Атырау қаласы, Ақсай селосы
Жалпы білім беретін Б.Момышұлы атындағы
№25 орта мектептің шағын орталық тәрбиешісі
Мансурова Айгул Буранкуловна
Тақырыбы: Біз бақытты баламыз
Мақсаты:
«Бақыт», қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру;
Адами қасиеттерін дамыту;
Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Слайд, шарлармен безендіру;
Жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біздің бүгінгі «Біз бақытты баламыз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол – балалық шағы. Ата-анасының жанында, ұйқысы қанық, қарны тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайталанбас сағынышқа толы кезеңі – бақытты балалық шақ.
- Қош келіпсіз, құрметті қонақтар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Балғын шақты біз бақытты балалар! – дей келе, « Біз бақытты баламыз» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
Олай болса, балалар, қонақтармен амандасып алайық.
- Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Үлкендерді көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
Жүргізуші: Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің тәп-тәтті, сүйкімді сыңғырлаған дауыстарымен айтылатын тақпақтарын тыңдайық.
Ажар:
Достармен бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз?!
Ислам:
Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып.
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт.
Сезім:
Балаларға сол бақыт,
Болса Отаным аман-сау.
Басын бұлтқа байлатып,
Тұрса биік Алатау.
Гүлім:
Күлім қағып көкте күн,
Тал шыбықтай көктедім.
Әлдилейді апамдай,
Мейірімді мектебім.
Б.Айару:
Өсіп оймен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз оқушы боламыз.
Арсен:
Балалық шақ – балғын шақ,
Өмірдің өзі болашақ.
Балалық шақ шектеулі,
Ойнайтын кезде асыр сап.
Әбубәкір:
Балалықтың шаттығы,
Ештеңеге жетпейді.
Үлкен болып өскенше,
Ол жаныңнан кетпейді.
Мақсат:
Қайта оралып келмейтін
Балалық шақтың қызығы
Мектеп те қайта келмейді
Қоңыраудың сыңғыры,
Темірлан:
Суға түсіп жазда арық жағалап,
Үлкендерді ойнашы деп мазалап.
Сөз түсінбей еркеленіп бәріне
Тау мен тасты әр күн сайын аралап.
Ильяс:
Балалық шақ ұмытылмас қызықты,
Ол қызықты кімдер бұзып сызыпты.
Естеліктер еске салып күлдірер,
Дәл сол шақтар қуанышты, қызықты.
Олжас:Ғ:
Бейбіт елдің ұланы
Оттай лаулап жанамыз,
Бұл бақыттың ұланы,
Біз бақытты баламыз.
Ақжарқын:
Айтқан тілді аламыз
Үлкендерді сыйлаймыз
Тентек бала болмаймыз
Таңда ерте тұрамыз
Олжас Б.:
Беті қолды жуамыз
Кір қоңдарды қуамыз
Біз ұқыпты баламыз
Кесте тоқып, сурет салып
Біз шебер де боламыз.
Бекзат:
Тақпақ жаттап,ән айтып,
Біз өнерпаз боламыз
Біз осындай боламыз
Біз бақытты баламыз.
Фатима:
Сәби күндер, бала күндер баяғы,
Қайдан енді бізге құшақ жаяды.
Үйге кірмей, ойынға да тоймастан,
Жепте кейде алар едік таяқты.
Мұғалім түсіндірмесі:
Сонымен, бақыт дегеніміз біздің балалық шағымыз, өмір сүріп жатқан ортамыз, отбасымыз. Балалық шақта асыр салып ойнаймыз, мектепке барамыз. Мектепте ең қызықты күндеріміз өтеді.
Сахналық көрініс.
Жүргізуші:
Шағын ортаңғы «А» тобының Бисен Әбубәкір мен Жақсығали Сезім өнерін тамашалайық.
Сейфолла Оспановтың «Бақыт деген не өзі?»
Сезім: Айтшы білсең егер де,
Бақыт деген не?
Әбубәкір: Бақыт деген, шырағым
Мынау әсем тұрағың.
Ну ормандар, гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны
БАҚЫТ- дәні далаңның.
«Ботам» деуі әжеңнің,
Тыныштығы әлемнің.
Сезім: Қайда бақыт мекені,
Қалай оған жетеді?
Әбубәкір: Адал еңбек етесің
Сонда ғана жетесің.
Сезім: Көрінбейтін көзіңе,
Сонда оның өзі не?
Әбубәкір: Бақыт деген, сөзім шын
Айналайын, өзіңсің!
Хор. «Қошақаным».
Жүргізуші: Балалар, қалай ойлайсыңдар, «Бақытты бала» деп кімді айта аламыз?
Күтілетін нәтиже:
- Өз отбасы бар
- Достары көп
- Денсаулығы мықты
- Арманы орындалған баланы
Жүргізуші:
- Иә, ойларың дұрыс, балалар.
- Балалар, денсаулық демекші, біздің бақытты болуымыздың ең бастысы – спорт.
Жүргізуші: Бақыт деген не? тақырыбын тағы да бүлдіршіндер өз тақпақтарын айтып толықтырмақшы. Ал,ендеше құлақ салып тыңдайық.(тақпақ айту)
Қ.Айару:
Ең бірінші бақытым халқым менің,
Соған берер ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нақым менің.
Дидар:
Ал екінші бақытым тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсемде,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Гүлназ:
Бақытым бар үшінші Отан деген,
Құдай деген кім десе Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.
Гузель:
Жылай қалсақ жұбанамыз,
Ақыл тыңдап, тіл аламыз,
Біз тәртіпті баламыз!
Таңда ерте тұра аламыз,
Беті қолды жуа аламыз,
Біз ұқыпты баламыз.
Сейілхан:
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан – ортақ үйіміз ,
Көңілді ән мен күйіміз.
Али:
Үлкендерді сыйлаймыз біз,
Үй тазалап жинаймыз біз,
Біз қолқанат баламыз!
Домбыра да тарта аламыз,
Өлеңді де айта аламыз
Біз өнерпаз баламыз!
Юнус:
Мен бақытты баламын,
Таудай болып талабым.
Білімді оқушы боламын деп,
Мектебіме барамын.
Ы.Айару:
Музыка деген сабақта,
Ән айтып би билеймін.
Өтірікті, жалқаулықты,
Салақтықты сүймеймін.
Біз әдепті баламыз,
Жайнай берсін даламыз.
Табиғатқа қамқор боп,
Сүйіспеншілікпен қараймыз.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде тұрған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
Жүргізуші: Өте жақсы, балалар, өмірде қуанышты сәттерің көп болсын!
Би. Шағын ортаңғы топтың оқушылары: Али-Гулим. Ислам–Қ.Айару. Ғ.Олжас-Ажар. Б.Олжас-Фатима. Мақсат-Гузель.
«А» тобының бишілері «Вальс» биімен.
Қорытынды:
- Сонымен бақыт дегеніміз - ой арманның орындалуы, қуанышты сәттердің көп болуы, біздің әсем тұрағымыз, деніміздің саулығы, бейбіт өміріміз, жанұяның татулығы, береке, бірлігі. Ең бастысы балалық шағымыз екен.
- Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар осымен бүгінгі Біз бақытты баламыз атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне де келіп жетті. Қош сау болыңыздар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі