Еркін, кезбе)
Ж - Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалаған жер? (Жетісу)
З - «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» жинағының авторы? (Затаевич А. В)
И - Қожа Ахмет Йассауи дүниеге келген қала? (Испиджаб)
Й - «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларының авторы? (Йолығ-тегін)
К - 1837-1847 жж. болған ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі (Кенесары)
Қ - Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері Дулатидің жазуынша қай жер? (Қозыбасы мен Шу аймағы)
Л - 1959 жылы М. Әуезовке «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін берілген сыйлық? (Лениндік сыйлық)
М - Малды қолға үйрете бастау қалыптасқан кезең? (Мезолит)
Н - Сегіз тайпа бірлестігі? (Найман)
Ң - 1993 жылы белгіленген ҚРҚК әскері құрамының жоғары офицерлері, ҰҚК, ІІ органдар басшыларына берілетін орден? (Даңқ ордені)
О - Шыңғысхан әскеріне 6 ай берілмеген қала? (Отырар)
Ө - 1720 жылы Ертіс өзені бойына салынған әскери бекініс? (Өскемен)
П - Тік жүретін адам өкілі? (Питекантроп)
Р - Шөлдеп келе жатқанда қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін,оны «айран» деп атайтынын жазған саяхатшы? (Рубрук В.)
С - Ақ Орданың астанасы болған қала? (Сығанақ)
Т - «Жеті Жарғы» заң жинағы қай ханның кезінде шықты? (Тәуке ханның)
У - 1867-1868 жж реформаға сәйкес облыстар неге бөлінді? (Уездерге)
Ұ - Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп табынған: (Ұмай анаға) Ү- Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты белгілеген? (Үркер)
Ф - Крамоньондық адам қай жерде табылған? (Франциядан)
Х - Парсы деректері бойынша сақтардың сусын дайындайтын тобы? (Хаомаварга)
Һ - ҚР сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден? (Халық қаһарманы)
Ц - Орта ғасырлардағы қалалардың негізгі, билеушілер тұратын бөлігі? (Цитадель)
Ч - Үйсіндердің астанасы? (Чигучен)
Ш - Әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірін ұсынған қазақтың ағартушы-ғалымы? (Шоқан Уәлиханов)
Ы - 1731 жылы орыс елшілері келгенде Әбілқайыр ханның ордасы қай жерде болды? (Ырғыз өзенінің бойында)
І - Шыңғыс әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер қалай аталды? (Інжу)
Э - Металдан жасалған құралдарды игере бастаған дәуір? (Энеолит)
Ю - Халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстардың бірі? (Ою)
Я - Түркістан қаласының көне атауы? (Яссы)
2-жүргізуші:
3- сайыс. Келесі кезекте әр команда өздерімен қафеде бірге көңіл көтеріп көрші столда отырған қонақтарға ас сыйлауы керек. Ол сыйлық – «Біздің столдан сіздің столға» деп аталады. Бұл ұсынылған астан алу үшін әр команда үй тапсырмасы ретінде әзірлеп келген қызықты да тартымды сұрақтарын кезектесіп қоюы керек. (Әр қоманда 3 сұрақтан әзірлейді) Әр команданың даярлаған сұрақтарын даяшылар таратып шығады.
1-жүргізуші:
4-сайыс. Ендігі кезекте сіздерге «Тарихи рулет» ұсынылады. Даяшылар ұсынған астан алып отырыңыздар. Ол үшін орны ауыстырылып берілген әріптерден тарихқа қатысты сөздер құрастыру және мағынасын айту керек. Ойлануға 3 минут уақыт.
Таратылатын сөздер: Панитептрок, молтикир уногьм, тирауаргха, нолите, тзмиемто, шантау, сагмасет, форерма, хеоаргияло, бекрелкеб, полоантрогия. (әрбір дұрыс жауап 3 балмен есептелінеді)
Қомандалар уақыт бітті. Жауаптарыңызды даяшыларға берулеріңіз сұралады. (Даяшылар әділ-қазыларға жауаптарды апарады.)
2-жүргізуші:
5-сайыс. Бас аспазшы сіздерге «Жемістер» ассортиін ұсынады. Сіздерге ұсынылған ассорти бөліктерінен әр команда 1 минутта сөйлем құрастыру керек. (Жауап 5 балмен бағаланады)
10 «А»класына: «Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайы 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Алматы қаласында болды. Құрылтай қарсаңында дүниежүзіндегі барлық қазақтардың саны 10 млн.537 мыңға жетті. Оның 3,5 млн-ы әлемнің 40-тан астам елінде өмір сүреді. Құрылтайға әлемнің 13 елінен 800-ден астам дүниежүзі қазақтары қатысты. (Құрылтай туралы слайд көрсету)
10 «Ә» класына: «Қоғамдық–әлеуметтік және мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер, ұлт мәселелерінің шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп, 1986 жылғы оқиғаның шығуына алып келді. Республиканың бірінші басшысының ауыстырылуы, наразылықтың ашық қарсылық түрінде көрініс беруіне түрткі болды. Бейбіт шеру күшпен басылғанннан кейін, жаппай жазалау басталды. Қ. Рысқұлбековтың бейнесі Қазақстан жастарының еркіндік күресінің рәмізіндей ерекше көзге ілінді. (« Желтоқсан оқиғасы» туралы слайд көрсету)
11 «А» класына: «Республика Президентінің 1995 жылғы қыркүйектегі жарлығы бойынша, ел астанасының Ақмолаға көшетіні хабарланды. Астананы ауыстырудың аса салмақты экономикалық,демографиялық, саяси себептері болды. Ақмола еліміздің географиялық орталығына, коммуникациялық байланыстарды жүзеге асыруға тиімді; екіншіден Қазақстанның солтүстігіндегі демографиялық ахуалды оңды бағытта өзгертуге қызмет етеді; үшіншіден Ақмола мемлекетіміздің стратегиялық мүдделеріне жауап беріп, ұлт қауіпсіздігін нығайтуға қызмет ететіні айтылды.» ( Астана туралы слайд көрсету)
2-жүргізуші:
6 –сайыс: Енді құрметті қонақтар сіздерге «Қаймақпен көпіршітілген балмұздақ» десертін ұсынамыз. Сіздер берілген жылдардағы тарихи оқиғаларды дұрыс табуларыңыз керек. Әрбір дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.
10 «А» командасына: Б.з.б. 12-5 мыңжылдықтар, Б.з.б. 519 жыл,.1218 жыл; 1836-1838 жж; 1990 ж. 25 қазан;
10 «Ә» командасына: Б.з.б. 2800-б.з.б.900 жж; 552-603 жж; 1783-1797 жж; 1822 ж; 1991 ж.21 желтоқсан;
11 «А» командасына: Б.з.б VIII- б.з.VI ғ; 942-1212 жж; 1511-1518 жж; 1643 ж; 1979 ж;
1-жүргізуші:
7 –сайыс: Құрметті қонақтар! Кафе әкімшілігі сіздерге әлі де осы кафеден басқа кафелерге кетіп қалмай біздің аспазшыларымыз ұсынған тағамдарды жақсы бағалап отырғандарыңыз үшін өз ризашылықтарын білдіреді. Осы құрметтеріңіз үшін кафе әкімшілігі сый-құрмет ретінде «Мерекелік шашу» тортын ұсынады. Тортты кесуден кім шеберлік көрсетер екен? Ол үшін сіздер берілген сұраққа санмен жауап беріп, тортты сонша бөлікке бөлесіздер. (Даяшылар әр столға торт апарады)
10 «А» класына: Қазақсандағы 1954 жылы тың игеру жүргізілген облыстар саны? (6)
10 «Ә» класына: Қазақ хандығының құрылымы неше сатыдан тұрады? (7)
11 «А» класына: 2004 жылы «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының неше томы жарық көрді? (5)
2-жүргізуші: Құрметті кафе қонақтары! Сіздердің құрметтеріңізге кафе қызметкерлері әзірлеген барлық тағамнан бас тартпай, қадірлі қонақ бола білгендеріңіздің құрметіне және шынында да кафеде отырғандарыңызды сезіндіру үшін мектебіміздің сүйікті әншісі Қуаңбай Шынболат орындауында жандарыңызды жадыратар бір ән ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,
Ал қазір әділ-қазы сөз алады
Кешіміздің жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
ІІІ. Қорытынды. Жеңімпаздарды марапаттау, сыйлықтар беру.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі